Ақсақ қаз (ІІ нұсқа)

Жазғы жасыл жайлаудың көз құртын тартар сәнінің бірі – көл жағалай, өзенді бойлай жүретін, жайлау төсін думанға бөлеген қаз болса керек. Ақ қанат балапандарын артынан ертіп, өзіне тән үнімен өмір әнін шырқаған бір топ қазға ат мініп, ел қыдырудан басқа шаруасы жоқ мергенсымақ жігіттің көзі түседі. Ол бейғам жүрген қазд...

Қазақша
Ақсақ қаз (ІІ нұсқа)
Жазғы жасыл жайлаудың көз құртын тартар сәнінің бірі – көл жағалай, өзенді бойлай жүретін, жайлау төсін думанға бөлеген қаз болса керек. Ақ қанат балапандарын артынан ертіп, өзіне тән үнімен өмір әнін шырқаған бір топ қазға ат мініп, ел қыдырудан басқа шаруасы жоқ мергенсымақ жігіттің көзі түседі. Ол бейғам жүрген қаздың шырқын бұзып, шырапатын шығаруды ермек санайды, ерлік көреді. Қазды атып олжалауды армандаған жігіт, бір күні мылтығын алады да, көл жағалай бірі ұшып, бірі қонып өз қызығына масаттанып жүрген қаздарға бет түзейді. Қамыс жиегін паналай келген мергенсымақ қазға оғым дариды-ау деген межелі жерге тоқтайды да, бір топ балапанын артынан ерткен ене қазды қарауылға алады. Балапандарының тәй-тәй жүрісін қызықтап тұрған қаздың тұрысы жігіт дегбірін қоздырады. Мылтық даусы тарс ете түседі де, ойында қуаныштан басқа ештеме жоқ ене қаз қанатын қағып-қағып жіберіп, ұшарға дәрмені жоқ екенін білгеннен кейін көлге түсіп жүзе жөнеледі. Жаңа ғана қанатын қомдап жүрген балапандар шулай ұшып аралға өтіп кетеді. Ене қаз да аралға ілінеді. Қазды қанжығасына байламаса да, оғы тигеніне масаттанған жігіт атына мініп, ауылға тартады. Балапандарын ертіп аралды мекендеген, ұшарға дәрмені жоқ ақсақ қаз уайыммен солады. Күн артына күн келіп, күз болады. Құс қайтады. Барлық құс сәнді сап құрып, ән маржанын төгілтіп, оңтүстікке бет алғанда, бейшара болған ақсақ қаз ғана мұң мен зарын төгіп үйірінен айырылып аралда қала береді. Күйші ақсақ қаздың осы мұңын күйге қосқан екен дейді.
Ағылшын
Lame Goose (Version II)
One of the eye-catching beauties of the summer green pasture is the geese that walk along the lake and river, filling the pasture with their lively presence. A young man, who has nothing else to do but ride horses and wander around the village, notices a group of geese singing their life song with their distinctive voices, leading their white-winged chicks behind them. He considers it a pastime to disrupt the carefree geese and finds it heroic. Dreaming of shooting a goose, one day he takes his gun and heads towards the geese that are flying and landing by the lake, lost in their own joy. The young man, hiding by the reeds, stops at a spot where he thinks he can shoot the goose and takes aim at a mother goose leading her brood of chicks. The sight of the goose, who is admiring her chicks' first steps, stirs the young man's excitement. The gunshot rings out, and the mother goose, realizing she has no strength to fly after the shot, plunges into the lake and swims away. The chicks, who were just fluffing their wings, flutter and fly over to the island. The mother goose also makes her way to the island. Although the young man does not tie the goose to his saddle, he rides away, satisfied that he has hit his target. The old, flightless goose, who has lost her chicks to the island, withers away in sorrow. Days pass, and autumn arrives. The birds return. As all the birds form a beautiful line and sing their melodious songs heading south, only the unfortunate old goose remains behind, lamenting and mourning her lost flock on the island. It is said that the musician has turned the old goose's sorrow into a melody.