Еркеатан (ІІ нұсқа)

Баяғыда шал мен кемпір болады. Олардың жалғыз қызы, мал дегенде, боталаған түйесі бар екен. Қыз бала ерке атанға бауыр басып, әбден үйренісіп кетеді. Күндердің күнінде қыз бой жетіп, оған құда түсіп, қыз ұзату рәсімі басталады. Ол уақытта қызға: «Не қалайсың?» – дейді екен. Сонда қыз: «Кішкентайдан бірге өскен ерке ата...

Қазақша
Еркеатан (ІІ нұсқа)
Баяғыда шал мен кемпір болады. Олардың жалғыз қызы, мал дегенде, боталаған түйесі бар екен. Қыз бала ерке атанға бауыр басып, әбден үйренісіп кетеді. Күндердің күнінде қыз бой жетіп, оған құда түсіп, қыз ұзату рәсімі басталады. Ол уақытта қызға: «Не қалайсың?» – дейді екен. Сонда қыз: «Кішкентайдан бірге өскен ерке атанды қалаймын», – дейді. Бірақ, әкесі «малымның басы» дей ме, әйтеуір, атанды қимайды. Сонымен, қыз әке-шешесін, елін, жұртын тастап сыңсуға салып кете барады. Қызға әбден үйреніп, бауыр басқан ерке атан қыздың көшінің артынан жүгіріп бара жатып дарияға түсіп кетеді. Сүйікті жануарына жаны ашыған қыз: «Әке-ке-ау, әке-ке-ау, ерке атан кетті, қайтейін», – деп жылайды.
Ағылшын
Erkeatan (Version II)
Once upon a time, there was an old man and an old woman. They had a single daughter, and when it came to livestock, they had a calf that was a pet camel. The girl became very attached to the pet camel and got used to it completely. One day, the girl grew up, suitors came to ask for her hand, and the wedding ceremony began. At that time, they would ask the girl, "What do you want?" The girl replied, "I want the pet camel that I grew up with since childhood." However, her father, referring to it as "the head of my livestock," did not want to part with the camel. So, the girl left her parents, her village, and her people, singing a lament as she went away. The pet camel, having become very accustomed to the girl, ran after her as she left, but fell into the river. The girl, feeling sorry for her beloved animal, cried out, "Oh father, oh father, the pet camel is gone, what should I do?"