Қазақша
Шал мен өлім
Бишара шал ормандағы ағаштан бір арқа шөпшек отын алып, үйіне қайтты. Шал шаршады, отынды үйіне алып баруға шамасы келмей, шал арқасындағы отынды жерге тастап, айтты:
—Е, Құдайым, мұндай өмір бергенше, маған өлім берсейші,—деді.
Өлім шалға келіп, сөйледі:
—Не үшін мені шақырдың, шал? Шал өлімнен қорқып айтты:
—Маған мынау отынды көтеруге жәрдем берер ме деп, шақырып едім…