Желмая (ІІ нұсқа)

Халықтың айтуына қарағанда, Қорқыт деген аттың қойылуы кездейсоқ емес көрінеді. Қорқыт туған кезде жиналған жұрт бала орнына пішінсіз «құбыжықты» көріп, қорқып қашады. Анасы бала туғанын сезіп, пішінсіз «құбыжықтың» қабығын жарып жібергенде, жылаған баланың даусы естіледі, әлгі қорқып қашқандар қайта келіп, бұл баланың...

Қазақша
Желмая (ІІ нұсқа)
Халықтың айтуына қарағанда, Қорқыт деген аттың қойылуы кездейсоқ емес көрінеді. Қорқыт туған кезде жиналған жұрт бала орнына пішінсіз «құбыжықты» көріп, қорқып қашады. Анасы бала туғанын сезіп, пішінсіз «құбыжықтың» қабығын жарып жібергенде, жылаған баланың даусы естіледі, әлгі қорқып қашқандар қайта келіп, бұл баланың атын «Қорқыт» қою керек деседі. Бір заманда біреулер түсінде Қорқытқа: «Қырық-ақ жыл жасайсың!» – деп аян беріп кетіпті, содан кейін Қорқыт желден жүйрік Желмаяны жазылап мініп, мәңгілік өмір іздеп шығады. Әлемнің бүкіл елдерін аралап, бәрінде де өлім бар екенін көрген соң, Сырдарияға қайтады. Желмаясын құрбандыққа шалып, өзі судың үстіне кілем төсеп отырып, Қорқыт қобызымен өмір әнін шығарыпты. Осы ән айтылып тұрған кезде өлім Қорқытқа жақындай алмайтын болыпты. Қалжыраған Қорқыт бір мезет қалғып кеткенде, ажал оны жылан болып шағып, өлтірген екен. Бірақ Қорқыт күйі ажалмен айқасын тоқтатқан емес. Күй тартылған жерге ажал бара алмайды-мыс. Сол заманнан бастап Қорқыт бейнесі өмір үшін өлімге қарсы күреспен байланысты.
Ағылшын
Zhelmaya (Version II)
According to the people, the naming of Qorqyt does not seem to be a coincidence. When Qorqyt was born, the gathered crowd saw a shapeless "monster" instead of a child and fled in fear. His mother, sensing that she had given birth, broke the shell of the shapeless "monster," and the sound of a crying baby was heard. Those who had fled returned and said that this child's name should be "Qorqyt." Once, some people had a dream in which Qorqyt was told, "You will live only forty years!" After that, Qorqyt rode the swift Wind Horse and set out in search of eternal life. After traveling through all the countries of the world and seeing that death existed everywhere, he returned to the Syr Darya. He sacrificed his Wind Horse and sat on a carpet laid on the water, playing the life song on his qobyz. While this song was being sung, death could not approach Qorqyt. When the exhausted Qorqyt dozed off for a moment, death bit him like a snake and killed him. However, Qorqyt never stopped his struggle against death. It is said that death cannot approach where music is played. Since that time, the image of Qorqyt has been associated with the struggle against death for life.