Тарғыл тана

Қорқыттың Желмаясы астында, қара қобызы қолында үнемі ел аралап, адасқанға жөн сілтеп, аңырғанға ақыл беріп, сәуегейлік құрады екен. Төңірегіндегі көзі көріп, көңілі түскенді қобызына күй етіп қосып, алдағыны қырық жыл бұрын болжайтын болыпты. Күндердің бір күнінде ақ сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіреген бір әули...

Қазақша
Тарғыл тана
Қорқыттың Желмаясы астында, қара қобызы қолында үнемі ел аралап, адасқанға жөн сілтеп, аңырғанға ақыл беріп, сәуегейлік құрады екен. Төңірегіндегі көзі көріп, көңілі түскенді қобызына күй етіп қосып, алдағыны қырық жыл бұрын болжайтын болыпты. Күндердің бір күнінде ақ сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіреген бір әулие Қорқытқа түсінде аян береді: «Уа, Қорқыт, сен өлімді аузыңа алмасаң, саған еш уақытта өлім жоқ!» – дейді. Қорқыт осы сөзді өңінде естігендей болып оянады да, «Тәңірінің бұл да бір сыны болар» деп көкейіне түйіп алады. Содан жылжып жылдар, сырғып күндер өтеді. Ақ сақалды, ақ таяқты әулиенің айтқан өсиетін естен шығармай, өлім туралы сөзді аузына алмай, қобызын тартып, ел аралап жүріп жатады. Бірде Желмаясының бұйдасын тартып, бел жазып отырса бір ауылдың тайлы-таяғы қалмай жабылып қашаған өгізді қайыра алмай жүргенін көреді. Сол жерде Қорқыт Желмаясына міне салып, қашаған өгізді қайырып бермек болады. Бірақ өгіз Қорқыттың Желмаясына да бой бермейді. Қуа-қуа әбден титықтап шаршайды. Сонда Қорқыт: «Қап, саған өлсем де жетпей қоймаспын!» – деп Желмаясын тебіне түседі. Осы сөзді айтуы мұң екен тарғыл тана тасқа айналып, қатып қалады. Тасқа айналар алдында тарғыл танаға тіл бітіп: Менің өзім қара едім, Қарадан туған ала едім. Туған жерім – Қазалым, Мына тау болды-ау ажалым! – деп дөңбекши ыңыранған екен. Сол жерде өлім туралы сөздің аузынан шығып кеткеніне Қорқыт қатты өкініп, мұңға батады. Бірақ болар іс болды, енді тағдырдың жазуынан қашып құтылудың амалын ойлайды. Сөйтіп, Желмаясын желдіріп, дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Осы оқиға Қорқыттың қобызына «Тарғыл тана» деген күй болып шалынған екен.
Ағылшын
Spotted nose
Under the saddle of his Желмая, with his black kobyz in hand, Korkyt would constantly travel among the people, guiding the lost, advising the confused, and making prophecies. He would turn the sights and feelings of those around him into melodies on his kobyz, predicting the future forty years in advance. One day, an old sage with a white beard down to his waist and a white staff reaching the sky appeared to Korkyt in a dream, saying: "O Korkyt, if you do not speak of death, you will never face death!" Korkyt awoke as if he had heard these words in reality and thought to himself, "This must be a test from the Creator." As years passed and days slipped by, he did not forget the sage's advice, refraining from speaking of death, and continued to play his kobyz while traveling among the people. One day, while resting and pulling the reins of his Желмая, he saw a village where not a single calf or foal was left, as they were all fleeing from a runaway bull. There, Korkyt mounted his Желмая and decided to turn the runaway bull back. However, the bull would not yield to Korkyt's Желмая either. After a long chase, both Korkyt and the bull were exhausted. Then Korkyt exclaimed, "Ah, I will not let you escape even if I die!" As soon as he said this, the speckled bull turned to stone and froze. Before turning to stone, the speckled bull spoke: I was black myself, Born from the black. My birthplace is Kazaly, This mountain has become my death! – and it groaned as it rolled. At that moment, Korkyt deeply regretted that the word of death had escaped his lips and fell into sorrow. However, what was done was done, and he began to think of a way to escape the writing of fate. Thus, he urged his Желмая and set off to roam the four corners of the world. This event became the melody called "Speckled Bull" played on Korkyt's kobyz.