Ақсақ құлан (ІV нұсқа)

Қылышынан қан тамған Шыңғыс хан шолғыншы ұстайды екен дейді. Дүниенің төрт тарабындағы жаңалықты сол шолғыншылар хан ордасына жеткізіп тұрады екен. Күндердің күнінде шолғыншылардың бірі әдеттегідей көргенін айтып келеді. «Осындай, «Саруалының арығы» деген жерде болдым. Ордалы құланның мекені екен. Маңайына ешкімді жола...

Қазақша
Ақсақ құлан (ІV нұсқа)
Қылышынан қан тамған Шыңғыс хан шолғыншы ұстайды екен дейді. Дүниенің төрт тарабындағы жаңалықты сол шолғыншылар хан ордасына жеткізіп тұрады екен. Күндердің күнінде шолғыншылардың бірі әдеттегідей көргенін айтып келеді. «Осындай, «Саруалының арығы» деген жерде болдым. Ордалы құланның мекені екен. Маңайына ешкімді жолатпайды. Маңына келгенді теуіп, таптап, шайнап өлтірердей. Әйтеуір, атымның жүйріктігінен әзер қашып құтылдым», – дейді. Сонда Шыңғыс ханның қасында отырған Жошы деген баласы: «Ой, ақсақал, адамды құлан теуіп өлтіреді дегенге сенбеймін», – депті де, өзінің сенімді деген қырық жігітін қамдап, құлан ордасына бармақшы болыпты. Қырық жігіт: «Бармай-ақ қойсаң қайтеді» деген екен, оған хан баласы көнбейді. Содан, Жошы қостанып қырық жігітін ертіп аттанып кетеді. Шолғыншының айтқанындай, Саруалының арығы құлан ойнағына айналған екен. Аң деген көздің құрты ғой, сол жерде Жошы жеңілдік үшін қызыл шекпенін киіп, қобылы садағын алып, құлан ордасына қарай қасқайып тура жүреді. Ал, қырық серігі болса жүрексініп, жабынды тасаны баспалай ілесіп отырады. Жошының қарасын көрген құлан ордасы шоқтай болып иіріледі де, ішінен бір ақсақ құлан бөлініп шығып қарсы жүреді. Сол бетінде осқырына одағайлап келіп, жерді тарпып жібергенде жер бетін сасық қара тұман басып кетеді. Осы кезде Жошының қырық серігі енді қайттік деп аңырып тұрғанда: «Қырық жігіттен қаша жүріңдер, қызыл шекпенді баса жүріңдер!» деген дауыс естіледі. Сөйткенше болмайды, аспан астын дүсірлеген көп тұяқ кернеп, алағай да бұлағай болып кетеді. Бір мезгілде тұман ашылады. Қырық жігіт андағайлап қараса, құлан да жоқ, хан баласы да жоқ. Тек қана, жердің астын үстіне шығарғандай болып, қалың құланның шұбырынды ізі жатыр. Қырық жігіт үш күн бойы сол шұбырынды ізді тінте қарап жүріп хан баласының шынашағын ғана тауып алады. Шынашақты жерлеп, хан баласына лайық күмбез тұрғызады. Содан, қырық жігіт қайғырып елге оралады. Болған істі айтуға ешқайсысының жүрегі дауалмайды. Шыңғыс хан болса жігіттердің келгенін естіп: «Менің балам аңнан оралғанда маған соғып өтуші еді ғой. Япыр-ай, балам жазым болған-ау!» – деп уайым шегеді. Жазғырар ешкімді білмей аласұрып: «Кімде- кім баламның жаман хабарын жеткезсе, көмейіне балқыған қорғасын құйылады!» – деп жар шашады. Бірақ жарлық ханға бала бола ма, сол қалпы жүрегі жамандықты сезіп, қайғырып жатып алады. Ол кездің дәстүрінде қандай қаза болса да, жетісіне дейін естірту қажет екен. Жошының жетісі тақалған сайын халық не істерін білмей ұйлығады. Сол кезде Найманнан шыққан ұлы жыршы Кетбұға деген домбырашы: «Қой, хан баласының өлімін естіртпей болмас, домбыраға тіл бітіргенім рас болса, мен барайын!» – деп, Шыңғыс ханның ордасына келеді. Келсе, хан қайғыға қамалып, теріс қарап жатыр. Кетбұға орданың ортасына тізе бүгіп, домбырасын тарта бастайды. Бұл күй «Құлан ойнақ» деп аталады. Ел ішінде «Құланның жүрісі» деп тартатын домбырашылар да бар. Әп дегенде лепілдеп, екпіндеп естілген тың сарынға Шыңғыс хан елең етіп құлақ түреді. Домбыра одан сайын лепіріп, ұлы дүбірге ұласқан сәтте Шыңғыс ханның көзі жайнап, әлдебір үміт күші сілкіп тұрғызғандай басын көтеріп отырады. Домбыра үні оның көз алдына баласы Жошының арындап, құланды қойдай қайырып жүргенін елестетеді. /Осы кезде домбыра құлан үйірінің құйындай ұйтқып жөңкілгенін, мың сан тұяқтың дүбірін білдіргендей серпи қағылады/. Шыңғыс ханның басын көтеріп алған Кетбұға енді домбырасына шымшымдап бөлек сарын, бөтен дыбыс қосып екінші күйін бастайды. Бұл күйі «Естірту» деп аталады. Әлгінде ғана аңның апшысын қуырған елес әп-сәтте сейіліп, ханның құлағына бір хабар еміс-еміс жеткендей болады. Бір уақытта домбыраға тіл біткендей: «Уа, иеміз Шыңғыс хан, балаң өлді – Жошы хан!» – деп сұңқылдай сарнап қоя береді. Сол кезде Шыңғыс ханның дауысы саңқ етіп: «Тоқтат, сенің тартар, менің естір күйім емес екен. «Балаң өлді – Жошы хан» деп тұр ғой!» – дейді. Кетбұға болса сабырмен: «Ай, тақсыр, балаңыздың өлімін өзіңіз естірткеніңіз не болғаны» – деп уәж айтады. Сонда Шыңғыс ханның мысы құрып: «Қап, мынау ауырлықты өзіме аударып кетті-ау!.. Жарайды өз жарлығымды өзім аттамай-ақ қояйын. Бірақ жаман хабардың аузымнан шығуына себепші болғаның үшін жазаланасың! Сені Айдаһарлы тауының алқымындағы айдаһар үңгірінің аузына алып барып тастайды!» – деп, нөкерлеріне әмір береді. Сол жерде хан бұйрығын қаза қылмайтын нөкерлер Кетбұғаны дедектетіп алып жүріп, айдаһар үңгірінің аузына топ еткізіп тастап кетеді. Айтқанша болмай, адам иісін сезген айдаһар ширатыла серпіліп үңгірден шығады да, лебімен тартып Кетбұғаны жұтуға оңтайланады. Сонда, басқа шарасы қалмаған Кетбұға жүрелеп отыра қалып, домбырасын көкелете сұңқылдатып, бір күйді тарта жөнеліпті дейді. Бұл күй «Айдаһарды арбау» деп аталады. Кейбір күйшілер домбыраға «көке-көке» деген сөздің ырғағын келтіре тартатын болғандықтан, бұл күйді «Көке-көке» деп те атайды. Күй сарыны естілуі мұң екен, айдаһар сұлық түсіп, иегін жартасқа сүйеп, қимылсыз қалады. Бір мезгілде күй бітеді. Сонда айдаһар манаурай қимылдап, ініне қайта кіреді де, кешікпей ат басындай алтын алып шығады. Алып шыққан алтынын «уф» деп үріп, Кетбұғаның алдына түсіреді. Осылайша, ханның қаһарынан, айдаһардың айбарынан аман қалған Кетбұға домбырашы мұратына жеткен екен. «Ақсақ құлан» күйіне қатысты үшінші аңыз Қазақстанның шығыс өңірінде айтылады. Күйдің сарын-сазы да бөлек. Бұл аңызда да баласы Жошының өлімін естіп Шыңғыс ханның ширығуы баяндалады. Ашу үстінде «қайтсеңдер де, баламды өлтірген ақсақ құланды қолға түсіріңдер!» деп әмір етеді. Содан құланды қамалап ұстау үшін Тарбағатай тауынан бастап, Іле өзеніне дейін ор қазылады. Қалың әскер ақсақ құланды қаумалап, орға тықсырып келгенде, қазулы ордан қарғып өтіп, Бетпақтың даласына шығандай шығып кеткен екен дейді.
Ағылшын
Lame Kulans (Version IV)
It is said that Genghis Khan, whose sword dripped with blood, had scouts. These scouts would bring news from all corners of the world to the Khan's court. One day, one of the scouts came back as usual to report what he had seen. "I was at a place called 'Saruvaly’s ravine.' It is the habitat of the herds of wild horses. They do not let anyone near. They will kick, trample, and chew to death anyone who approaches. I barely escaped thanks to my horse's speed," he said. Then, Jochi, the son of Genghis Khan, who was sitting beside him, said, "Oh, elder, I do not believe that a wild horse can kill a man," and he decided to go to the wild horse's lair with his forty trusted men. The forty men said, "Why don't you just stay back?" but the Khan's son would not listen. So, Jochi set off with his forty men. As the scout had said, Saruvaly’s ravine had turned into a wild horse playground. The wild animals are a pest to the eyes, and there Jochi, wearing his red cloak for ease, took his bow and confidently headed straight for the wild horse's lair. Meanwhile, his forty companions were hesitant, hiding behind the bushes. Upon seeing Jochi, the wild horse lair swirled like a flame, and an old wild horse separated from the herd and came out to meet him. It charged forward, snorting loudly, and when it stomped the ground, a foul black mist enveloped the earth. At that moment, Jochi's forty companions stood in shock, and a voice was heard saying, "Run from the forty men, charge at the one in the red cloak!" Before long, the ground shook with the thunder of many hooves, and chaos ensued. Suddenly, the mist cleared. The forty men looked around, but the wild horse and the Khan's son were nowhere to be found. Only the thick trail of the wild horses remained, as if the earth had turned inside out. The forty men searched that trail for three days and finally found only Jochi's pinky finger. They buried the finger and erected a dome worthy of the Khan's son. Then, the forty men returned home in sorrow. None of them had the heart to tell what had happened. When Genghis Khan heard that the young men had returned, he lamented, "My son would have come to me when he returned from the hunt. Oh dear, my son must have perished!" Not knowing who to blame, he cried out, "Whoever brings me the bad news about my son will have molten lead poured into their throat!" But the decree did not help the Khan; his heart sensed the misfortune, and he lay in sorrow. In those days, tradition dictated that any death must be announced within seven days. As Jochi's seventh day approached, the people were at a loss about what to do. At that moment, a great bard named Ketbūga, who came from the Nayman tribe, said, "Come on, it is impossible not to announce the death of the Khan's son. If I have the gift of music, I will go!" and he went to Genghis Khan's court. When he arrived, the Khan was engulfed in grief, lying with his back turned. Ketbūga knelt in the center of the court and began to play his dombra. This tune is called "The Wild Horse Dance." There are also dombra players who play it as "The Wild Horse's Gait." At first, the fresh melody caught Genghis Khan's attention. As the dombra played more vigorously, reaching a great crescendo, the Khan's eyes lit up, as if some hopeful force had lifted his head. The sound of the dombra conjured an image of his son Jochi galloping and herding the wild horses like sheep. /At that moment, the dombra seemed to convey the whirlwind of the wild horse herd, the thunder of countless hooves/. Having lifted his head, Ketbūga now added a different melody, a distinct sound, and began to play a second tune. This tune is called "The Announcement." Just moments ago, the vision that had stirred the hearts of the people dissipated, and it seemed that a message reached the Khan's ears. Suddenly, as if the dombra had come to life, it cried out, "Oh, our lord Genghis Khan, your son has died – Jochi Khan!" At that moment, Genghis Khan's voice boomed, "Stop! What you are playing is not the tune for me to hear. It says, 'Your son has died – Jochi Khan!'" Ketbūga replied calmly, "Oh, my lord, what is the point of announcing your son's death yourself?" At that, Genghis Khan felt a weight upon him: "Alas, this burden has fallen upon me!... Very well, I will not go against my own decree. But for being the cause of this bad news escaping my lips, you shall be punished! You will be taken to the mouth of the dragon cave at the foot of the Dragon Mountain!" – he commanded his attendants. Right there, the Khan's loyal attendants took Ketbūga and led him to the mouth of the dragon cave, dropping him there. Before long, the dragon, sensing a human presence, coiled and sprang out of the cave, ready to swallow Ketbūga with its breath. With no other option left, Ketbūga sat down on his knees, took his dombra, and began to play a tune. This tune is called "Taming the Dragon." Some musicians play it with the rhythm of the words "koke-koke," which is why this tune is also known as "Koke-Koke." As soon as the melody was heard, the dragon fell limp, resting its chin on the rock, and became motionless. When the tune ended, the dragon stirred slightly, retreated into its den, and soon emerged with a gold nugget the size of a horse's head. It blew the gold towards Ketbūga with a puff. Thus, having escaped the Khan's wrath and the dragon's terror, Ketbūga the bard achieved his goal. The third legend related to the "Old Wild Horse" tune is told in the eastern region of Kazakhstan. The melody of the tune is also different. In this legend, Genghis Khan's tension upon hearing of his son Jochi's death is recounted. In his anger, he commands, "No matter what, capture the old wild horse that killed my son!" Then, to trap the wild horse, a trench is dug from the Tarbagatai Mountains to the Ili River. When the large army surrounded the old wild horse and pushed it toward the trench, it leaped over the dug trench and escaped into the Betpak Dala steppe.