Ақсақ құлан – Жошы хан (V нұсқа)

Ертеде Жошы деген ханның үлкен баласы аңға шығып, құлан атуға барғаннан қайтып оралмапты. Баласын біраз күндер күтіп, ақыры келмеген соң, оның тірі емес екенін сезсе де, жаман хабарды естігісі келмеген хан: – Кімде-кім, менің баламның қайғылы хабарын естіртсе, соның көмейіне қорғасын ерітіп құямын, – деп халыққа жар са...

Қазақша
Ақсақ құлан – Жошы хан (V нұсқа)
Ертеде Жошы деген ханның үлкен баласы аңға шығып, құлан атуға барғаннан қайтып оралмапты. Баласын біраз күндер күтіп, ақыры келмеген соң, оның тірі емес екенін сезсе де, жаман хабарды естігісі келмеген хан: – Кімде-кім, менің баламның қайғылы хабарын естіртсе, соның көмейіне қорғасын ерітіп құямын, – деп халыққа жар салыпты. Халық ханның баласын құлан теуіп өлтіргенін біледі, бірақ әкесіне айтуға батылдары бармайды. Күндердің күнінде ел аралап жүрген бір домбырашы бұл хабарды естіп, ханның ордасына барыпты. Бірақ күзетшілерінен асып ордаға кіре алмай далада, қақпа алдында отырып, домбырасынан бір күйді күңіренте тарта беріпті. Кешқұрым саңқылдап шыққан домбыра үні сол маңайды тегіс шарлап, орда ішіндегі ханның да құлағына шалынады. Тақта мүлгіп отырған хан сәл басын көтеріп: – Мынау ненің үні? Барып біліңдерші! Егер менде шаруасы бар адам болса, мында алып келіңдер! – деп уәзірлерінің біріне әмір етеді. Уәзір әлгі домбырашыны ханның алдына алып келеді. Хан оған: – Қайдан жүрген адамсың, мында келу мақсатыңды айт! – дегенде домбырашы: – Тақсыр! Көптен көңілімде жүрген бір күйім бар еді, соны сізге сынатқалы келіп едім, – депті. – Е, олай болса домбыраңды тарт! – депті хан. Бұл сөзді естуі-ақ мұң екен, күйші домбырасының бұрауын қоңыр дауысқа салып, әрбір қағысын салмақпен қағып, бір күйді тарта беріпті. Күйдің алғашқы дыбысынан басталған қатал үн, бірте-бірте қоюланып, «мені естідің бе хан ием, қайғылы хабар айтамын» дегендей, алдын ала негізгі тақырыбынан, айтпақ ойынан хабар береді. Домбыраның күңіренген үнінен сезіктенген уәзірлерінің бірі: – Тақсыр! Мынау не дегелі отыр өзі? – дегенде, хан айнала отырғандарға, домбырашыға қарап: – Мына бастағаның, сенің тартатын, менің еститін күйім емес екен. Бірақ әдейлеп келген екенсің тарт, тарт! – депті. Ханнан ұлықсат алған домбырашы күйін боздата тартқанда, домбыраның көмейінен: Ақсақ құлан шошыған, Қырда еркін жосыған. Тынышын бұзып құланның, Оқ атты сіздің ұлыңыз, Опат болды осыдан. Хабарын соның айтуға Арып-ашып алыстан Келіп тұр мынау домбыра. Болған істің барлығын Қалдырмай түгел баяндар. Үніне оның құлақ сал, Қаумалаған, халайық, Хан бастаған жарандар! – деген қайғылы үн күңіреніп естіледі. Әсіресе домбыраның әрбір буынында: «опат болды, опат болы», – деген сөздер адам айтқандай ап-анық естіліп, қайталанып тұрады. Мұны естігенде төрде отырған хан егіліп жылайды. Ханның шешесі мен әйелі, қызы қатты қапаланып зарлайды. Домбыраның «сиқырлы сазы» мен қайғылы үнінен есі кетіп әлсіреген хан: – Ұстаңдар мына күйшіні! – деп, уәзірлеріне әмір етіпті. Сонда күйші ханға қарап: – Уа, тақсыр! Мен аузымды ашып, ештеме де айтқаным жоқ еді ғой, жазығым мына домбыра емес пе? – депті. Хан осы жерде сөзден жығылып, берген жарлығын орындау үшін «кім болса да бәрібір, қаралы хабар әкелгеннің үні өшіп, жазасын алсын», – деп домбыраның көмейіне қорғасын ерітіп құйдырыпты. Содан бастап домбыраның көмей тесігі пайда болған екен деседі.
Ағылшын
The Lame Horse – Khan Jochi (Version V)
Once upon a time, the eldest son of Khan Jochi went hunting and did not return after going to shoot a wild horse. After waiting for several days for his son, the Khan, sensing that he was no longer alive but unwilling to hear the bad news, proclaimed to the people: – Whoever brings me the sorrowful news of my son, I will pour molten lead down their throat! The people knew that the wild horse had killed the Khan's son, but they did not dare to tell the father. One day, a wandering dombra player heard this news and went to the Khan's court. However, he could not enter the court past the guards and sat outside at the gate, playing a tune on his dombra. The sound of the dombra, echoing in the evening, spread throughout the area and reached the ears of the Khan inside the court. The Khan, sitting quietly on the throne, lifted his head slightly and said: – What is that sound? Go find out! If someone has business with me, bring them here! – he commanded one of his ministers. The minister brought the dombra player before the Khan. The Khan asked him: – Who are you, and what is your purpose for coming here? – to which the dombra player replied: – Your Majesty! I have a tune that has been on my mind for a long time, and I came to present it to you. – – Well then, play your dombra! – said the Khan. As soon as he heard this, the musician tuned his dombra to a deep voice and began to play a tune with each stroke carefully. The harsh sound that began with the first note gradually thickened, as if to say, "Did you hear me, my lord? I bring sorrowful news." It hinted at the main theme and the thought he intended to convey. One of the ministers, suspicious of the dombra's mournful sound, asked: – Your Majesty! What is he trying to say? – The Khan looked at those around him and at the dombra player and said: – What you have started is not the tune you are supposed to play, nor the one I am supposed to hear. But since you have come on purpose, play on! – The dombra player, having received permission from the Khan, began to play his tune mournfully, and from the dombra's throat came: The lame wild horse was startled, Running freely on the steppe. Breaking the peace of the wild horse, Your son shot him, He perished because of this. To bring this news, This dombra has come from afar, To tell everything that happened, It will not leave anything out. Listen to its voice, Gather around, people, Noblemen led by the Khan! – The mournful voice echoed. Especially in every phrase of the dombra, the words "he perished, he perished" were heard clearly, as if spoken by a person, repeating themselves. Upon hearing this, the Khan sitting on the throne began to weep. The Khan's mother, wife, and daughter mourned deeply. Overwhelmed by the "magical sound" of the dombra and its mournful tone, the Khan commanded: – Seize this musician! – ordering his ministers. The musician then looked at the Khan and said: – Oh, your Majesty! I did not open my mouth to say anything; is it not this dombra that is to blame? – The Khan, defeated in this argument, ordered that "whoever brings a sorrowful message, their voice should be silenced and they should receive their punishment," and had molten lead poured into the throat of the dombra. It is said that from that moment, a hole appeared in the throat of the dombra.