Кербез сылқым

Әйми сұлу басы Таласта тұрғанда, менің бұрынғы күйеуімнің руында мені әменгерлікке аларлықтай жігіт туған жоқ деп қарысады. Ал Бейсенбі ел намысын өз намысым деп біледі. Ол кезде жесір кету ел-жұрт үшін үлкен қорлық саналады. «Осы ғұрлы өңмеңдейтін, жесірің кетті ме» дейтін сөздер де бар. Әймидің керейде мені алатын жі...

Қазақша
Кербез сылқым
Әйми сұлу басы Таласта тұрғанда, менің бұрынғы күйеуімнің руында мені әменгерлікке аларлықтай жігіт туған жоқ деп қарысады. Ал Бейсенбі ел намысын өз намысым деп біледі. Ол кезде жесір кету ел-жұрт үшін үлкен қорлық саналады. «Осы ғұрлы өңмеңдейтін, жесірің кетті ме» дейтін сөздер де бар. Әймидің керейде мені алатын жігіт жоқ деуі білген адамға намыс қозғайтын іс еді. Бұған шыдамаған Бейсенбі: «он бірінен ассаң да, он екісінен аса алмайсың» деп қалады. Осыны аңдып отырған сұңғыла әйел: «он екі керейдің қай бегзатын танимын. Көз алдымда өзіңіз тұрсыз, сізге мақұлмын, сіз мақұлдық берсеңіз, басымды ашам», – деп күшейді. Осы кезде қиналыста қалған Бейсенбі қасындағы жолдасы Мыңжанға: «Кербез сылқымға сөз ұстатып алғаным-ай!» – деп өкінді. Мыңжан: «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды, он екі керей кеңесінде болады» деп ақыл берді. Кейін Әйми Бейсенбіге аяулы жар болып, ел қадіріне бөленген кезде, Мыңжан би: «әуелгі сөз рахым деген, кербез сылқым көңіліңізден, домбыраңыздан ұмыт қалмасын», – деп ескертті. Жақсы жардың жағымды қылығы, нәзік сезімі «Кербез сылқым» күйін тудырып, біздің заманға ұрпақ жалғады.
Ағылшын
Graceful beauty
When Aymi was in Talas, my former husband’s clan claimed that there was no young man suitable for me to marry in their lineage. Meanwhile, Beisembi considers the honor of the people as his own honor. At that time, a widow leaving was considered a great disgrace for the community. There were even words like, “Is your widow gone?” Aymi’s claim that there was no man in the Kerey clan to take me was a matter that would provoke the honor of a knowledgeable person. Unable to endure this, Beisembi said, “Even if you surpass eleven, you cannot exceed twelve.” Observing this, the cunning woman strengthened her position by saying, “Which of the twelve Kerey nobles do I know? You are right here before me; I agree with you. If you give your consent, I will uncover my head.” At that moment, Beisembi, who was in distress, regretted to his companion Myngzhan, “I have let the graceful beauty hold me to account!” Myngzhan advised, “There is no infallible path, and no foot that does not stumble; it will be at the council of the twelve Kerey.” Later, when Aymi became a beloved wife to Beisembi and was honored by the people, Myngzhan bi remarked, “The initial word is mercy; may the graceful beauty not be forgotten from your heart and your dombra,” reminding him. The pleasant demeanor and delicate feelings of a good wife inspired the “Kerbez Silqym” tune, passing it down to our generation.