Танысаңшы

Бейсенбіге бұрыннан таныс бір домбырашы, нағашысының ауылына жолаушылай бара жатып, жол-жөнекей өрісте жатқан жылқыларды тамашалап, аралап жүрсе, сырттай күзетіп отырған ауыл адамдары одан сезіктеніп ұстап алады да, билердің алдына сұраққа апарады. Әсілі, жылқылы ауыл оның нағашыларының жамағайындары болса керек. бұл к...

Қазақша
Танысаңшы
Бейсенбіге бұрыннан таныс бір домбырашы, нағашысының ауылына жолаушылай бара жатып, жол-жөнекей өрісте жатқан жылқыларды тамашалап, аралап жүрсе, сырттай күзетіп отырған ауыл адамдары одан сезіктеніп ұстап алады да, билердің алдына сұраққа апарады. Әсілі, жылқылы ауыл оның нағашыларының жамағайындары болса керек. бұл кезде Бейсенбі де осы ауылда екен. Сұрақ үстінде Бейсенбі ұрыға баланып отырған домбырашыны қиын жағдайдан құтқару үшін, шабыттана қолына домбыра алып, бір түрлі қоңыр ырғақты күй төгеді. Әлгі домбырашы күй әуенінен «танысаңшы» деген ырғақты айқын ұғынады. Сонымен ол жалт беріп: «нағашыларымның ауылына келіп отырмын, бұлардың әр қандай жақсы ісі менің мақтанышым, арғымақ жылқыларын көргенде қуанғаннан көз алмай қарай бердім. Менің жақсы ниетімді жаманға жору жарамас» дейді. Сонымен ол сөзден ұтып, құтылып кетеді. Осылайша, ел ішіне Бейсенбінің «Танысаңшы» күйі тарап кетеді.
Ағылшын
Nice to meet you.
Once, a familiar dombra player named Beisembi was traveling to his maternal uncle's village. While wandering along the way, he admired the horses grazing in the fields. The villagers, who were watching him from a distance, became suspicious and captured him, taking him before the elders for questioning. It turned out that the horses belonged to his uncle's relatives. At that moment, Beisembi was also in the village. During the questioning, to save the dombra player, who was being accused of theft, Beisembi picked up his dombra with inspiration and played a certain rhythmic tune. The dombra player clearly understood the rhythm of "if you recognize me" from the melody. So he quickly responded, "I have come to my uncle's village, and every good deed of theirs is my pride. I was so delighted to see their fine horses that I couldn't take my eyes off them. It is not right to interpret my good intentions as bad." With this statement, he won the argument and managed to escape. Thus, Beisembi's tune "If You Recognize Me" spread throughout the land.