Ерке бұлан

Ертеректе Алтай тауларында бұғы тектес аша тұяқты, күйіс қайыратын, тұр-тұлғасы көркем, шоқтығы биік, түсі кер қызыл бұлан деген аң болған. бір кезде Бежең ауылының жігіттері Қанас өзенінің бойынан осы аңның бір бұзауын ұстап алып қолға бағады. Аңның зәбірсіз момын, тұқым жақтан сирек, киелі қоңыр аң екендігіне көзі же...

Қазақша
Ерке бұлан
Ертеректе Алтай тауларында бұғы тектес аша тұяқты, күйіс қайыратын, тұр-тұлғасы көркем, шоқтығы биік, түсі кер қызыл бұлан деген аң болған. бір кезде Бежең ауылының жігіттері Қанас өзенінің бойынан осы аңның бір бұзауын ұстап алып қолға бағады. Аңның зәбірсіз момын, тұқым жақтан сирек, киелі қоңыр аң екендігіне көзі жеткен Бежең осы аңды үйіріне қосып қоя береді. Осының артынан ұзақ толғаныс арқылы «Ерке бұлан» күйін шығарады. Күй өте әсем болады. Бежеңнің өз ұрпағынан Мақаш деген домбырашы көп шертеді екен. Кейін ауылдастары оны Мақаш демей «Ерке бұлан» дейді екен.
Ағылшын
The playful deer
Once upon a time, in the Altai Mountains, there was an animal resembling a deer, with cloven hooves, ruminating, having a beautiful physique, a high withers, and a color like a bright red elk. One day, the young men of the Bejen village caught a calf of this animal along the banks of the Kanas River and began to raise it. Realizing that the animal was gentle, harmless, rare in terms of breed, and a sacred brown creature, Bejen decided to let this animal join his herd. After this, through a long contemplation, he composed the tune "Erke Bulan." The melody was very beautiful. Among Bejen's descendants, there was a musician named Makash who played it often on the dombra. Later, the villagers began to call him not Makash, but "Erke Bulan."