От жалын

Бір күні Махамбет Жәңгірдің он екі биімен бірге далада келе жатса керек. Сонда астындағы қара қасқа аты алды аяңдап, арты желіп, билердің алдында оқ бойы озып отырыпты. Сонда бір би тұрып: «Ей, Махамбет! Қазақта атты адамдар қатар жүреді, сен немене, тазы итке ұқсап жұрттың алдын бермейсің!» десе керек. Сонда Махамбет...

Қазақша
От жалын
Бір күні Махамбет Жәңгірдің он екі биімен бірге далада келе жатса керек. Сонда астындағы қара қасқа аты алды аяңдап, арты желіп, билердің алдында оқ бойы озып отырыпты. Сонда бір би тұрып: «Ей, Махамбет! Қазақта атты адамдар қатар жүреді, сен немене, тазы итке ұқсап жұрттың алдын бермейсің!» десе керек. Сонда Махамбет артына қарап, екі бүктеп ұстаған бұзау тіс он алты өрме бөкейлік қамшысын тақымына тіреп, бір жағына қисайыңқырап отырып: «Е, неменесі бар, мен қарғылы қара тазы болып, алдарыңда оқ бойы шығып отырсам, артымнан он екі төбет дүңкілдеп ере алмай келе жатса, дүниенің қызығы сол емес пе!» деп билердің жағын қарыстырған екен дейді. «Қайран от ауызды, орақ тілді ақыным-ай», – деп Құрманғазы сол арада: «Исатай мен Махамбет, өкіне ме екен өлдім деп!» деген жолдармен басталатын өлеңін жайлап термелеп айтып келіп, аяғында бір күй тартып жіберген екен дейді. Күйдің аты «Жалын» болмасын, «От жалын» болсын деп отырғандар толықтаған екен.
Ағылшын
Fire flame
One day, Mahambet was walking in the steppe with Jangir and his twelve judges. At that moment, his black horse was trotting ahead, leaving the judges behind by a good distance. One of the judges then said, "Hey, Mahambet! In Kazakh culture, mounted people ride side by side; why are you, like a hound, not allowing others to pass you!" Mahambet looked back, holding his sixteen-stranded Bokei whip with both hands, leaning slightly to one side, and said, "Well, what's the matter? If I, like a black hound, am ahead of you, and behind me, twelve hounds are struggling to keep up, isn't that the joy of the world!" he remarked, casting a glance at the judges. "Oh, my eloquent poet with a fiery mouth and a sharp tongue," said Kurmangazy, and then he began to softly recite a poem that starts with the lines, "Isatay and Mahambet, do they regret saying I have died!" At the end, he played a tune. They suggested that the name of the tune should be "Flame" or "Fire Flame."