Аман бол, шешем, аман бол

Көпшілік тараған соң, Алқа баласына өзінің көптен ойлап жүрген бір ойын оңашалап айтады. Ол Құрманғазының жасы болса келе жатқанын, енді Әубәкірдің әбден жауласып алғанын, күйшінің бұл арадан тағы біраз уақыт тасалана тұрмаса болмайтынын айта келіп, өткен жазда төркініне бара жатқанда Есенқұл беріш Игіліктің үйіне түсі...

Қазақша
Аман бол, шешем, аман бол
Көпшілік тараған соң, Алқа баласына өзінің көптен ойлап жүрген бір ойын оңашалап айтады. Ол Құрманғазының жасы болса келе жатқанын, енді Әубәкірдің әбден жауласып алғанын, күйшінің бұл арадан тағы біраз уақыт тасалана тұрмаса болмайтынын айта келіп, өткен жазда төркініне бара жатқанда Есенқұл беріш Игіліктің үйіне түсіп, қызы Әуесті Құрманғазыға атастыру жөнінде Игілікпен сөйлескенін, малдан жарлы болса да, баласының өнері бар екенін, халық ауызында тек жақсылық сөздерімен ғана айтылатынын, әкімдердің «ұры», «қарақшы» деп жүргенінің шын сырының неде екенін айтқанын баласына баяндайды. Әзірше қолда бар үш-төрт қарасын беріп, Құдай қосқан құда болатынын тұжырыңқырап айтып та салды. Әкесі Сағырбайдың жасы келіп қалғанын, енді өзінің де немере көретін кезінің жеткенін қосып қояды. Ардақтап, ақ сүтін беріп өсірген анасының сөзіне Құрманғазы «үндемеген – ризалықтың белгісі» дегендей пішін көрсетеді. Іштей бәрін түсінген Алқа жаз шыққандай жадырап табанда Сағырбайға айтты. Қарт әке де қуанып қалды. Бірақ баласының тағы да жиһан кезіп кететіні әсіресе анасының дегбірін қашырды. Соңғы бірнеше түн Алқа ұйықтай алмайды. Торы атты ерттеп жолға жиналған Құрманғазы үйден шығар алдында домбырасын қолына алып, қадірлі анасына қоштасып, бір күй тартады. Шығарып салуға жиналған достары күйдің атын сұрамай-ақ білді. Өйткені бұл күйдің басындағы бірінші бастамасының өзі «аман бол, шешем, аман бол» деп қақсап тұр еді. Күйде жабығу кейпі атымен жоқ болатын. Құрманғазының бұл күйі жайбарақат басталып, тіпті қайнына аттанып бара жатқан күйеудің шабытындай көтеріңкілік жағдайда еді. Тек кейбір жерлерінде күйші аздап кідіріп қалып, дыбыстарды нақтағанда ата-анасын, алтын босағасын қимағандық кейпіндегі дыбыстар ғана шығып, көп ұзамай баяғы «аман-есен оралармын, ешнәрсе ойламаңдар» деген сияқты болашағына сенім бар еді. Айтушылар Құрманғазы осы жүрер алдында «Ертең кетем» деген күй шығарған екен. «Ертең кетем» күйінде домбыра кәдігімгідей «ертең кетем» деп сөйлеп тұрғандай дейтін.
Ағылшын
Be safe, my mother, be safe.
After the crowd dispersed, Alqa shared a long-thought-out game with his son. He mentioned that Kurmangazy was getting older, that Aubaqir had completely become an enemy, and that the musician would need to stay hidden for a while longer. He recounted how last summer, while heading to his maternal home, Esenqul had stopped at the house of Berish Igilik and discussed the betrothal of his daughter Aues to Kurmangazy with Igilik, noting that even if they were poor in livestock, his son's talent was recognized, and that only good words were spoken about him among the people. He explained the true nature of the accusations from the officials who called him a "thief" and "bandit." He also hinted that they would soon become in-laws, giving three or four of their black cattle as a token. He added that his father, Sagyrbay, was getting old and that it was time for him to see his grandchildren. Kurmangazy showed a form of understanding, as if to say, "silence is a sign of acceptance," regarding the words of his mother, who had raised him with love and care. Understanding everything internally, Alqa brightened up like spring and shared this with Sagyrbay. The old father was also pleased. However, the thought that his son might wander the world again especially troubled his mother. For several nights, Alqa could not sleep. Before setting off on the road with his horse Torı, Kurmangazy picked up his dombra, bid farewell to his beloved mother, and played a tune. His friends, who had gathered to see him off, recognized the tune without asking its name. This was because the very first phrase of the tune was saying, "Be safe, my mother, be safe." There was no sign of sorrow in the tune. Kurmangazy's piece began calmly, almost in a joyful manner like a groom setting off to his brother-in-law's house. Only in some places did the musician pause slightly, and the sounds that emerged reflected a reluctance to part from his parents and his golden threshold, but soon there was a sense of confidence in his future, as if to say, "I will return safe and sound, do not worry." It is said that before he left, Kurmangazy composed a tune called "I Will Leave Tomorrow." In "I Will Leave Tomorrow," the dombra seemed to be saying, "I will leave tomorrow" just like it was supposed to.