Назым

Құрманғазының соңғы жылдары табылған «Назым» атты бір күйі бар. Күйді бізге берген адам оның шығу тарихы жөнінде ештеме айтпады. Дина бір әңгімесінде былай баяндаған: «Құрекең Көкбаламен екеуі бір жақтан келе жатқанда бір моланың басына жиналған көп қараны көреді. Келсе, ол адам тобы екен. Ол адамдар осыдан бірнеше сағ...

Қазақша
Назым
Құрманғазының соңғы жылдары табылған «Назым» атты бір күйі бар. Күйді бізге берген адам оның шығу тарихы жөнінде ештеме айтпады. Дина бір әңгімесінде былай баяндаған: «Құрекең Көкбаламен екеуі бір жақтан келе жатқанда бір моланың басына жиналған көп қараны көреді. Келсе, ол адам тобы екен. Ол адамдар осыдан бірнеше сағат бұрын ғана кенет өлген бір адамды көмгелі жатыр екен. Сұрастыра келгенде өлген қыз болып шығады. Ол күндіз бір асау аруананы сауамын деп, көнек қойған тізесін көтеріп, оң жақ қолын нардың артқы аяғынан орай бергенде, ол қызды тақ жүректен теуіп қалады. Қыз шалқасынан құлап, содан кейін есі кірмейді. Денесі суып, демалысы білінбейді. Ата-анасы зарлап «о, дүниеге кетті» деп көр қаздырып, жаназа оқып, бейіт басына алып келіп көмгелі жатқаны осы болып шығады. Құрманғазы түрмеде неше түрлі адамдармен кездесіп, «өлудің» неше алуан кезеңі болатындығынан хабары бәрі есіне түседі. Ол әсіресе қазақ ауылында талып қалған не қатты ұйқыға кететін жайларды білмей, күтпей көме салудың барын біледі. Сондықтан жиналған топқа қарап: – Бір-екі сағат тоқтай тұрыңыздар, мүмкін бұл қыз өлмеген болуы керек, асығыстық дұрыс болмайды, – дейді. Тұрғандар бұл сияқты бұрын-соңды естімеген «сұмдыққа» сеніңкіремей бастарын шайқайды. Әсіресе араларында тұрған молда: – О, кештен, бұ кешке шейін өлген жанның қайта тірілгені жоқ, ондай сөз айтып күпір болмаңыз! – деп жолатпайды. Құрманғазы ашуланып молдаға: – Сірә, сен бірдеме алып қойып, соны қайта құсамын ба деп қорқып тұрған шығарсың, амандық болып қыз тірілсе, сол бергенді қыздың садақасы деп сенен алмай-ақ қояйық! – деп молданы тоқтатады. Қыздың ата-аналары: – Алыс сапардан келе жатқан жолаушылар екен. Көпті көрген адамдар шығар, аялдай тұрыңдаршы! – деп көздерінің жасын тағы бір төгіп алады. Осылай көпшілік тоқырап тұрған кезінде кебін қозғалғандай болады. Құрманғазы жүгіріп барып жүрегін басып, тыңдап: «Шүйінші, жаны бар!» – деп айқайлап жібереді. Өзі жанындағы торсығынан қыздың аузына су тамызады. Қыз біртіндеп дүниеге ене бастайды. Баяғы молда: «Астапыралла, Астапыралла!» – деп топты айнала жүгіріп, ақыры ауылға қарай қаша жөнеледі. Басы Құрманғазы мен Көкбала болып, молданың жағдайына біраз күліп алады. Бұл кезде қыз да әлсіз түрде көзін ашып, аң-таң болып айналаға қарайды. Әке-шешесі «қорыққан мен қуанған бірдей» дегендей, тағы да біраз жылап, тостағандарын жуып алады. Қызды ауылға алып келіп, туысқандары үлкен той қылып, ат шаптырып, балуан түсіріп бір жетідей мерейлейді. Қыздың әке-шешесі Құрманғазы мен Көкбаланы бірнеше күн қонақ етіп қатты сыйлайды. Көптеген күй тыңдап мәз болады. Кетерінде қыз Құрманғазыға: «Сіз менің екінші әкем болдыңыз, сіздің арқаңызда мен екінші рет дүниеге келдім, өмірбойы сізді ұмытпаймын», – деп құшақтап жылап жібереді. «Менің көзімдей көріп жүріңіз», – деп өзінің ең жақсы көретін сары ат деген арғымағын Құрманғазыға жетелетіп жібереді. Ал Құрманғазы оған арнап күй шығарады. Айтушылар сол қыздың аты Назым екен дейді. Мына қыз сол «Назым қыз» болып та аталатын еді дейді. Бір әңгімеде Құрманғазы қызды көміп кеткен бойда келіп, бейіттен бір дауыс шыққандай болып, жаңа салған топырақты күшті қолмен қазып, қызды көрден алып шығып тірілтеді делінеді. Әрине, бұл сияқты аңызға айналған әңгіменің бұтақтары көп болады емес пе, оның бәрін бірдей келтіріп жатпадық.
Ағылшын
Nazym
In the last years of Kurmangazy, there is a piece called "Nazym" that was discovered. The person who gave us the piece did not say anything about its origin. Dina narrated in one of her stories: "When Kurmangazy and Kokbala were coming from one direction, they saw a large crowd gathered at the head of a grave. It turned out to be a group of people. These people were about to bury someone who had suddenly died just a few hours earlier. Upon inquiry, it turned out to be a girl who had died. During the day, while trying to milk a wild mare, she had raised her knees with the milk container and, as she wrapped her right hand around the back leg of the mare, the mare kicked her in the chest. The girl fell on her back and then lost consciousness. Her body cooled down, and her breathing ceased. Her parents, lamenting, dug a grave saying, 'Oh, she has gone to the other world,' and brought her to the grave to bury her. Kurmangazy, having met various people in prison, recalls all the different stages of 'death.' He especially knows about the cases in Kazakh villages where people are buried without realizing that they have merely fainted or fallen into a deep sleep. Therefore, looking at the gathered crowd, he says: - "Please wait for an hour or two; perhaps this girl is not dead, rushing is not right." The people standing there begin to shake their heads, not believing this kind of 'horror' they had never heard of before. Especially the mullah among them says: - "Oh, from last night until now, no dead person has come back to life; do not speak such blasphemy!" Kurmangazy, angry, responds to the mullah: - "Surely, you are afraid that you might have taken something and are worried about throwing it up again; if the girl comes back to life, let’s not take anything from you as her offering!" The girl's parents say: - "They are travelers coming from a long journey. They must be people who have seen a lot; please wait!" shedding tears once more. While the crowd is in a state of hesitation, it seems as if the shroud is moving. Kurmangazy runs over, places his hand on her heart, listens, and shouts, "Rejoice, she is alive!" He then drips water from his flask into the girl's mouth. The girl gradually begins to come back to life. The former mullah exclaims, "Astapyralla, Astapyralla!" and starts running around the crowd, eventually fleeing towards the village. Kurmangazy and Kokbala have a good laugh at the mullah's situation. At this moment, the girl also weakly opens her eyes, looking around in astonishment. Her parents, feeling both fear and joy, cry a little more and wash their bowls. They bring the girl back to the village, and her relatives throw a grand celebration, racing horses and wrestling for about a week. The girl's parents host Kurmangazy and Kokbala as guests for several days and treat them with great respect. They enjoy listening to many pieces of music. When leaving, the girl hugs Kurmangazy and cries, saying, "You have become my second father; thanks to you, I was born again, and I will never forget you." She says, "Take care of my beloved yellow horse," and sends it to Kurmangazy. Kurmangazy then composes a piece for her. The storytellers say that the girl's name was Nazym. They say that this girl was also known as "Nazym girl." In one story, it is said that as soon as Kurmangazy buried the girl, a voice seemed to come from the grave, and he dug up the freshly placed soil with great strength, bringing the girl back to life. Of course, there are many branches to such legendary stories, and we are not recounting all of them.