Бозшолақ

Құрманғазы алпысыншы жылдардың ортасы ауғанша Жиделіде жүріп қалады. Оған себеп болған күйшінің Папаспен достасуы болады. Уақытша советке қадірлі Папас үндемесе де оның төреден шыққан туысы, ақсүйектігі Әубәкір сияқтылар бата алмайтын қорған болады. Бірақ Құрманғазының соңынан қалмайтын Әубәкір күйшінің тағы бір жақсы...

Қазақша
Бозшолақ
Құрманғазы алпысыншы жылдардың ортасы ауғанша Жиделіде жүріп қалады. Оған себеп болған күйшінің Папаспен достасуы болады. Уақытша советке қадірлі Папас үндемесе де оның төреден шыққан туысы, ақсүйектігі Әубәкір сияқтылар бата алмайтын қорған болады. Бірақ Құрманғазының соңынан қалмайтын Әубәкір күйшінің тағы бір жақсы атты болғанын естіп, адамдарын жіберіп бір түнде сары атты ұрлатып алдырады. Атын іздеп барған күйшіні Әубәкір сөгіп: «саған жақсы ат неге керек? әуелі анау құрым киіз жапқан үйіңді неге ағартып алмайсың, Құрымбай мырза!» – деп кемсітеді. Онымен қоймай қарсыласар ойы да жоқ тып-тыныш тұрған Құрманғазыны қапылыста жігіттеріне ұстатып, сілейтіп сабап, естен тандырып тастайды. Түн ортасында ғана көзін ашқан Құрманғазы үсті-басы көк ала қойдай болып үйіне келіп, қалай кегін алуды ойлайды. Әуелі бейбіт жолмен көрейін деп, Құрманғазы Әубәкірдің сыйласы дегенмен, Шыман төренің баласы Жаншаға барады. Құрманғазының ойынша, Жанша өткен оқиғаны есіне алмас, бұл жасы келіп, дәрежесі көтеріліп тұрған кезінде мейірімі түсер дейді. Бірақ Жанша сау күніндегі әдетіне басып, Құрманғазыны балағаттап қуып жібереді. «Бай байға құяды» деген осы екен ғой деп, Құрманғазы қайтып бара жатып, Шыман әулетінің жылқысынан іріктеп елу атты қуып кетеді. Бұхараның ашуынан қорқып қалған, көлеңкеде өскен ақсүйектер Құрманғазының соңынан батып қуа да алмайды. Бірақ «Жараның ауызына тұз сеуіп қайтемін», – деп Құрманғазы Шыман тобының аттарын ауылының қасына алып келіп, қуып тастап, өзі біраз желпініп өшін алғандай болады. Кейін Әубәкірдің қойған аты «Құрымбай» есіне түсіп, «қанды ауыздан шыққан сөз екен, ізсіз қалмасын» деп өлең шығарып: Сұрасаң менің атым Құрымбай-ды, Жайықтың суы маған жұрындай-ды. Шыманның елу атын бір айдадым, Құрымбай жай адамға ұрынбайды» дейді. Құрманғазының бұл өлеңі халық арасына кең таралып кетеді. Шыман әңгіме болған жерде осы өлең айтылмай қалмайды екен деседі. Әубәкір досы Жаншаны бір тізе бүктірген күйшінің бұл ісіне қатты ыза болады. Құрманғазыны қалайда тыныш жүргіз беуге уәде береді. Өзінің пікірлес бір старшынымен бірігіп: «Құрманғазы қоғамға қауіпті адам» деп сол кездің жек көретін адамына қолданатын қаруы – «бейбіт үкім» жасап, күйшіні Үркітке айдататын болады. Оны естіген Құрманғазы тағы амалсыз тасаланады. Әубәкір жиырма старшынға боблік шашып, Құрманғазыны табылса, ұстау керегін білдіреді. Бірақ старшын біткеннің бәрі де «Құрманғазы біздің қарауымызда жоқ» деп хабар береді. Олардың ішінде орта дыбыс станцияның депутаты Бердінов, Бекболат Ұстыбаев, Жантілесов, Наурызәлин тағы басқалардың аттары аталады. Күндердің күнінде Әубәкір Құрманғазыны ұстатып айдатады. Күйшіні Саратовқа дейін жай арбаға мінгізіп алып келеді. Арбаға шеккен Бозшолақтың еріксіздік жағдайын тақырып етіп алып, Құрманғазы күй шығарады. Күйдің аты «Бозшолақ атты боқ дүние» болады. Кейін күй «Бозшолақ» атанып кетеді. Құрманғазы бұл күйде Бозшолақтың жүрісінен бастап, өзінің еріксіздік халін суреттейді.
Ағылшын
Bozsholakh
Kurmangazy remains in Zhideli until the mid-sixties. The reason for this is the musician's friendship with Papas. Although Papas, a respected figure in the temporary Soviet, does not speak up, his relative from the noble class, Aubaqir, becomes a protector whom others cannot challenge. However, Aubaqir, who does not leave Kurmangazy alone, hears that the musician has another good horse and sends his men to steal the yellow horse in one night. When Kurmangazy goes to look for his horse, Aubaqir scolds him: "Why do you need a good horse? First, why don't you whiten that tattered yurt of yours, Kurymbay mırza!" he belittles him. Not stopping there, Aubaqir ambushes the unsuspecting Kurmangazy and has his men beat him senseless. Only in the middle of the night does Kurmangazy regain consciousness, covered in bruises, and returns home, thinking about how to take revenge. First, wanting to try a peaceful approach, Kurmangazy goes to Jansha, the son of Shyman Tora, who is said to be a friend of Aubaqir. Kurmangazy thinks that Jansha will not remember the past incident, believing that he will show mercy now that he has aged and risen in status. However, Jansha, sticking to his usual behavior, insults Kurmangazy and drives him away. Realizing that "the rich marry the rich," Kurmangazy, on his way back, selects fifty horses from Shyman's herd and drives them away. The noblemen, frightened by the wrath of Bukhara and having grown up in the shadows, cannot even dare to pursue Kurmangazy. But Kurmangazy thinks, "What good will it do to sprinkle salt on a wound?" and brings the horses from Shyman's group near his village, drives them away, and feels somewhat relieved as if he has taken his revenge. Later, recalling the name given to him by Aubaqir, "Kurymbay," he composes a poem saying, "This is a word that came from a bloody mouth, let it not go unremembered": "If you ask, my name is Kurymbay, The water of the Ural is like my homeland. I drove away fifty horses of Shyman, Kurymbay does not confront an ordinary man." This poem of Kurmangazy spreads widely among the people. It is said that wherever Shyman is mentioned, this poem is recited. Aubaqir becomes very angry with Jansha, who has bent a knee to the musician. He promises to ensure that Kurmangazy is kept quiet. Together with a like-minded elder, he creates a "peaceful decree," a weapon used against those despised at the time, declaring Kurmangazy a "dangerous person to society" and plans to send him to Urkit. Upon hearing this, Kurmangazy is forced to hide again. Aubaqir spreads bribes among twenty elders, instructing them to capture Kurmangazy if he is found. However, all the elders report back, "Kurmanagazy is not under our watch." Among them are mentioned the names of the deputy of the middle sound station Berdinov, Bekbolat Ustybaev, Zhantilesov, Nauryzalin, and others. One day, Aubaqir manages to have Kurmangazy captured and sent away. The musician is taken to Saratov in a simple cart. Using the forced situation of Bozsholakh, who is tied to the cart, as a theme, Kurmangazy composes a tune. The tune is named "Bozsholakh's Wretched State." Later, the tune becomes known simply as "Bozsholakh." In this tune, Kurmangazy depicts Bozsholakh's gait and his own state of helplessness.