Павескі

Жетпісінші жылдардың аяғы жақындайды. Бұл кезде бұрынғы Құрманғазының соңына түсіп жүргендердің бірқатары өледі. «Біреулері Құрманғазы енді осы жолдан келер деймісің», – деп күдерлерін үзіп, жәйбарақаттанып қалады. Осындай жайлардың нәтижесінде Құрманғазы кәдімгідей тыныштық дәрежеге енді шындап енгендей болады. Үй іші...

Қазақша
Павескі
Жетпісінші жылдардың аяғы жақындайды. Бұл кезде бұрынғы Құрманғазының соңына түсіп жүргендердің бірқатары өледі. «Біреулері Құрманғазы енді осы жолдан келер деймісің», – деп күдерлерін үзіп, жәйбарақаттанып қалады. Осындай жайлардың нәтижесінде Құрманғазы кәдімгідей тыныштық дәрежеге енді шындап енгендей болады. Үй іші де тынышталып, жадыраңқы өмірге жаңа енгендей, «ұһ» деп демдерін алғандай болады. Қазидың дерті де әбден айығып, әке- шешесін қуантады. Өмір бойы бұл үйдің төбесін бүркеген бұлт ыдырап, күн көзі көріне бастағандай сезім үй іші адамдарының бәрінің де басында болады. Осындай жайма-шуақ күнде кенет тағы да дауыл тұрып, Сағырбайдың қараша үйін тағы да қобалжытады. Бір старшын ойда-жоқта Құрманғазыға бір қағаз алып келеді. Ол қағаз Астрахан генарал-губернаторы кеңесінің Құрманғазыны шақыртқан қағазы болады. Павескіні алып, бармай қоюға қорыққан кісідей болармын деп, Құрманғазы тағы жолға жиналады. Кетерінде әдетінше қолына домбырасын алып, күй тартады. Тыңдаушылар сұрауына Құрманғазы: «Бұл күйдің аты «Павескі» (повескі) болсын», – дейді.
Ағылшын
Paveski
The end of the seventies approaches. By this time, several of those who had been following in the footsteps of the former Kurmangazy die. "Do you think Kurmangazy will come back this way?" they say, losing hope and becoming indifferent. As a result of such circumstances, Kurmangazy seems to have truly entered a state of calm. The household also quiets down, as if they have just entered a cheerful life, taking a deep breath of relief. Qazy's illness has completely healed, bringing joy to his parents. The cloud that had overshadowed this house for a lifetime seems to dissipate, and the feeling that sunlight is beginning to shine is present in the minds of all the household members. On such a serene day, suddenly a storm arises again, unsettling Sagyrbay's thatched house. An elder unexpectedly brings a paper to Kurmangazy. This paper is a summons from the council of the governor-general of Astrakhan for Kurmangazy. Fearing that he might be like someone who is afraid to go after receiving a summons, Kurmangazy prepares for the journey once again. As usual, he takes his dombra in hand and plays a tune before leaving. When asked by the listeners, Kurmangazy says, "Let this tune be called 'Paveski'."