Арба соққан

Осы кезде өздерінің жоғалған бір бөлек аттарының іздері Бөкейге қарай кеткені үшін, баяғы шыққан қызылқұрттың ұрылары алған болуы керек деп, елдің қазақ әскерлерінің жіберген қарулы отряды қызылқұрттың көп жылқысын қуып кетеді. Ондай бұзақылыққа шыдай алмаған Құрманғазы інісі Байғазы және басқа жеті-сегіз кісіні алып,...

Қазақша
Арба соққан
Осы кезде өздерінің жоғалған бір бөлек аттарының іздері Бөкейге қарай кеткені үшін, баяғы шыққан қызылқұрттың ұрылары алған болуы керек деп, елдің қазақ әскерлерінің жіберген қарулы отряды қызылқұрттың көп жылқысын қуып кетеді. Ондай бұзақылыққа шыдай алмаған Құрманғазы інісі Байғазы және басқа жеті-сегіз кісіні алып, Гилинин мешітінің азаншысы болып тұрған бұрынғы қазақ-орыс Сейтқұловтардың тоғыз жылқысын қуып кетеді. Бұл жөнінде Сотник Черноморсков рапорт түсіріп, Құрманғазының істері шекаралық комиссия уақытша совет және Орынбор генерал- губернаторлығының араларында жүреді. Бұл 1857 жылы болатын. бірақ архивтік деректердің бірінде, бұл іс сол кездегі Орынбор генарал-губернаторы Перовскийдің бұйрығы бойынша қысқарады. Ауызша деректер бойынша, Құрманғазыны осы сапарда тағы ұстап, айдап Орынбор түрмесіне салады. Жолда кетіп бара жатып Құрманғазы «Арба соққан» деген тағы бір күй шығарады. Бұл күйде сырттай аты «Арба соққан» болғанымен, онда арбаның салдыры, ат тұяғының тасырлы, дауысы, талған куердің дыбысын бермейді. Мұнда күндіз-түні ағаш арбаның үстінде шаршап, езіліп, еріксіз елінен айырылып, тағы айдауға кетіп бара жатқан адамның жан дүниесінің ауыр жайы бар.
Ағылшын
Cart struck
At this time, because the traces of their lost separate horses had gone towards Bokey, it must have been the raiders of the long-ago red worm who took them, and the armed detachment sent by the Kazakh troops chased away a large number of the red worm's horses. Unable to tolerate such hooliganism, Kurmangazy took his brother Baigazy and seven or eight other people and chased away the nine horses of the former Kazakh-Russian Seytkulovs, who was the muezzin of the Giliin Mosque. In this regard, Lieutenant Colonel Chernomorskov submitted a report, and Kurmangazy's actions were under the jurisdiction of the temporary council of the border commission and the Orenburg governor-generalship. This was in 1857. However, in one archival document, it is noted that this case was curtailed by the order of the then Orenburg governor-general Perovsky. According to oral sources, Kurmangazy was again captured during this expedition and sent to the Orenburg prison. While on the way, Kurmangazy composed another song called "Arba Soqqan" (The Cart Struck). Although this song is externally titled "Arba Soqqan," it does not convey the sound of the cart's clatter, the thud of the horse's hooves, or the noise of the broken wheel. Here, there is a heavy state of the soul of a person who is tired, crushed on the wooden cart day and night, involuntarily separated from his homeland, and being driven away again.