Көрұғлы (I нұсқа)

Дәулеткерейдің Көрұғлы күйінің аңыз-әңгімесі Орта Азия халықтарының арасында кеңінен таралған әйгілі «Көрұғлы» дастанының оқиғасымен тамырлас болғанымен, күйдің шығу себебі күйші өмірінің бір сатысымен байланыстыра айтады. ... Бірде ауыл аралас, қой қоралас жатқан, төсекте малы, төскейде малы қосылған түркімен ағайынға...

Қазақша
Көрұғлы (I нұсқа)
Дәулеткерейдің Көрұғлы күйінің аңыз-әңгімесі Орта Азия халықтарының арасында кеңінен таралған әйгілі «Көрұғлы» дастанының оқиғасымен тамырлас болғанымен, күйдің шығу себебі күйші өмірінің бір сатысымен байланыстыра айтады. ... Бірде ауыл аралас, қой қоралас жатқан, төсекте малы, төскейде малы қосылған түркімен ағайынға Дәулеткерей қонақтап барып қайтыпты дейді. Сонда ауылдастары алдынан шығып, ел ағасының олжасын қызықтамақ ниет білдірсе керек. Бұған оң шырай танытқан Дәулеткерей: «Уа, ағайын, сөзіме құлақ сал! – депті, – түркімен ағайынның көңілінде көлеңке жоқ екен. Мал беріп еді, өледі деп алмаған едім. Бірақ құр қол қайтқаным жоқ. Осы сапардан бір белгі болсын деп, өлмейтін, тозбайтын күй шығарып қайттым!» депті. Сондағы күйі осы «Көрұғлы» екен.
Ағылшын
Körügly (Version I)
The legend of Dauletkeri's "Köröğlı" melody is closely related to the events of the famous "Köröğlı" epic, which is widely spread among the peoples of Central Asia, but the reason for the melody's creation is told in connection with a certain stage of the musician's life. ... Once, it is said that Dauletkeri visited the Turkmen relatives who lived in a village with their livestock, and after returning, his fellow villagers came out to greet him, eager to see what the elder had brought back. Showing a positive attitude towards this, Dauletkeri said: "Oh, relatives, listen to my words! – he said, – there is no shadow in the hearts of the Turkmen. I did not take the livestock thinking they would die. But I did not return empty-handed. As a sign from this journey, I have brought back a melody that is immortal and will not wear out!" And that melody is this "Köröğlı."