Бұлбұл торғай (I нұсқа)

Қожеке Мұқыр, Жырғалаң деген жерлерді мекендеп жүрген екен. Бір күні Қасымбай деген ұстамен бірге Мұқырдың қалың орманынан отын алуға барады. Таңертеңгілік мезгіл болса керек. Ағаш бұтағына қонып отырған бұлбұл торғай құйқылжытып сайрай жөнеледі. Бұлбұлдың сан құбылтып сайраған әсем үніне еліткен бұлар алатын отындарын...

Қазақша
Бұлбұл торғай (I нұсқа)
Қожеке Мұқыр, Жырғалаң деген жерлерді мекендеп жүрген екен. Бір күні Қасымбай деген ұстамен бірге Мұқырдың қалың орманынан отын алуға барады. Таңертеңгілік мезгіл болса керек. Ағаш бұтағына қонып отырған бұлбұл торғай құйқылжытып сайрай жөнеледі. Бұлбұлдың сан құбылтып сайраған әсем үніне еліткен бұлар алатын отындарын ұмытып, әуенге қызыға тыңдап отырып қалады. Әлден уақытта Қасымбай: – Шіркін, мына бұлбұл дауысының жағымдысын-ай. Үнін домбыраға салып алар ма еді? Түсіре аласың ба? – деп сұрайды Қожекеден. – Домбыра болғанда, түсірмей несі бар? – дейді Қожеке. – Ондай болса, домбыраны мен жасап берейін, – деп, Қасымбай орманнан қураған қарағай ала қайтады да, үйіне келген соң домбыра шауып жасайды. Қураған қарағайдан қақпақ салады. Тау ешкісінің ішегінен ішек есіп тағады. Қожеке сол домбыраны қолына алғанда, көкейіне таңдағы сайраған бұлбұл торғайдың құйқылжыған үні оралыпты.
Ағылшын
Nightingale (Version I)
Kozheke Mukyr was living in a place called Jyrgalan. One day, he went to collect firewood from the dense forest of Mukyr with a craftsman named Kasymbay. It must have been in the morning. A nightingale perched on a tree branch began to sing beautifully. Enchanted by the nightingale's melodious voice, they forgot about the firewood they were supposed to collect and sat down, captivated by the tune. After a while, Kasymbay said: - "Wow, this nightingale's voice is so pleasant. I wonder if it could be captured on a dombra? Can you do it?" Kozheke replied, "If it's a dombra, why not capture it?" "Then let me make the dombra for you," Kasymbay said, and he returned from the forest with a dried pine tree and, after getting home, crafted a dombra. He made a cover from the dried pine and strung it with the gut of a mountain goat. When Kozheke took the dombra in his hands, the sweet sound of the nightingale singing that morning came back to his mind.