Қамбархан

Баяғыда елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Қамбархан деген бір аңшы жігіт болыпты. Қамбархан бір күні атып алған аңын сойып болып, ішегін ағаш басына қарай лақтырып жіберсе, шұбатылған күйі бір бұтақтан бір бұтаққа ілініп қалыпты. Күндердің күнінде Қамбархан әлгі жерден өтіп бара жатса, құлағына ерекше бір жағымды әуен...

Қазақша
Қамбархан
Баяғыда елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Қамбархан деген бір аңшы жігіт болыпты. Қамбархан бір күні атып алған аңын сойып болып, ішегін ағаш басына қарай лақтырып жіберсе, шұбатылған күйі бір бұтақтан бір бұтаққа ілініп қалыпты. Күндердің күнінде Қамбархан әлгі жерден өтіп бара жатса, құлағына ерекше бір жағымды әуен, құйқылжыған үн, үзілмейтін сарын естіледі. Жан-жағына қараса, бір бұтақтан бір бұтаққа керіліп қалған қос ішекті көреді. Жел соқса, ішек ызыңдап қоя береді екен. Қамбархан әлгі ағашты кесіп алып, шауып, жонып, домбыра жасапты да, күй шертіпті. Қамбарханның бұл жаңалығы бүкіл қазаққа аңыз болып таралыпты. Осы аңыз желісіне Қожеке «Қамбархан» атты күй шығарған. Оның бізге бірнеше нұсқасы жеткен.
Ағылшын
Qambarhan
Once upon a time, there was a hunter named Qambarhan who mourned the sorrows of the people and sought what was lost. One day, after he had skinned the game he had shot, he threw the intestines towards a tree, and they ended up hanging from one branch to another in a tangled manner. One day, as Qambarhan was passing by that place, he heard a particularly pleasant melody, a sweet sound, an unending tune. Looking around, he saw the intestines stretched from one branch to another. When the wind blew, the intestines would hum softly. Qambarhan then cut down the tree, chopped it, carved it, and made a dombra, playing melodies on it. This discovery of Qambarhan became a legend among all Kazakhs. Based on this legend, Qozheke composed a piece called "Qambarhan." Several versions of it have reached us.