Төрт толғау (І нұсқа)

Тоқаның қартайған шағында ел-жұртқа қадірлі болып танылған Жалмағамбет дейтін үлкен ұлы қырық алты жасында дүние салыпты. Сол жылдың қары қалың түсіп, көктемде Жалмағамбеттің бейіті су астында қалса керек. Бұған Тоқаң қатты күйініп, ұлының сүйегін қайтадан дөңес жерге қоюды ниет етсе, ауылдың молдасымақ діндар адамдары...

Қазақша
Төрт толғау (І нұсқа)
Тоқаның қартайған шағында ел-жұртқа қадірлі болып танылған Жалмағамбет дейтін үлкен ұлы қырық алты жасында дүние салыпты. Сол жылдың қары қалың түсіп, көктемде Жалмағамбеттің бейіті су астында қалса керек. Бұған Тоқаң қатты күйініп, ұлының сүйегін қайтадан дөңес жерге қоюды ниет етсе, ауылдың молдасымақ діндар адамдары: «Жаназа шығарарда «Аманат!» деп жерленбеген мұсылман баласының мүрдесін қазу күпірлік, кітап сөзінде орнынан қозғалған пенде о дүниеде бейіштің қарасын көре алмақ емес», – деп наразылық білдіріпті. Тоқаның әйгілі «Төрт толғау» дейтін күйі осы бір қасірет шектірген оқиғаға орай шыққан. Жай шықпаған, көкірекке кептелген шер тарқамай, қайта-қайта толқи лықсып, төрт күй болып шыққан. Ер жетіп, елге қадірлі болған баласының өлімі – бір қайғы, төңірегіндегі күйреп қалған ет жақындарының қасірет шегуі – екінші қайғы, күтпеген жерден Жалмағамбеттің деген топырағының суға қарық болуы – үшінші қайғы... Қысқасы, әрбір күйзеліс сәтінде Тоқа домбырасына ғана мұңын шағып, домбырадан ғана күйзелген жанына жәрдем тілеп, «Төрт толғау» атты тізбекті күйін дүниеге әкелген. Бұл күй өз ішінде «Естірту», «Арнау», «Ана жүрегі», «Немере зары» деген бөлек-бөлек атауларымен белгілі. Осы жолы қожа-молданың қарсылық жасағанына қарамай, Тоқа Жалмағамбеттің сүйегін дөңес жерге қайта жерлеткен. Өзінің жанын түсінетін ел азаматтарына арқа сүйеп, соларға жүрек азабын шағым еткендей, сауға сұрағандай: «Дүниенің тұтқасы «Аманат» деген жалғыз ауыз сөзде тұрса, қылша мойным талша, көтердім бәрін де. Болмаса көктем шыққан сайын баламның су астында қалғанын көріп, пенде болып отырмай-ақ қояйын... Уа, ағайын, Жалмағамбетімнің басына барыңдар... жерді жырып су ағызыңдар... бесікшесін қайта ашыңдар... өлгеніне көнгенде, өзгесіне көнбейтін несі қалды, егер Жалмағамбетімнің денесі бұзылмаса, маған сүйінші сұрап хабар беріңдер!» – деген екен. Қыста жерлеген мәйіт бұзылмайды ғой, ұйықтағандай болып жатқан Жалмағамбетті Тоқа мен бәйбішесі Көрік келіп көреді. Сол жерде Көрік дауыс салып, былай деп жоқтау айтыпты дейді: Айналайын Құдай-ау! Қапалық салдың басыма, Толтырып көзді жасыма, Боздағымнан айырып, Қабырғамды майырып, Қамалдым қайғы қосына, Көресім менің осы ма! Қара бір таудың алқымы-ай, Болғанда қаңтар салқыны-ай, Жаннатқа жаның қонсын деп, Жатағың жайлы болсын деп, Жауып ед торқа топырақ. Жылаулы болған халқың-ай! Құданың ісі жөн болар, Жылаусыз күнім кем болар, Наурыздың туған айында Сел ағып сала-сайында, Жамбасыңа су тисе, Көкірегіме шер толар! Бұл істі салса Құдайым, Ақсарбас тағы сояйын, Көзімді жаспен ояйын, Ағарған шашты жаяйын. Торқа деп қойған жеріңнің, Топан су алса маңайын Қалай да ғана шыдайын! Осы жоқтау өзінің ерекше сазды, мұңды сарынымен күні бүгінге дейін ел арасында айтылады. Көз көрген қарттардың айтуында, Тоқаның ақындық шалымы да ешкімнен кем болмаған. Жаңағы жоқтау мен оның мұңды сарынын бәйбішесіне Тоқаның өзі шығарып беріп еді деген сөз бар. «Төрт толғау» күйінің соңғы «Немере зары» деген бөлігі Тоқаның немересі, Жалмағамбеттің баласы Хамитке қатысты. Сол кезде Хамиттің есі кіріп қалған кезі екен, әкесінің суық тәнін мүрдеден шығарып, қайта жерлерде «көкелеп!» өліктің үстіне құлап, үлкен-кішінің сай сүйегін сырқыратып еді дейді. Бұған Тоқа да бейтарап қарай алмай, кейін «Немере зары» деп атап күй толғаған.
Ағылшын
Four Discourses (Version I)
In the old age of Toka, his esteemed son named Zhalmaghambet passed away at the age of forty-six. That year, heavy snow fell, and in the spring, it is said that Zhalmaghambet's grave was submerged underwater. This deeply saddened Toka, and he intended to re-bury his son's remains in a raised place, but the village's religious figures protested, saying, "Digging up the body of a Muslim child who was buried with the word 'Amanat!' is heresy; a person who has been disturbed from their resting place will not see the paradise in the afterlife," expressing their discontent. Toka's famous piece called "Tort Tolgau" (Four Laments) was created in response to this tragic event. It was not just a simple composition; it was filled with the grief that had settled in his heart, overflowing and manifesting as four distinct melodies. The death of his son, who had grown up to be esteemed in the community, was one sorrow; the suffering of his devastated relatives was another sorrow; and the unexpected flooding of Zhalmaghambet's grave was a third sorrow... In short, at every moment of distress, Toka poured his heart out to his dombra, seeking solace for his grieving soul, and brought forth the sequential melody titled "Tort Tolgau." This piece is known by separate titles within it: "Estirtu," "Arnau," "Ana zhuregi" (Mother's Heart), and "Nemere zary" (Grandchild's Lament). This time, despite the opposition from the religious figures, Toka re-buried Zhalmaghambet's remains in a raised place. Relying on the understanding citizens of his community, as if to express his heartache and seek solace, he said: "If the foundation of the world rests on the single word 'Amanat,' then I have borne it all, even if it breaks my neck. Otherwise, with each spring, seeing my son submerged underwater, I might as well not be a human... Oh, my kin, go to my Zhalmaghambet's grave... dig the earth and let the water flow... reopen his cradle... once I have accepted his death, what else is there to accept? If Zhalmaghambet's body is not decayed, bring me news of joy!" A body buried in winter does not decay; Zhalmaghambet, who seemed to be sleeping, was seen by Toka and his wife Koryk. There, Koryk raised her voice and lamented as follows: "Oh, my God! You have cast a burden upon me, Filling my eyes with tears, Separating me from my beloved, Crushing my ribs, I am engulfed in sorrow, Is this all I must endure? Oh, the peak of a black mountain, In the cold of January, May your soul find peace in paradise, May your resting place be comfortable, You were covered with a shroud of earth. Oh, your grieving people! It must be God's will, Without tears, my days would be fewer, In the month of Nauryz, When the flood flows in the valleys, If the water touches your side, My heart will be filled with sorrow! If God has decreed this, I will mourn again, I will awaken my eyes with tears, I will let my gray hair fall. If the place you were laid is covered, And the floodwaters take the surroundings, I will endure it all!" This lament, with its unique melodic and mournful tone, is still recited among the people today. According to the elders who witnessed it, Toka's poetic talent was no less than anyone else's. It is said that Toka himself composed this lament and its mournful melody for his wife. The final part of the "Tort Tolgau" piece, titled "Nemere zary," relates to Toka's grandson, Hamit, the son of Zhalmaghambet. At that time, Hamit was coming to his senses; he pulled his father's cold body from the grave and fell on the corpse, causing great distress to both the young and the old. Toka could not remain indifferent to this and later composed a lament titled "Nemere zary."