Ақсақ құла (ІІ нұсқа)

Кіші жүздегі он екі ата Байұлының бір бұтағы Адай болғанда, Адайдан тарайтын іргелі рулардың бірі Қырықмылтық деп аталады. Сол Қырықмылтықтың бір тармағы Мұқалдың ішінде Қарабас деген қадірлі адам өткен. Қарабас дүние салғанда үш жүздің бір-бірімен құлақтас адамдары тегіс күйзеліп еді дейді. Қарабас балалары әкесінің а...

Қазақша
Ақсақ құла (ІІ нұсқа)
Кіші жүздегі он екі ата Байұлының бір бұтағы Адай болғанда, Адайдан тарайтын іргелі рулардың бірі Қырықмылтық деп аталады. Сол Қырықмылтықтың бір тармағы Мұқалдың ішінде Қарабас деген қадірлі адам өткен. Қарабас дүние салғанда үш жүздің бір-бірімен құлақтас адамдары тегіс күйзеліп еді дейді. Қарабас балалары әкесінің асын Алшынның жуан ортасы деп Құмауытта өткізіпті. Үш жүзге сауын айтып, бас бәйгеге елу түйе, екі жүз елу қой тігеді. Қарабастың асында үш жүздің небір нәнталап ығай-сығайларынан басқа, қатысам деген үміткерлердің де бетін қақпайды. Сондай үміткерлердің бірі Табын ата елінен келген Жұбан деген жігіт екен. Мініп келген құла қасқа атының қолдауы түсіп, сылти басып келгеніне қарамай бәйгеге қосатынын білдіреді. Жұрт ішінде Жұбанды қыжырта кемсітіп, әжуа етушілер де болады. Жұбан мұның бірін елемей, құла қасқасын тәуекел деп бәйгеге қосады. Ұзын саны алпысқа тарта бәйге аттарының ішінде Жұбанның Ақсақ құласы жалғыз қара болып бірінші келеді. Осы оқиғаны көзімен көріп, көңіліне тоқыған Сарымалай сыбызғысына күй етіп тартқан екен.
Ағылшын
The Lame Ears (Version II)
One branch of the twelve clans of the Small Zhuz, known as Baiuly, is called Aday, and one of the prominent tribes descending from Aday is named Kiryqmyltik. Within that Kiryqmyltik, there was a respected man named Karabas. When Karabas passed away, it is said that people from all three zhuzes mourned together. Karabas's children held their father's memorial feast in the thick of the Alshyn at Kumauyt. They invited all three zhuzes and put up fifty camels and two hundred fifty sheep as the grand prize. At Karabas's feast, besides the notable figures from all three zhuzes, they did not turn away any of the contenders wishing to participate. One of those contenders was a young man named Zhuban, who came from the Tabyn Ata region. Despite his horse, a light gray, having lost its footing and limping as he arrived, he expressed his intention to enter the race. Among the crowd, some mocked and belittled Zhuban. Ignoring them, Zhuban decided to take a chance and entered his light gray horse into the race. Among nearly sixty racehorses, Zhuban's Aksaq Qulas was the only black horse that came in first. Sarymalai, who witnessed this event and absorbed it into his heart, later played it as a tune on his flute.