Ерден (I нұсқа)

Бірде Ерден жапсар жатқан Таманың Қазы деген әлдісімен қырбай болып, қыр көрсету үшін алалы жылқысын ойсырата айдатып алады. Жылқышылар дереу із кесіп, ұрланған жылқылардың Бағаналы еліне тірелгенін анықтайды. Кешікпей-ақ, Ерубай би бастаған Байзақ қажы, Берден, Иманмырза, Есеншора батыр, Барлыбай, Тіленші, Құлтас қата...

Қазақша
Ерден (I нұсқа)
Бірде Ерден жапсар жатқан Таманың Қазы деген әлдісімен қырбай болып, қыр көрсету үшін алалы жылқысын ойсырата айдатып алады. Жылқышылар дереу із кесіп, ұрланған жылқылардың Бағаналы еліне тірелгенін анықтайды. Кешікпей-ақ, Ерубай би бастаған Байзақ қажы, Берден, Иманмырза, Есеншора батыр, Барлыбай, Тіленші, Құлтас қатарлы Таманың игі жақсылары Ерденнің алдына өту үшін атқа қонады. Берсе, ақадал малын айдап қайтып, бермесе, бетін біліп қайтпақшы болады. Сол кезде Дүкенұлы Ықылас жиырмаға әлі тола қоймаған жігіт екен. Өз еліне қобызшылығымен танылып, тіптен өз жанынан күй шығарып, жұрт аузына іліге бастаған кезі болса керек. Ерденнің ауылын бетке алған Таманың игі жақсылары Ықыласты да атқосшы етіп ерте жүреді. Содан, Таманың жоқшылары Ерденнің ақ ордасына келіп ат басын тірейді. Сол жерде осыдан бір күн бұрын Ерденнің Әйменде деген ұлының қайтыс болып, қаралы күйде екенін естиді. Маманың игі жақсылары аза үстіне тап болған соң иба сақтап, Ерденге көңіл айтудан арыға бармайды. Ерден болса жұбату сөздердің бірде-біріне селт етіп мойын бұрмастан, ах ұрып теріс қарап жатып алады. Ерденнің бұл сияқты қайғы жұтып, қасірет шеккен халі тек қонақтарды ғана емес, бүкіл Бағаналы елін дағдартады. Сөз біледі, жөн біледі дегендердің көңіл білдіріп, басу айтуы Ерденнің басын жерден көтерте алмайды. Сонда Бағаналы елінің Шоқай /Құлжабай деп те айтады/ деген шешені келіп былайша басу айтаса керек: Ассалаумағалейкүм Ерден! Кеткенің бе кердең. Мен Шоқай ағаң, Алыстан көңіл айта келген, Кел, кәне, көріселік, Басыңды көтер жерден! Басыңа бақыт құсы қонып, Жасыңнан орын алдың төрден. Жаратқан пұлсыз беріп, құнсыз алды, Нең бар еді Құдайға берген?! Сенің шикі өкпе балаң түгілі Әкең Сандыбай да өлген. Оны мына мен көзімнен көргем, Қолымнан көмгем. Өлген қайтып келмен! Ауырды жер көтереді, Жерді жел көтереді, Қазаны ел көтереді, Қайғыны ер көтереді. Қарадан туған хан емес пе едің, Айырдан туған нар емес пе едің? Кеше әкең Сандыбай өлгенде, Қасында мен бар емес пе едім? Сен сонда жалаңаяқ бала емес пе едің? Жаманның басына іс түссе, бойлай береді, Көтер басыңды, Қарсы ал досыңды! Босатпа беліңді, Жасытпа еліңді! – деп сөз тастайды ғой. Сонда ғана Ерден: – Е-е, бастасым келген екен ғой! – деп, жастықтан басын көтеріп отырады. Бірақ қайғыдан есеңгіреп, ешкімге назар салмастан еңсесі түсіп отырып қалады. Тек, анда-санда құмыға уһілеп, тұсында сүйеулі тұрған қара қобызын сипап қойып, шерін босатқысы келгендей шырай танытады дейді. Қобызды сипай отырып, «Жазғызым, құлыным!», – деп булыға күбірлейді. Осылайша қара қобызына Ерден әлденеше рет қол созады. Кеудесін кернеген зарды сыртқа шығарар сарын тілегендей болады. Ерденнің басындағы осындай қайғылы халге босаға жаққа тізе бүккен Ықылас та куә болып отырады. Өлімнің жолы ауыр ғой, ол да іштей егіліп, Ерденнің басындағы қайғыны қобыз тілімен сарната сөйлеткісі келеді. Бірақ осынау азалы шаққа қаншалықты араша түскісі келіп отырса да, төрге баса-көктеп шығып қобызға қол тигізуге батпайды. Осындай күйде үш күн, үш түн өтеді. Әймендені арулап қойып, өліктің үшін береді. Көңіл айтшылардың алды соңғы басу сөздерін айтып аттана бастайды. Ерден болса сол өзімен-өзі болып, тіс жармаған қалпы қара қобызына мұңая қарап қойып отырған қалпынан танбайды. Ал Таманың игі жақсылары болса үн-түнсіз аттанып кетуді жөн көрмей, «өлгеннің артынан өлмек жоқ, тірі адам тірлігін ісейді» деген қисынды сөздерін айта отырып, келген шаруаларын емеурін етеді. Сол жерде Ерден бір-ақ ауыз сөз қайтарады: – Өз малым иесіз қалып жатқанда өзгенің малын қайтемін! – деп келте қайырады да, орнынан тұрып, сыртқа шығып кетеді. Ерденнің бетін білген соң Таманың ер-азаматтары қайтуға жиналады. Осы кезде неше күндей қобызға ынтық болып, бірақ мынандай қаралы шақта қол созуға батылы жетпей булығып отырған Ықылас төрдегі қара қобызды ала салады да, шалып- шалып жібереді ғой. Жай шалмайды, үш күн бойғы Ерденнің «беу, жалғызым, құлыным!» деп күрсіне егілген сөзін сөйлете сызады. Сол қалпы Ерденнің көкірегіне кептелген зарды аңырата созып бір қайырады да, қобызды іргеге сүйей салады. Осы кезде сырттан ентіге басып Ерден кіреді. Көзі жасаурап, иегі кемсеңдеп, омырау ашылып кеткен. Кірген бетте үй ішіндегі Таманың жоқшыларын бір шолып өтеді де: – Апыр-ай, біреуің қобыз тарттыңдар ма, жоқ әлде, менің кеудемді кернеген қайғы сыртқа шыққысы келді ме?! Бір сарын сұңқылдап есімді алғандай болды-ау! – депті. Сонда үй ішіндегілер Ерденнің толқып, бұзылып тұрған өңінен қаймығып, жерге кіріп кете жаздап еді дейді. Тек бір қарт отырып: – Ау, Ерден, сабыр-сабыр! Мұнша неге боркемік болып кеткенсің. Мына бір бала балалық жасап, қобызыңа қол тигізіп қойды, – деп Ықыласты көрсетеді. Осы кезде Ерден екі иығын басқан зіл батпан жүкті алғандай, еңсесін түзеп келіп орнына отырады. Сонан соң басын көтеріп, қабағын ашып, Таманың жоқшыларына мойын бұрып тіл қатады: – Уа, Таманың жақсы-жайсаңдары! Тай-тайлақты екінің бірі ұрлайды. Рас, мен сендерден мал ұрлап едім. Ал сендер менен адам ұрлапсыңдар! Неше күннен бері менің қайғымды қызықтағанша, сол қайғыма араша түсер адамның барын айтсаңдар болмай ма?! Іздегендерің мал болса табылар, қайғымды сейілтер күй табылмас... Бел шешіп жайғасыңдар, қобыз тыңдайық! – деген екен. Неше күн бойы азалы ортада толқумен болған Ықылас қолына қара қобыз тиісімен тың сарынды сыза жөнеліпті. Қобыздың қоңыр үні «бе-еу, жалғызым, жалғызым!» деген шерлі сөзді жоқтау айтқандай азынай созып бастап, «айналайын қарағым- ай, үйбай-ай!» деп күңірене толғап, күрсіне қайырады. Қыл қобыз ішегін тарта жылап, азалы жанның зарын төгеді. Өтпелі өмір, опасыз жалған туралы тұңғиық ойларға батырады... Сонда Ерден: – Пай-пай, мұндай да жорға болады екен ғой! Десе десін- ау, десе десін-ау! – деп, қайғыдан сейілгендей шырай танытқан екен. Сөйтіп, осы жолы Таманың игі жақсылары Ықыластың қобызының арқасында ұрлаған малдардың көзі барына көзін алып, көзі жоғына төлеуін алып, ат-шапан айып үшін алдарына қосақ салып, арттарына тіркеу ертіп, абыроймен елге қайтады. Ал Ықыласқа арнайы сый-сияпат жасап, иығына оқалы шапан жабады, астына ат мінгізеді. Ықыластың осы жолы Ерден алдында тартқан көңіл айту күйі ер арасына «Ерден» деген атпен тарап еді дейді.
Ағылшын
Erden (Version I)
Once, Erden had a quarrel with the wealthy Kazı of Tamаn, and to show off, he drove away his spotted horses. The horse herders immediately tracked the stolen horses and determined that they had reached the land of Baganaly. Soon, the good people of Tamаn, led by Erubai bi, Bayzak hajy, Berden, Imanmyrza, Esenshora batyr, Barlybay, Tilenşi, and Qultas, mounted their horses to confront Erden. They intended to either return with their rightful livestock or at least learn his intentions. At that time, Dukenuly Yqylas was still a young man, not yet twenty. He was known in his homeland for his skills with the kobyz and had even begun to compose his own melodies that were starting to gain popularity. The good people of Tamаn took Yqylas along as a servant on their way to Erden's village. Thus, the envoys of Tamаn arrived at Erden's white yurt. There, they learned that Erden's son, Aymende, had passed away the day before and that the household was in mourning. The good people of Tamаn, upon encountering this sorrow, refrained from expressing their condolences out of respect. Erden, however, did not respond to any of the comforting words, turning away and lying down with a sigh. Erden's state of grief and suffering affected not only the guests but the entire Baganaly people. Those who were known for their eloquence and wisdom could not lift Erden's spirits. Then, the wise woman of Baganaly, Shokai (also called Qulzhabay), came to offer her words of comfort: "Assalamu alaikum, Erden! Have you gone away, my friend? I am your elder Shokai, Come from afar to express my condolences. Come, let us meet, Lift your head from the ground! May the bird of happiness rest upon you, You have taken your place at the head of the table. The Creator gave without cost, took without value, What did you have to give to God?! Your raw-liver child has died, Your father Sandybai has also passed. I have seen it with my own eyes, I have buried him with my own hands. The dead do not return! The earth bears the heavy, The wind lifts the earth, The people bear the pot, The brave bear the sorrow. Were you not born of common stock, Were you not born of a strong lineage? When your father Sandybai died yesterday, Was I not there beside him? Were you not a bare-footed child then? When misfortune befalls the wicked, it spreads, Lift your head, Welcome your friend! Do not loosen your belt, Do not sadden your people!" Only then did Erden respond: "Ah, I was waiting for this!" and he lifted his head from the pillow. However, still dazed by grief, he remained slumped, not paying attention to anyone. Occasionally, he would sigh deeply and caress the black kobyz leaning against him, as if wanting to release his sorrow. While stroking the kobyz, he murmured, "My dear, my child!" Thus, Erden reached out to his black kobyz several times, as if seeking a melody to express the sorrow swelling in his chest. Yqylas, kneeling by the threshold, witnessed Erden's sorrowful state. The path of death is heavy, and he too felt a deep sorrow, wanting to make the kobyz speak of Erden's grief. But despite his desire to intervene in this mournful moment, he could not muster the courage to step forward and touch the kobyz. In this state, three days and three nights passed. After mourning Aymende, they prepared the body for burial. Those offering condolences began to leave after saying their final words. Erden, however, remained absorbed in his own thoughts, gazing mournfully at his black kobyz. The good people of Tamаn decided against leaving quietly, saying, "There is no point in mourning the dead; the living must continue their lives," and hinted at their business. At that moment, Erden replied with a single phrase: "When my own livestock is left without an owner, what do I care for others' livestock!" He said this curtly and stood up, stepping outside. Once Erden had turned his face away, the men of Tamаn began to gather to leave. At that moment, Yqylas, who had longed to play the kobyz but had hesitated during this mournful time, boldly took the black kobyz from the corner and began to play. He did not just play casually; he drew out the sorrowful words that Erden had expressed over the past three days, "Oh, my only one, my child!" and continued to lament, "Oh, my dear, my beloved!" The sound of the kobyz wept, pouring out the sorrow of a grieving soul. It plunged into profound thoughts about fleeting life and treacherous existence... Then Erden exclaimed: "Wow, such a melody can exist! Let them say what they will!" and he seemed to lighten, as if his grief had lifted. Thus, this time, the good people of Tamаn, thanks to Yqylas's kobyz, managed to retrieve the stolen livestock and received compensation for what was lost, returning home with honor. They also honored Yqylas with gifts, draping a ceremonial robe over his shoulders and providing him with a horse to ride. The heartfelt melody that Yqylas played for Erden on this occasion spread among the people as the "Erden" tune.