Ерден күйі (ІІ нұсқа)

Ықыластың туған жері – Тама әкімшілік тұрғысынан ол кезде Ақмола уезіне бағынатын. Ояз бастығы, басқаша айтқанда «дуанбасы» Ерден деген біреу болады. Ол ешкімнен, ешнәрсемен санаспаған ниеті қара, қатал жан атанады. Ол әсіресе негізгі тұрғындары Арғын руы болып саналатын бұл жерге ауып келген Тама руына тым қыспақтық ж...

Қазақша
Ерден күйі (ІІ нұсқа)
Ықыластың туған жері – Тама әкімшілік тұрғысынан ол кезде Ақмола уезіне бағынатын. Ояз бастығы, басқаша айтқанда «дуанбасы» Ерден деген біреу болады. Ол ешкімнен, ешнәрсемен санаспаған ниеті қара, қатал жан атанады. Ол әсіресе негізгі тұрғындары Арғын руы болып саналатын бұл жерге ауып келген Тама руына тым қыспақтық жасайды. Екі руды таластырып, Ерден өзінің бас қамын ойлайды. Бір күні Тама руының өкілі жинаған алым-салыққа мүсе тұтпаған Ерден, Арғындармен шектес отырған Тамалардың жылқысын қуып әкелуге өз шабармандарын жұмсайды. Таманың адамдары «абыройлы, беделді» Ерденге келіп ешбір жазықтарының жоқ екенін, тиісті алым-салықтарын тиісінше төлегендерін айтып, мал-мүліктерін қайтарып беруін өтінеді. Олардың сөздерін құлағына ілмеген Ерден, тіпті «түрмеге айдаймын» деп қорқытады. Тіпті, ол ол ма, Ерденнен көңілі қалған оның бір атшабарманы Ықыласты қамшымен сабалап бәлеғаттап оның жалғыз атын тартып алады, қобызын тағы сындырмақшы болады. Ашуға булыққан Ықылас жаяу болса да Ақмолаға барып «дуанбасына» өз көзімен көрген атшабарман әділетсіздігін айтуға бел буады. Бірақ ауылдастары Ықыластың бұл ойын мақұлдамайды. Ерден ол ойлағандай ақкөңіл емес, ол қайта біздің жылқымызды қайырып беруді өтінген ақылды азаматтарымызды дымсыз қуып жіберген, «ол, сені, Ықылас тіпті кісі құрлы көрмейді» дейді олар. Бірақ Ықылас ауылдастарының бұл ақылын тыңдамайды. Жолда ол «Жалғыз аяқ» күйін шығарады. «Егер би бір ауылды ғана билесе, – дейді Ықылас, – менде жүрегі таза, ар-ұяты бар адамдарды билейтін күш бар, менде, менің өтінішімді «жарым патшаның» өзін тыңдауға мәжбүр ететін қобыз бар». Жолда – Ақмолаға жақындағанда, Ықылас Ерденнің сүйікті ұлы Айменденің өліп, оның ауыр қазаға ұшырағанын, Ерденнің кеңсесінде сирек болатынын естиді. Қолтығына қобызын қысып, Ықылас Ерден үйіне келеді. Алдынан қарсы шыққан Ерденнің малайы «дуанбасының» үйде екенін, бақсыны қабылдауға құштар екенін айтады. Ол кезде қобыз ұстағанның бәрі бақсы атанатын. Басын төмен түсіріп, Ықылас төр үйге кіреді. Қайғысына ортақтасқандай болып, ол қысқаша дұға оқиды да, өзінің қобызын ала салып қайғылы-қазалы күйін ойнай бастайды. Күйдің музыкасына шыдай алмаған Ерден мен оның үй-іші ұзақ жыласады. Қайталап тағы және тағы ойна дегендей Ерден Ықыласқа басын изеп белгі береді. Көңілі толған Ерден Ықыласқа жақсылап қонағасын беріп, кетерінде: «Қандай өтінішің бар еді?» – деп сұрайды. «Менің бір ғана өтінішім бар, егер мүмкіндігі болса, Тама руының жылқысын қайтарып бергізуіңізді сұраймын», – деді Ықылас. Ерден бұл өтінішін орындайтынына уәде береді, Ықыластың тағы бірнеше үйінде жатып, өзінің қобыз ойнап, үй ішінің көңілін аулауын өтінеді. Ерденнің ұлы Айменде өліміне арнап шығарған Ықылас күйі халық арасына «Ерден күйі» атанып тарап кеткен.
Ағылшын
Erden's Tune (Version II)
Iqylas's birthplace is Tamas, which at that time was under the jurisdiction of the Akmolinsk district. The head of the district, otherwise known as the "duanbasy," was a man named Erden. He was known to be a harsh and ruthless person who did not care for anyone or anything. He especially oppressed the Tamas, who had migrated to this area, where the main inhabitants were considered to be the Arghyn tribe. By pitting the two tribes against each other, Erden was looking out for his own interests. One day, when Erden did not accept the taxes collected by a representative of the Tamas, he sent his messengers to chase down the Tamas' horses that bordered the Arghyns. The people of Tamas came to the "honorable and respected" Erden, stating that they had committed no wrongdoing and had paid their due taxes, asking him to return their livestock. Ignoring their pleas, Erden even threatened to send them to prison. To make matters worse, one of his horsemen, disgruntled with Erden, whipped Iqylas and tried to take away his only horse, even attempting to break his kobyz. Fueled by anger, Iqylas decided to go to Akmolinsk on foot to tell the "duanbasy" about the injustice he had witnessed. However, his fellow villagers did not approve of Iqylas's plan. They warned him that Erden was not as kind-hearted as he thought; he had previously sent away wise citizens who had asked him to return their horses, saying, "He does not see you, Iqylas, as even a human being." But Iqylas did not heed the advice of his fellow villagers. On the way, he composed the "Zhalgyz Aiaq" tune. "If a khan rules only one village," Iqylas said, "I have the strength to rule over people with pure hearts and conscience; I have a kobyz that can compel even the 'half-king' himself to listen to my plea." As he approached Akmolinsk, Iqylas learned that Erden's favorite son, Aymende, had died and that Erden was rarely at his office due to this heavy loss. Clutching his kobyz under his arm, Iqylas arrived at Erden's house. The servant who met him informed him that the "duanbasy" was at home and eager to receive the shaman. At that time, anyone holding a kobyz was considered a shaman. Bowing his head, Iqylas entered the main room. As if sharing in the grief, he briefly recited a prayer and then began to play a mournful tune on his kobyz. Unable to withstand the music, Erden and his family wept for a long time. Erden nodded to Iqylas, signaling him to play again and again. Once his heart was filled with emotion, Erden offered Iqylas a proper meal and, before he left, asked, "What is your request?" "I have only one request; if possible, I ask you to return the horses of the Tamas tribe," Iqylas replied. Erden promised to fulfill this request, and Iqylas stayed in several of his homes, playing his kobyz and entertaining the family. The tune Iqylas composed in memory of Aymende's death became known among the people as the "Erden Tune."