Қазан

«Қазан» күйіне қатысты ел ішінде мынадай бір сөз бар. Ықылас өз кіндігінен Түсіпбек, Мақұлбай, Ақынбай деген үш ұл көрген. Үшеуі де әке өнерін шашау шығармай, бойларына дарытқан қобызшылар болған. Осылардың ішінде үлкені болған соң ертерек шаруаға араласып, ағайынға бас-көз болғаны Түсіпбек. Еті тірі Түсіпбектің қотаны...

Қазақша
Қазан
«Қазан» күйіне қатысты ел ішінде мынадай бір сөз бар. Ықылас өз кіндігінен Түсіпбек, Мақұлбай, Ақынбай деген үш ұл көрген. Үшеуі де әке өнерін шашау шығармай, бойларына дарытқан қобызшылар болған. Осылардың ішінде үлкені болған соң ертерек шаруаға араласып, ағайынға бас-көз болғаны Түсіпбек. Еті тірі Түсіпбектің қотанына мал бітіп, саудасы сәтімен жүріп, әжептәуір дәулет иесі болған адам. Бір жылы Арқа байлары мен серіктесіп Ірбіт жәрмеңкесіне кіре тартады. Өзімен бірге «әрі серік боласыңдар, әрі ел-жер көресіңдер» деп, әкесі Ықылас пен інісі Мақұлбайды ертіп алады. Ірбіт жәрмеңкесінде саудасы сәтімен жүрген Арқа байлары іргеде тиіп тұрған Қазан қаласының қазыналы дүкендеріне соға жүруді ниет етеді. Бірге келіп, бөлек қайтудың қисынын таппаған Түсіпбектер де амалсыз Қазандатып қайтпақ болады. Осы сапар Қазан қаласына жеткенде Мақұлбай тосын бір дертке шалдығып, дүние салады. Сонда Ықылас: «Қазанға мен барғаным, Мақұлбайдан қалғаным!..» – деп, өзінің жоқтау күйін тартып еді дейді. Бұл күйі кейін ел ішіне «Қазан» деген атпен тарайды.
Ағылшын
Kazan
There is a saying among the people regarding the "Kazan" melody. Ykhlas had three sons named Tüspbek, Maqylbay, and Aqynbay. All three were talented musicians who inherited their father's artistry without losing any of it. Among them, the eldest, Tüspbek, got involved in business early on and took care of the family. Energetic Tüspbek became quite wealthy as his livestock thrived and his trade prospered. One year, he partnered with the wealthy men of Arqa to participate in the Irbit fair. He took his father Ykhlas and his brother Maqylbay with him, saying, "You will be both companions and see the world." At the Irbit fair, the successful traders from Arqa intended to visit the treasure-filled shops of the nearby city of Kazan. Unable to find a way to return separately after coming together, the Tüspbeks reluctantly decided to return through Kazan. During this journey, when they reached Kazan, Maqylbay unexpectedly fell ill and passed away. At that moment, Ykhlas lamented: "I went to Kazan, I am left without Maqylbay!" – and it is said that he played his mourning melody. This melody later spread among the people under the name "Kazan."