Арман (ІІІ нұсқа)

Мергенбай он алты жасында батыр атаныпты. Ол былай болған екен. Текес өзенінің ар жағында отырған қалмақтар бер жағындағы қазақтардың малын шауып, қыздарын ұрлап, қайта-қайта мазасын ала беріпті. Ердене асқан бай екен. Жылқысы Сырт жайлауда жататын көрінеді. Бес жүз кісі қол жинап, қалмаққа шабуыл жасамақ мақсатпен сол...

Қазақша
Арман (ІІІ нұсқа)
Мергенбай он алты жасында батыр атаныпты. Ол былай болған екен. Текес өзенінің ар жағында отырған қалмақтар бер жағындағы қазақтардың малын шауып, қыздарын ұрлап, қайта-қайта мазасын ала беріпті. Ердене асқан бай екен. Жылқысы Сырт жайлауда жататын көрінеді. Бес жүз кісі қол жинап, қалмаққа шабуыл жасамақ мақсатпен сол Сыртта ат үйретіп, ұрыс, шабыс, атысқа дайындалады. Солардың ішінде Мергенбай да бар екен. Әкесі оны сырт көзден тасада ұстапты. Тілден, көзден сақтағаны болса керек. Бірақ бала Мергенбай әкесінің рұқсатынсыз бес жүз адаммен бірге қалмаққа аттанады. Әуелі ежелгі ұрыс әдісі бойынша жекпе-жекке жол беріледі. Алғашқыда бес жүз кісіден қырық адам алға шығады. Соңында сол қырық адамнан екі-ақ адам суырылып жеке қалады. Екі адамның бірі Мергенбей, Екіншісі кіші әкесі Шыңғысбай батыр екен. Шыңғысбай батыр айтады: – Балам, бірінші кезек кәпір қалмақтыкі. Босқа мерт боларсың. Жолды маған бер, – дейді. – Жоқ, әке, – дейді Мергенбай, – шынымен ұл деп танысаңыз, жекпе-жекке мені жіберіңіз, – деп көнбей қояды. Шыңғысбай амалсыз көнеді. Найзаның ұшында отырғандай дегбірі қашып, ұлының амандығын тілеп, әруаққа сыйынып, Құдайға жалбарына береді. Бірінші кезек қалмақтыкі екен. Алғашқыда білтелі қара мылтығымен атпақ болғанда, от алмай қалып, кезек Мергенбайға тиеді. Ақшолақ бірдеңке деген мылтығымен алып қалғанда, қалмақтың тұмағын ұшырып әкетіпті. Бұдан кейін семсерлесу басталады. Мергенбей жастық шапшаңдықпен а дегенде-ақ қарсы келе жатқан қалмақтың жарты басын жарып өтеді. Қалмақ ат жалын құшып құлайды. Мергенбей енді әрең дегенде аттан аунатып жерге сұлатып, семсерін көтеріп басын шабайын деп жатқанда, батыр қалмақ жарты басын көтеріп: – Әй, батыр, жас екенсің. Сілтеуді білсең де, кесуді үйренбепсің. Шабуылды білсең де, шабуды білмепсің. Семсерің тағы қата тиер. Мә, кесер болсаң, өзімнің семсеріммен кес, – деп Мергенбейдың қолына ұстара жүзді семсерін беріпті. – Сенің атың кім? – дейді Мергенбай. – Бадыма, – дейді қалмақ батыры. – Мен – Мергенбаймын! – деп көзі қанталаған Мергенбай семсерді көтере бергенде, Шыңғысбай: – Балам, әлі жассың, мойныңа қан жүктеме. Нағыз ер екен. Өлсе, енді өз ажалымен өлсін, – деп тоқтатыпты. Сол жолы қазақтар қалмақты шауып, ендігәрі тиіспейтіндей етіп үлкен олжамен оралыпты. Сонда Ердене ұлының ерлігін естіп, алдынан шығып: – Сендей ұлды берген Алладан айналайын. Арманым орындалды. Құдайға мың да бір шүкір, – депті. Сонда Мергенбай қалмақтың батырлығын айтып: – Нағыз дос болатын-ақ жігіт екен, әттең... – деп арман қылыпты. Өмірінің соңына дейін сол арман көкейінен кетпей, ылғи «Арман» күйін тартады екен.
Ағылшын
Dream (Version III)
Mergenbay became a hero at the age of sixteen. This is how it happened. The Kalmyks sitting across the Tekes River repeatedly troubled the Kazakhs on this side by stealing their livestock and abducting their daughters. Erdene was a wealthy man. His horses were said to be grazing in the Sirt pasture. He gathered five hundred men to prepare for an attack on the Kalmyks, training in horsemanship, combat, and shooting in the Sirt. Among them was Mergenbay. His father kept him hidden from the outside world, likely to protect him from the evil eye. However, young Mergenbay set off with the five hundred men without his father's permission. First, according to ancient battle customs, a duel was allowed. Initially, forty men stepped forward from the five hundred. In the end, only two men remained from those forty. One of them was Mergenbay, and the other was his uncle, the hero Shyngysbay. Shyngysbay said: – My son, the first turn belongs to the infidel Kalmyk. You will perish for nothing. Let me take the lead, – he said. – No, father, – replied Mergenbay, – if you truly recognize me as your son, let me go for the duel, – he insisted. Shyngysbay reluctantly agreed. As if sitting at the tip of a spear, he lost his composure, praying for his son's safety and seeking blessings from the spirits, pleading with God. The first turn indeed belonged to the Kalmyk. Initially, when he attempted to shoot with his flintlock, it misfired, and the turn went to Mergenbay. When he managed to fire with his awkward weapon, he knocked the Kalmyk's hat off. After that, sword fighting began. With youthful agility, Mergenbay swiftly split the head of the approaching Kalmyk in half. The Kalmyk fell, clutching his horse's reins. Just as Mergenbay was about to strike the fallen Kalmyk's head with his sword, the hero Kalmyk lifted his half-head and said: – Hey, hero, you are young. Even if you know how to aim, you haven't learned how to cut. You may know how to strike, but you don't know how to slay. Your sword might strike clumsily. If you want to cut, use my sword, – he handed Mergenbay his razor-edged sword. – What is your name? – asked Mergenbay. – Badima, – replied the Kalmyk hero. – I am Mergenbay! – said Mergenbay, his eyes bloodshot as he raised the sword, when Shyngysbay interrupted: – My son, you are still young; do not burden your neck with blood. He is a true warrior. If he is to die, let it be by his own fate, – he stopped him. That day, the Kazakhs defeated the Kalmyks and returned with great spoils, ensuring they would not be troubled again. Hearing of his son's bravery, Erdene came out to meet him: – I am grateful to God for giving me a son like you. My wish has come true. A thousand and one thanks to God, – he said. Then Mergenbay spoke of the Kalmyk's bravery: – He was indeed a true friend, alas... – he lamented. Until the end of his life, that longing never left his mind, and he always played the "Arman" tune.