Мұңлы қыз (III нұсқа)

Бұл күй халық арасында «Әуппәли, бөпем-ай», «Жетім қыз», «Мұңлы қыз» деген атауларға ие. Көп тараған аты – «Мұңлы қыз». Күйдің де, аңыздың да бірнеше нұсқалары бар. Сол аңыздардың бірінде былай делінеді: Бір жігіт әкеден жастай жетім қалып, шеше тәрбиесінде өседі. Тентек атанып өскен ол бетіне ешкімді келтірмепті. Шеше...

Қазақша
Мұңлы қыз (III нұсқа)
Бұл күй халық арасында «Әуппәли, бөпем-ай», «Жетім қыз», «Мұңлы қыз» деген атауларға ие. Көп тараған аты – «Мұңлы қыз». Күйдің де, аңыздың да бірнеше нұсқалары бар. Сол аңыздардың бірінде былай делінеді: Бір жігіт әкеден жастай жетім қалып, шеше тәрбиесінде өседі. Тентек атанып өскен ол бетіне ешкімді келтірмепті. Шешесінің «мүмкін, тоқтар» деп үйлендірген ниетінен ештеңе шықпайды. Әйелі ұл бала туады, бірақ тоқтауына ол да септеспейді. Ақыры сол елдің ауқатты әулеттерімен сыйыспай, елден шеттеп кетеді. Маңайына адам топтап, байларға бөрідей тиеді. Бір күні өзі жоқта елін қарақшылар шауып, ауылды аяусыз масқаралап, қырып-жояды. Қан сасыған ауылда жігіттің қарындасы мен жалғыз баласы ғана тірі қалыпты. Ағасының жас баласын арқалаған қыз, жігіттің бекінген жеріне келіп, ағасына шешесі мен жеңгесінің, бүкіл ауыл азаматтарының қазасын естіртіпті. «Жігіт кек алу жолында атқа мінеді», – деп аяқталады шежіре-сөз. «Әуппәли, бөпем-ай» немесе «Мұңлы қыз» күйі өмірге осылай келіпті.
Ағылшын
The Sorrowful Girl (Version III)
This melody is known among the people by the names "Auppali, my baby," "The Orphan Girl," and "The Sorrowful Girl." The most common name is "The Sorrowful Girl." There are several versions of both the melody and the legend. In one of those legends, it is stated: A young man became an orphan at a young age and was raised by his mother. Growing up known as a troublemaker, he did not let anyone near him. His mother’s intention to marry him off, thinking "maybe he will settle down," comes to nothing. His wife gives birth to a son, but that does not help him settle down either. Eventually, he becomes estranged from the wealthy families of the region and leaves the village. Gathering people around him, he attacks the rich like a wolf. One day, while he is away, bandits raid his village, mercilessly humiliating and destroying it. In the blood-soaked village, only the young man's sister and his only son survive. Carrying her brother's young child, the girl arrives at the place where her brother has fortified himself and informs him of the deaths of their mother, sister-in-law, and all the men of the village. "The young man mounts his horse to take revenge," concludes the tale. Thus, the melody "Auppali, my baby" or "The Sorrowful Girl" came into being.