Ташауыз

Мырза Ташауыз жерінде базар аралап келе жатады, – деп баян етеді күйдің ұзын-ырға тарихы. – Халық жиналған жаймада бір түркімен жігіті дутар тартып, өнер көрсетіп отырады. Түркімен жігітінің тартып отырған күйінің аты «Ташауыз» екен. Бұл қандай күй дегендерге: «Мына Ташауыз көпірін салған ерлердің құрметіне арнаған күй...

Қазақша
Ташауыз
Мырза Ташауыз жерінде базар аралап келе жатады, – деп баян етеді күйдің ұзын-ырға тарихы. – Халық жиналған жаймада бір түркімен жігіті дутар тартып, өнер көрсетіп отырады. Түркімен жігітінің тартып отырған күйінің аты «Ташауыз» екен. Бұл қандай күй дегендерге: «Мына Ташауыз көпірін салған ерлердің құрметіне арнаған күйім», – деп, дутарын тарта береді. Азғантай уақыттан соң, жігіттің қасына бір қыз келіп, тиісе сөйлейді: – Аға, күйді жақсы тартады екенсіз. Әйткенмен, мына тартқан күйіңнің бір қайырмасы қалыс қалғаны-ай, – деп, түркімен жігітінің тартқанын місе тұтпай, қыз бұл күйді қайта тартады. Күн ұзақ жиналған халық арасында елеусіз тұрып, бір күйге таласқан екі өнерпаздың өнерін тамашалаған Мырза, қызға былай дейді: – Шырағым-ай, күйді сен де әсерлі шертеді екенсің. Дегенмен, сенің де бір қайыруың қалыс болды ғой, – деп салалы саусақтарын домбыра шанағына созады. Осы жерде Мырза қыз бен жігіттің күйін қорыта келе өз жанынан жаңа бір әуен ырғағын төгілте жөнеледі. Кейін бұл күй халық аузында «Ташауыз» атанады.
Ағылшын
Tashauyz
Mirza is wandering through the market in the Tashauyz region, as the long history of the melody is narrated. A Turkmen young man is playing the dutar and performing in a gathering of people. The name of the melody the Turkmen young man is playing is "Tashauyz." To those who ask what kind of melody it is, he replies, "This is my melody dedicated to the heroes who built the Tashauyz bridge," and continues to play his dutar. After a short while, a girl approaches the young man and teasingly speaks: – Brother, you play the melody well. However, one refrain of the melody you played is missing, – and not satisfied with the Turkmen young man's performance, the girl plays the melody again. Having watched the performances of the two artists competing for a melody among the crowd gathered all day, Mirza says to the girl: – My dear, you also play the melody expressively. However, you too have a refrain that is missing, – and he stretches his long fingers towards the body of the dombyra. At this point, summarizing the melodies of the girl and the young man, Mirza begins to pour out a new rhythm of his own. Later, this melody becomes known among the people as "Tashauyz."