Балжан қыз

Балжан деген қыз қарақалпақтар ортасында туып-өскен қазақ қызы екен. Ақылына көркі сай, қылығына өнері сай, жұрт аузына іліккен ару бойжеткен болса керек. Қазанғап жер көріп, ел танып, өнер іздеп жүрген кезінде Балжан қызбен танысып, тұңғыш рет бозбала сезімі оянады. Ойын-тойда сөздері жарасып, өнерлері үндесіп, біраз...

Қазақша
Балжан қыз
Балжан деген қыз қарақалпақтар ортасында туып-өскен қазақ қызы екен. Ақылына көркі сай, қылығына өнері сай, жұрт аузына іліккен ару бойжеткен болса керек. Қазанғап жер көріп, ел танып, өнер іздеп жүрген кезінде Балжан қызбен танысып, тұңғыш рет бозбала сезімі оянады. Ойын-тойда сөздері жарасып, өнерлері үндесіп, біраз күн жұптары жазылмай бірге болады. Содан Қазанғап қайтар кезде Балжан қыз арнайы қоштасуға келіп: «Ал, Қазанғап аға, тілеуі жолыңызда жүретін бір қарындасыңыздың барын ұмытпаңыз, қыз ғұмыры қызғалдақтай келте екенін білесіз ғой, жыл ұзатпай келіп тұрыңыз!», – деп ішкі сезімін емеурін етеді. Қазанғап та қимас көңілмен тіл қатып: «Уәде – Құдайдың аты, жыл ұзатпай арнайы келемін», – деп сөз береді. Қазанғап ұзақ жол жүріп, еліне келеді. Елдегі жағдай белгілі. Жоқшылықты серік еткен ата-ана қартайған. Баяғы қоңыр үйдегі тірлік. Қарт анасы Қазанғапқа мұңын шағып, қолқанат болар келін көргісі келетінін білдіреді. Тіптен, көрші ауылдағы көз көрген қатарларымен сөйлесіп, Жәми атты қызға құда түсіп қойғандарын айтады. Тіршіліктің темір қамыты дегеніне көндірмей қойсын ба, Қазанғап әрі-бері ойланып, ата- ананың тілегіне бас иеді. Жәми қыз да тәрбие көрген ару болса керек, Қазанғаптың көңілі толады. Ата салттың рәсімінде «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген жөн- жоралғы бар. Қазанғап бас құраудың қам-кереметіне кіріседі. Кедейдің ойға алғаны қай бір оңайлықпен орындала қойған, бірі кем дүниенің кетігін бүтіндейін деп жүргенде арада бірер жыл өтіп кетеді. Күндердің бір күнінде аяқ астынан Жәми қыз дүние салады. Қазанғап күйзеледі. Күйзелгенмен өлген қайтып тірілмейді. Тірі адам тірлігін жасау керек. Қазанғап тәуекелге бел буып, баяғы қарақалпақ арасындағы Балжан қыздың ауылын бетке алып, жолға шығады. Ойы Балжанды өмірлік жар етіп, алып қайтпақ. Бұл жазмыш дегенді қойсайшы, Қазанғап Балжан қыздың ұзатылу тойының үстіне түседі. Қыз көңілі өңі түгілі түсіндегіге сеніп, дұғадай ұйыйтын әдеті ғой. Балжан қыз Қазанғаптың баяғы уәдесінен көп үміттеніп, күтудей-ақ күткен екен. Бірақ араға екі жылдың жүзі түскенде, амал жоқ күдер үзе бастайды. Күдер үзген соң да сөз салып жүрген бір жақсы жердің баласына келісім береді. Ақылды ару Балжан қыз бота көзі мөлт етіп, көзінің жасын ішіне жұтады. Сонан соң болған іске болаттай беріктік танытып, болашақ күйеуі мен жолдас-жорасына естіртіп ашық шыраймен тіл қатады: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Кінә өзіңізден, енді арамызда өкпе мен өкініш қалмасын. Ақ тілеулі тойымды өзіңіз басқарып, уәдеде тұра алмаған айып-шамаңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!» – деген екен. Бұл сияқты ақ жүрек, адал көңілге көлеңке түсіруге бола ма, Қазанғап сол жерде Балжан қыздың кісілігі мен бүкпесіз ашық көңіліне риза болып: «Дегенің болсын!» деп бас иеді. Сөйтіп, Қазанғап өмір бойы Балжанға сұлулық пен ақыл- парасаттың тәңіріндей табынып, күй шығарып өтеді. Ол күйлері «Балжан қыз», «Қыз он бесте», «Балжанның он жетісі», «Балжанның келін болып түсуі», «Сен кеткенде, мен қайтем», «Балжанның екі мықынының бүлкілдеуі», «Балжан қатын» деген атпен күні бүгінге дейін тартылады. Міне, осыдан кейін өмірді өнердің мәңгілік ететініне күмән келтіріп көріңіз.
Ағылшын
Balzhan Girl
Balzhan is a Kazakh girl who was born and raised among the Karakalpaks. She is said to be a beauty whose intelligence matches her appearance, and her talents complement her character, making her a girl admired by many. During his travels in search of knowledge and art, Qazanğap meets Balzhan and for the first time feels the stirrings of youthful love. Their words resonate at gatherings, and their talents harmonize, and for some time, they remain inseparable. When Qazanğap is about to return, Balzhan comes to bid him farewell, saying: “Well, Qazanğap brother, don’t forget that you have a sister whose wishes will accompany you. You know that a girl’s life is as short as a tulip, so come back without delay!” She hints at her inner feelings. Qazanğap, with a heavy heart, responds: “A promise is made in the name of God; I will come back without delay,” and gives his word. After a long journey, Qazanğap returns to his homeland. The situation in the village is known. His parents, accompanied by poverty, have aged. Life in the old brown house continues. His elderly mother expresses her sorrow to Qazanğap and reveals her desire to see him marry. She even mentions that they have already arranged a match with a girl named Jami from a neighboring village. Not wanting to defy the iron grip of life’s realities, Qazanğap ponders and ultimately bows to his parents' wishes. Jami is also said to be a well-bred beauty, and Qazanğap feels satisfied. There is a saying in traditional customs: “Even if a girl is without a dowry, she is not without value.” Qazanğap begins to prepare for the wedding. The aspirations of a poor man are not easily fulfilled, and while trying to mend the gaps in his life, a few years pass. One day, unexpectedly, Jami passes away. Qazanğap is devastated. However, grief cannot bring back the dead. The living must continue living. Taking a leap of faith, Qazanğap sets out towards Balzhan’s village among the Karakalpaks, intending to take her as his lifelong partner. As fate would have it, Qazanğap arrives at Balzhan’s wedding. The girl, trusting in her dreams and her habitual prayers, had high hopes from Qazanğap’s earlier promise and had waited patiently. But after two years, she begins to lose hope. Once she loses hope, she agrees to a proposal from a good man from a reputable family. The wise girl Balzhan, with tears welling in her doe-like eyes, swallows her sorrow. Then, demonstrating strength in the face of her circumstances, she speaks openly and cheerfully to her future husband and friends: “Qazanğap brother, this is how fate has decreed. I bear no blame; I had hoped to share my longing with you and waited doubly for the promised time. The fault lies with you, and let there be no resentment or regret between us. You, who could not keep your promise, dedicate a song to me for the rest of your life!” How could one cast a shadow on such a pure heart and sincere soul? Qazanğap, grateful for Balzhan’s character and her candid heart, bows his head and says, “Let it be as you wish!” Thus, Qazanğap spends his life composing songs in reverence to Balzhan’s beauty and wisdom. His compositions, titled “Balzhan Girl,” “The Girl at Fifteen,” “Balzhan’s Seventeen,” “Balzhan’s Wedding,” “What Will I Do When You’re Gone,” “The Swaying of Balzhan’s Two Hips,” and “Balzhan the Wife,” continue to be performed to this day. Now, after all this, try to doubt that life immortalizes art.