Көкіл (Көкейге түскен Көкілжан) (ІІ нұсқа)

Бірде Қазанғап оңтүстік өңірінен астық алып қайтпақшы болып, сауда керуеніне ілесіп жолға шығады. Қарақамыс аулының тұсынан өтіп бара жатып, белгілі күйші Үсен төремен танысып, сәлем бере кетпек оймен ат басын бұрады. Үсен төре жол жүріп кеткен екен. Қазанғап сусын ішіп тыныққан соң, Үсен төренің домбырасын келінінен а...

Қазақша
Көкіл (Көкейге түскен Көкілжан) (ІІ нұсқа)
Бірде Қазанғап оңтүстік өңірінен астық алып қайтпақшы болып, сауда керуеніне ілесіп жолға шығады. Қарақамыс аулының тұсынан өтіп бара жатып, белгілі күйші Үсен төремен танысып, сәлем бере кетпек оймен ат басын бұрады. Үсен төре жол жүріп кеткен екен. Қазанғап сусын ішіп тыныққан соң, Үсен төренің домбырасын келінінен алдырып, тарта бастайды. Әлден уақытта сырттан үйге кірген Үсен төре домбырасын тартып отырған бейтаныс адамды көріп: – Домбырамды менің рұқсатымсыз алып тартуға батылы жеткен неткен жансың? Ал енді көрсет өнеріңді, егер дұрыс тарта алмасаң, осы жерде айыбыңды төлейсің? – дейді. Қазанғап өзін таныстыру үшін «Көкейге түскен Көкілжан» атты жаңа бір күйін шертеді. Күйші домбырасы басынан уайым-қайғы арылмаған кедей қауымның ауыр өмірі, жанына батқан мұқтаждығы жайында күңірене жөнеледі. Сай-сүйекті сырқыратқан күй сазы Үсен төрені қатты толқытады. Қазанғаптың домбырашылық шеберлігіне таң-тамаша қалған ол орнынан еріксіз ұшып түрегеліп: – Япырым-ай, түр-тұлғаңа қарасам, алыстан келе жатқан адам тәріздісің, шырағым. Бұл өңірде мен көрмеген, домбырасының үнін естімеген күйші жоқ еді. Сенің домбыраңнан төгілген мына күй жан-жүйемді босатты ғой. Өмірдің талай қиындығын басыңнан өткеріп, мұқтаждықты көп көрген жан екенсің. Ұлықұмның бойында Қазанғап деген кедей, жалғыз атты тамаша домбырашы бар деп естуші едім, сол сен боларсың. Қазанғап болсаң, жоғары шық, төрге оз, – дейді. – Болсақ, болармыз, – деп Қазанғап төрге шыға берген екен. Белгілі күйші Үсен төре мен Қазанғап осылайша танысады.
Ағылшын
Kökil (Kökayge Tüskən Kökilzhan) (Version II)
Once, Qazangap decided to return with grain from the southern region and set out with a trade caravan. While passing by the village of Qarakamys, he intended to greet the famous musician Usen Tore and turned his horse's head. Usen Tore had already left on his journey. After Qazangap had a drink and rested, he asked Usen Tore's daughter-in-law to bring him the dombyra and began to play. After a while, Usen Tore, who entered the house from outside, saw a stranger playing his dombyra and said: – Who dares to take my dombyra and play it without my permission? Now show your skill; if you cannot play well, you will pay for your offense right here! – he said. To introduce himself, Qazangap played a new piece called "Kökayge Tüskan Kökilzhan." The musician began to express the heavy life of the poor community, which was burdened with worries and needs. The melody that resonated through the bones deeply moved Usen Tore. Amazed by Qazangap's mastery of the dombyra, he involuntarily jumped up from his seat and said: – My goodness, looking at your appearance, you seem like a person who has come from afar, my dear. There was no musician in this region whom I hadn't seen or heard the sound of their dombyra. The piece flowing from your dombyra has liberated my soul. You must have gone through many hardships in life and experienced great need. I had heard that there was a poor man named Qazangap, a remarkable dombyra player with a single horse in Ulyqūm; you must be him. If you are Qazangap, come up, take the place of honor, – he said. – If we are, we will be, – Qazangap replied as he began to ascend to the honored place. Thus, the famous musician Usen Tore and Qazangap became acquainted.