Домалатпай

Бір жылы Қазанғап ел аралап жүргенде Адай ауылындағы Ботақара деген байдың үйіне барады. Үйде бойжеткен қыз ұршық иіріп отырады. Жанында сүйеулі домбырасы тұрады. Ол – Ботқара байдың жалғыз қызы және сол жерге аты шыққан белгілі домбырашы екен. Қазанқап үйге кіріп, жайғасып отырғаннан кейін, үнсіз отырған қызы сөзге ша...

Қазақша
Домалатпай
Бір жылы Қазанғап ел аралап жүргенде Адай ауылындағы Ботақара деген байдың үйіне барады. Үйде бойжеткен қыз ұршық иіріп отырады. Жанында сүйеулі домбырасы тұрады. Ол – Ботқара байдың жалғыз қызы және сол жерге аты шыққан белгілі домбырашы екен. Қазанқап үйге кіріп, жайғасып отырғаннан кейін, үнсіз отырған қызы сөзге шақыру үшін, өзінің киіз қаптағы домбырасын алып күй тартады. Қыз домбыраның көмейінен шыққан күй сазына еріксіз мойын бұрып, күйді зейін қоя тыңдайды. Қазанғаптың орындаушылық шеберлігін көрген қыз, күйшіні сынау үшін: – Сіз мықты домбырашы болсаңыз, мына ұршыққа күй шығарыңызшы? – деп қолындағы ұршығын кілем үстіне домалатып жібереді... Мұндай тосыннан қойылған сұраққа сезімтал күйші жақсылап жауап беру үшін, сәл ойланады да, ұршық домалап барып тоқтаған жерге көз тастап, бір күйді тарта жөнеледі. Баяу, бірқалыпты дамыған күй үні, оның әсем сазы қыздың сезімін оятады. Қазанғап тартқан күйдің «сиқырлы» үніне шырмалған қыз, бір сәт басқа дүниені ұмытқандай, екі көзі күйшінің саусақтарында, құлағы күйде болып, біраз ұйып қалады. Күй самғап, шарықтап барып біткенде демін ішіне тартып, үнсіз отырған қыз күйшіге қарап: – Мына тартқан күйіңіздің аты не болды? – деп сұрайды. Сонда Қазанғап: – Шырағым, қазақта «жастың талабын қайтарған күнәға батады» деген сөз бар, сондықтан сенің талабыңды қайтармайын деп айтқан сауалыңа арнап шығардым, бұл күйдің аты «Домалатпай» болсын, – депті.
Ағылшын
Do not roll.
One year, while traveling around the country, Kazankap visits the house of a wealthy man named Botakara in the Aday village. Inside the house, a young girl is spinning yarn. Next to her is her resting dombra. She is Botakara's only daughter and a well-known dombra player in that area. After Kazankap enters and settles down, the girl, who has been silent, takes her dombra from the felt bag to play a tune to invite him to speak. The girl, unable to resist the melody that comes from the dombra, turns her attention to it and listens intently. Seeing Kazankap's performing skill, the girl, to test the musician, says: – If you are a strong dombra player, please create a tune for this spinning wheel? – and rolls her spindle onto the carpet... To respond well to such an unexpected question, the sensitive musician thinks for a moment, glances at the spot where the spindle has rolled to a stop, and begins to play a tune. The slow, steadily developing sound of the tune awakens the girl's emotions. Enchanted by the "magical" sound of the tune played by Kazankap, the girl momentarily forgets the outside world, her eyes fixed on the musician's fingers, her ears attuned to the music, and she becomes somewhat entranced. When the tune soars and comes to an end, the girl, holding her breath, looks at the musician and asks: – What is the name of the tune you just played? – Kazankap replies: – My dear, there is a saying in Kazakh that "one who turns away a young person's desire will be punished," so I created this tune in response to your question, and let its name be "Domalattpai."