Кіші Қаратөс

Ел арасында Қаратөс атанған Аймағамбет деген атақты домбырашы болыпты. Қаратөстің жасы Қазанғаптан үлкен екен. Қазанғап Қаратөспен кездесіп, күй тартысады. Бірақ бірін-бірі жеңе алмайды. Қазанғаптың домбырашылық өнерін көрген Қаратөс оған: – Мен ауылда домбырашы Қаратөс атанған едім, енді сені көріп, ізімді басар іні б...

Қазақша
Кіші Қаратөс
Ел арасында Қаратөс атанған Аймағамбет деген атақты домбырашы болыпты. Қаратөстің жасы Қазанғаптан үлкен екен. Қазанғап Қаратөспен кездесіп, күй тартысады. Бірақ бірін-бірі жеңе алмайды. Қазанғаптың домбырашылық өнерін көрген Қаратөс оған: – Мен ауылда домбырашы Қаратөс атанған едім, енді сені көріп, ізімді басар іні барына қуанып отырмын. Сен әлі жассың, талабың алда. Менен кейін сені көрген адамдар «мынау екінші Қаратөс» екен дейтіні анық. Мен саған шын ниеттен батамды бердім, өнерің өрлеп, өсе берсін, – деп риза болыпты. Қаратөстің өнерін бағалағанына, ағалық тілегіне разы болған Қазанғап сол жерде бір күй тартып, «атын өзіңіз қойыңыз» деп Қаратөске қолқа салыпты. Сонда ол аз ойланып: – «Ізіңді басар іні болса, еңбегіңнің жанғаны» деген екен бұрынғылар. Бұл күйдің аты «Кіші Қаратөс» болсын, – дейді. – Ал, жарайды, бұл тартқаным «Кіші Қаратөс» болса, мына күйдің аты «Үлкен Қаратөс» болсын, – деп Қазанғап Қаратөске арнап күй тартады. Інісінің мұндай құрметіне аса разы болған Қаратөс домбырасын жас күйшіге сыйлапты.
Ағылшын
Little Karatosh
In the folk tales, there was a famous dombra player named Aimaghamet, known as Karatos. Karatos was older than Kazangap. Kazangap met with Karatos and they played a duel of dombra. However, neither could defeat the other. After seeing Kazangap's dombra playing skills, Karatos said to him: – I was known as the dombra player Karatos in the village, and now seeing you, I am glad that there is a younger brother to follow in my footsteps. You are still young, and your potential lies ahead. People who see you after me will definitely say, "This is the second Karatos." I sincerely give you my blessing; may your art flourish and continue to grow, – he expressed his satisfaction. Grateful for Karatos's appreciation of his art and his brotherly wishes, Kazangap played a tune right there and invited Karatos to name it. After thinking for a moment, he said: – The ancients used to say, "If there is a younger brother to follow in your footsteps, it means your efforts have paid off." Let this tune be called "Little Karatos." – Well, alright, if what I played is "Little Karatos," then let this tune be called "Big Karatos," – Kazangap played a tune dedicated to Karatos. Overjoyed by such respect from his younger brother, Karatos gifted his dombra to the young musician.