Дайрабай (ІІ нұсқа)

Дайрабай мен Көбен деген жамағайын байдың арасы жақсы болмапты дейді. Мұндай қырбайлыққа себепші Көбеннің шолжың болып өскен жалғыз баласы болса керек. Көбен бай өзімен иықтас Қанжығалы байының Ажар дейтін қызын баласына алып берген. Қыз аларда болатын жөн-жоралғыда Дайрабай күйеу жолдас болып барады. Көбен байдың бос...

Қазақша
Дайрабай (ІІ нұсқа)
Дайрабай мен Көбен деген жамағайын байдың арасы жақсы болмапты дейді. Мұндай қырбайлыққа себепші Көбеннің шолжың болып өскен жалғыз баласы болса керек. Көбен бай өзімен иықтас Қанжығалы байының Ажар дейтін қызын баласына алып берген. Қыз аларда болатын жөн-жоралғыда Дайрабай күйеу жолдас болып барады. Көбен байдың бос белбеу, болбыр ұлындай емес, еті тірі Дайрабайдың Ажар қызбен әзіл-қалжыңы жарасса керек. Оның үстіне Ажар өнерге іңкәр, сезімтал қыз екен. Дайрабайдың әсем сазды күйлеріне ынтығып, жанынан шықпай қояды. Кейін, келін болып түскен соң да, Дайрабайды аузынан тастамай, орайы келсе, арнайы шақыртып, өнерін тамашалап жүреді. Осының бәріне Көбен байдың баласы іштей қызғаныш жасап жүреді екен, бір күні Дайрабайдың көзінше Ажарды таяққа жығады. Мұндайға шыдайтын Дайрабай ма, әрі-бері ара түсіп, басу айтқан екен, болмаған соң мытып-мытып жібереді ғой. Бұған қорланған бай баласы байбалам салып, «өз үйімде сабап кетті» деп даурығып, онымен қоймай, «Ажар мен Дайрабай ашына екен» дегендей қауесет таратады. Көбен бай баласының жайын біледі. Бірақ өз қолын өзі кессін бе, ашу үстінде заң орындарына жүгініп, іс жүргізіп, қаттатып-шоттатып дегендей, ұлықтарға малын шашып, Дайрабайды Ақмоланың түрмесіне түсіреді. Мұнымен де тынбайды, Дайрабайдың өзі баптап, құлын кезінен бауыр басқан жүйрік көк аты болады екен, Көбен бай оны да иемденеді. Дайрабайдың інісі Шақабай ағасының көк атына таласып, қарсылық көрсеткен екен, Көбен бай кеудемен қағып, жеңістік бермейді. «Айыбын жуып, түрмеден шыққан соң, өз қолымнан алады» дейді. Сөйтіп жүргенде Нұра бойында үш жүздің басы қосылған бір әйдіңгер ас болып, Дайрабайдың көк аты бірінші келеді. Бірақ Дайрабайдың есімі ауызға алынбайды. Жұрт «Бәйгеден Көбеннің көк аты келді» деп біледі. Шақабай «жарайды, атағы ауылға ортақ қой» деп, дау шығармайды. Мұның қадірін білетін Көбен бай бар ма, көк аттың бәйгесіне алған қыруар сый- сияпаттан Шақабайға сабақты жіп бұйырмайды. Міне, осы оқиғаның бәрі жіп-шырғасы шықпастан түрмедегі Дайрабайға жетіп жатады. Дайрабай болса ызаға булығып, шыдай алмай, ақыры есебін тауып түрмеден қашып шығады. Сол бетінде бой тасалап інісі Шақабайдың үйіне жетеді. Сонсоң, ес жиып, өзіне-өзі келіп алған соң, Көбен байдың иелігіне айналған көк атын түнделетіп ұрланып барып мінеді де, Тоқырауын бойында Тобықты Құбылтай деген үлкен нағашысы /Дайрабайдың әкесінің нағашы жұрты/ болады екен, солай қарай тартып отырады ғой. Жолай қалың Қаракесекке қоныс болған Қызылтаудың сай-саласын қуалап жүріп отырып, бір бұлақты алқапқа келгенде тізгін тартады. Сол жерде Қызылтаудың қалың қыртыс сай-саласында жол баққан ұрыларға тап болып, Дайрабай аяулы көк атынан айырылады. Содан шыбын жанын олжа көріп, жүдеп-жадап, нағашысы Құбылтайдың ауылына жетеді. Нағашы жұрттың көңілінде көлеңке бола ма, бейнет шегіп, қорлық көріп жеткен Дайрабайды алақандарына салып қарсы алады. Есін жиып, өзіне-өзі келген Дайрабай кешікпей-ақ өнерімен төңірегіне жағып, Тоқырауын бойындағы елдің қадірлі қонағына айналады. Оның үстіне бұл өңірдегі Қыздарбек, Итаяқ бастаған дәулескер күйшілермен танысып, небір шер тарқатар сұлу сұхбаттар құрады. Қанатты өнерлерін ортаға салып, күйқұмар қауымның құлақ құрышын қандырады. Осындай бір, шабытқа тұғыр болған бас қосуда Дайрабай өзінің арттағы өмірін есіне алып, іштей шамырқана толғанып бір күй тартады. Бұрын естімеген, әсем сазды тың сарынға елең еткен тыңдаушы жұрт «Бұл не күй?» дегенде, Дайрабай: «Бұл менің басымдағы гәп қой, күйдің атын «Дайрабай» десе де болар», – депті. Тоқырауынның құйма құлақ домбырашылары сол жерде «Дайрабай» күйін қағып алып, қолдан-қолға тарата тартып кетіп еді дейді. Дайрабай осы жолы Тобықты ішіндегі Кәмшат деген қобызшы қызбен көңіл жарастырып, бас құрайды. Содан ауылы іргелес жатқан Көбен байдан сескеніп, бой тасалау үшін оңтүстікке қарай кеткен. Дайрабайдың қалған өмірінің Қаратау өңірінде, Шу алабы мен Сыр бойына өтуінің себебі осы еді дейді көне көз қарттар.
Ағылшын
Dairabai (Version II)
It is said that the relationship between Dairabai and Koben, who are relatives, was not good. The cause of such animosity was likely Koben's only son, who grew up to be a troublesome lad. Koben, a wealthy man, gave his son the hand of a girl named Ajar, the daughter of the wealthy Kanzygaly. During the traditional wedding ceremonies, Dairabai served as the groom's companion. Unlike Koben's lazy and flabby son, Dairabai was lively and seemed to get along well with Ajar, who was an artistic and sensitive girl. She was captivated by Dairabai's beautiful melodies and would not leave his side. Even after becoming a bride, she would not forget Dairabai, and whenever she had the chance, she would invite him to showcase his talent. All of this made Koben's son secretly jealous, and one day, in front of Dairabai, he beat Ajar with a stick. Could Dairabai tolerate such behavior? He intervened and tried to calm the situation, but when that didn't work, he retaliated. The insulted son of Koben raised a commotion, claiming, "He beat me in my own house," and went further to spread rumors that "Ajar and Dairabai are lovers." Koben was aware of his son's situation. But would he take matters into his own hands? In a fit of anger, he resorted to legal authorities, filing a case and bribing officials, which led to Dairabai being imprisoned in Akmolinsk. Not stopping there, Koben also claimed Dairabai's prized blue horse, which he had raised and nurtured since it was a foal. Dairabai's brother, Shakabai, protested against Koben's claim to the horse, but Koben would not yield, saying, "He will take it back after being released from prison." While all this was happening, a large gathering of the three hundred tribes took place along the Nura River, and Dairabai's blue horse came in first. However, Dairabai's name was not mentioned. People only recognized it as Koben's blue horse that won the race. Shakabai thought, "That's fine, the fame belongs to the village," and did not dispute it. Koben, who understood the value of this, did not share any of the substantial prizes won in the race with Shakabai. All these events reached Dairabai in prison without any distortion. Dairabai, filled with rage, could not bear it any longer and eventually found a way to escape from prison. He immediately went into hiding and reached his brother Shakabai's house. After regaining his composure, he stealthily rode Koben's blue horse, which had become Koben's possession, and headed towards his maternal uncle, Kubiltai, who lived along the Tokyrauin River. On his way, while traversing the valleys of the dense Karakesek, he came to a spring and pulled the reins. There, in the thick ravines of the Red Mountain, he encountered bandits and lost his beloved blue horse. After narrowly escaping with his life, he arrived at his uncle Kubiltai's village, weary and exhausted. The family welcomed Dairabai, who had suffered hardships, with open arms. Once he regained his strength, Dairabai quickly charmed those around him with his talent and became a respected guest among the people along the Tokyrauin River. Moreover, he met renowned musicians in the region, such as Kyzdarbek and Itayak, and engaged in beautiful conversations that revealed deep emotions. They showcased their artistic talents, delighting the music-loving community. During one such gathering that inspired creativity, Dairabai reflected on his past life and, feeling a surge of emotion, played a tune. The audience, captivated by the beautiful melody they had never heard before, asked, "What is this tune?" Dairabai replied, "This is the story of my life; you could call the tune 'Dairabai.'" The skilled musicians of Tokyrauin quickly picked up the "Dairabai" tune and spread it from hand to hand. On this occasion, Dairabai fell in love with a girl named Kamsat, a talented kobyz player from the Tobaikty tribe, and they got married. Fearing Koben's wrath, Dairabai fled south. The reason for Dairabai's later life in the Karatau region, as well as in the Shu basin and along the Syr River, is said to be this, according to the old-timers.