Молқоңыр

Өткен XIX ғасырдың соңғы жылдары болса керек, арғын, найман, керей, уақ елдеріне сауын айтқан төре Мамырбек Үкірдайұлы Тұрысбекке және көзінің тірісінде өзінің асын қосып беріп, Майлының Қоңыроба сазы жайлауында айға жуық сән-салтанат құрады. Сол асқа арғы бет қазақтары да топ-тобымен келіп, әсіресе сол жақтан Сары төр...

Қазақша
Молқоңыр
Өткен XIX ғасырдың соңғы жылдары болса керек, арғын, найман, керей, уақ елдеріне сауын айтқан төре Мамырбек Үкірдайұлы Тұрысбекке және көзінің тірісінде өзінің асын қосып беріп, Майлының Қоңыроба сазы жайлауында айға жуық сән-салтанат құрады. Сол асқа арғы бет қазақтары да топ-тобымен келіп, әсіресе сол жақтан Сары төре бастап келгендердің сән-салтанаты, күтімі айырықша болады. Жорға, жүйрік, балуан, шешен, шежіре, әнші, күйші өнер саңлақтары арқылы өзінің атақ даңқын шығарып, Сары төреден асып түсуді ойластырған Мамырбек төре Жайырдағы уақ еліне қос атпен кісі жіберіп, Бәзғаламды алдырады. Күйшілер кезекпен күй тартып отырғанда Сары төренің домбырашысы домбыраның құлағын оң бұрауға өзгертіп, өзгеше бір күй шертеді. Күй аяқтай бергенде Бәзғалам сол құлақ күйімен әлгі өзгеше күйді өз әйеліне қайта шертіп береді. Сонымен күй сайысы басталып, шет елден келген сыйлы қонақ болғандықтан, алдыңғы кезек Сары төре жақтан болып, Бәзғалам сол шерткен күйлерді үстінде қайта шертіп отырады. Осылай күй шертісу бір күнге жалғасады да, бір мезетте Бәзғалам қисынын тауып, кезек алып күй бастайды. Сары төренің домбырашысы да Бәзғалам шерткен күйлерді қайта шертіп беріп отырады. Бір сарынмен кете берсе, өзгеше өнер парқы болмайтындықтан, тың бір өнер арқылы көзге түспекші болған Бәзғалам домбыраның құлағын оң бұрауға өзгертіп алып, оң аяғындағы мәсіні шешіп тастап, бақайымен шертіп, қолымен перне басып, ерекше айыз қандырар бір күй орындайды. Дәл осы кезде қос жастықта шынтақтап жатқан Мамырбек басын жұлып алып: «Ау, Бәзғалам, бұл не күй? Ағаштан басқа баққаның бар ма сенің?» дегенде, Бәзғалам: «Төре тақсыр, Жайырдың жоны – Қызыл жон, Қара жон болып екіге бөлінеді. Қату тауынан басталып, етегі Шөгей мен Орқыға тірелетін өңірді Молқоңыр дейді. Біздің елдің көктеу, күзеу, жайлау, қыстауы сол Молқоңырдың қойнауында екенін өзіңіз білесіз. Бұл күйдің аты сол киелі мекеніміз – «Молқоңыр». Арқасын жауыр, құйрығын шолақ қылмай ағаш бақтым десем де болады», – деп жауап қайтарыпты. Сонымен Сары төренің домбырашысын жеңіп, Мамырбек Үкірдай оған төтенше разы болып, жаға-жеңі зерлі шапан жауып, ат мінгізіп қайтарған екен.
Ағылшын
Molqonyr
In the last years of the 19th century, it seems, the noble Mamyrbek Ukirdaiuly announced a feast to the Argin, Naiman, Kerei, and Uaq tribes, and held a grand celebration for about a month at the Maiyly's Konyroba pasture, where he also contributed to his own feast during his lifetime. Many people from the other side came to that feast, especially those led by Sary Ture, whose splendor and hospitality were particularly remarkable. Mamyrbek Ture, aiming to surpass Sary Ture by showcasing his fame through the talents of horsemen, wrestlers, orators, genealogists, singers, and musicians, sent two men on horseback to the Uaq tribe in Jaiyr to summon Bazghalam. While the musicians were taking turns playing, Sary Ture's dombra player changed the tuning of the dombra to a different pitch and played a unique melody. As the tune was finishing, Bazghalam played that same unique melody again for his wife with the same tuning. Thus, the musical competition began, and since they were honored guests from abroad, the first turn went to Sary Ture, while Bazghalam continued to play the tunes he had just played. This musical exchange lasted for a day, and at one moment, Bazghalam found the right moment and began to play. Sary Ture's dombra player also kept playing the tunes that Bazghalam had played. If they continued in the same manner, there would be no distinction in artistry, so Bazghalam, wanting to stand out with a new form of art, changed the tuning of the dombra again, removed the footwrap from his right foot, and played an exceptionally captivating tune by plucking with his toes and pressing the strings with his hand. At that moment, Mamyrbek, who was resting on a cushion, suddenly lifted his head and exclaimed, "Oh, Bazghalam, what kind of tune is this? Do you have anything other than wood?" To which Bazghalam replied, "Your Excellency, the ridge of Jaiyr is divided into two parts – the Red Ridge and the Black Ridge. The region that starts from the Katu Mountain and reaches the foothills of Shogey and Orqy is called Molqonyr. You know that our tribe's spring pastures, summer pastures, and winter quarters are all located in the bosom of that Molqonyr. The name of this tune is after our sacred place – 'Molqonyr.' Even if I say I took care of the wood without making its back sore or its tail short, it can be said." Thus, having defeated Sary Ture's dombra player, Mamyrbek Ukirdai was extremely pleased with him, draped a richly embroidered cloak over him, and sent him back on horseback.