Көгентүн

Ауылда қозыны алғаш рет көгендегенде балаларға енші береді, соны көгентүн дейтін. «Менің Бапас абысыным – Кербездің бір қора қойы болатын, ол қозылардың ізінде жылқышының кішкентай баласы жүретін. Бірде, көктемде қой жаңа қоздап, қозыны жаңа ғана көгендеп жатқан кезде, салт бойынша Кербез жас балалардың біреуіне арнап...

Қазақша
Көгентүн
Ауылда қозыны алғаш рет көгендегенде балаларға енші береді, соны көгентүн дейтін. «Менің Бапас абысыным – Кербездің бір қора қойы болатын, ол қозылардың ізінде жылқышының кішкентай баласы жүретін. Бірде, көктемде қой жаңа қоздап, қозыны жаңа ғана көгендеп жатқан кезде, салт бойынша Кербез жас балалардың біреуіне арнап бір қозыға ен салуы керек еді, қозышы бала үнемейін сызылтып, бір мұңды әнді айтып жүреді дегенді естігенмін. Кербез менің айтқанымды істейді. Бала менің айтқанымды сезгендей, алдымен маған, сонан кейін барып Кербезге алғыс айтты. Баладан мен жалғыз жүргенде айтатын өлеңін айтып беруді өтіндім. Аз ғана уақыт ұялып тұрды да, бала өлеңін айтуға кірісті. Ол бала жақында қайтыс болған шешесінен өткен жылы естіген «Ақ қозы» деген әнді айтып жүреді екен. Өлеңнің аты мазмұнымен жымдасып жатыр. Бұл өлеңде шешесін қасқыр жеген жетім қозы жайлы айтылады екен. Бала өзін сол ақ қозыдай, ал байларды қасқырдай көріп, өлеңді ерекше сезіммен айтты. Баланың әні көкейімде қалды. Мен кедей балаға арнаған «Көгентүн» деген күй шығардым».
Ағылшын
Kögentün
In the village, when the lamb is first tethered, they give a share to the children, which is called "kögentün." "My aunt Bapa's was a flock of sheep belonging to Kerbez, and a little boy of the horse herder would follow the lambs. One day, in spring, when the sheep had just given birth and the lamb was being tethered, according to tradition, Kerbez had to give a lamb to one of the young children, and I had heard that the lamb boy would sing a mournful song without holding back. Kerbez did as I said. The boy seemed to sense what I was saying, first thanking me and then Kerbez. When I was alone with the boy, I asked him to sing the song he usually sang. He hesitated for a moment but then began to sing. The boy was singing a song called "White Lamb," which he had heard last year from his recently deceased mother. The title of the song aligns with its content. This song tells the story of an orphaned lamb whose mother was eaten by a wolf. The boy saw himself as that white lamb and the wealthy as wolves, and he sang the song with deep emotion. The boy's song stayed in my mind. I composed a tune called "Kögentün" dedicated to the poor boy."