Айнам қалды

Күйші Соқыр Есжан жас кезінде көрші ауылдағы бір байдың Ақбикеш деген қызына ғашық болады. Ақбикеш те Есжанды ұнатқанымен екі жастың қосылуына әлеуметтік жағдай кеселін тигізеді. Ақбикеш – өнер иесі, өз ауылындағы белгілі домбырашылардың бірі. Ол Есжанмен ойын-тойда кездескенде бір-біріне домбырамен ғана сыр шертіседі...

Қазақша
Айнам қалды
Күйші Соқыр Есжан жас кезінде көрші ауылдағы бір байдың Ақбикеш деген қызына ғашық болады. Ақбикеш те Есжанды ұнатқанымен екі жастың қосылуына әлеуметтік жағдай кеселін тигізеді. Ақбикеш – өнер иесі, өз ауылындағы белгілі домбырашылардың бірі. Ол Есжанмен ойын-тойда кездескенде бір-біріне домбырамен ғана сыр шертіседі екен. Арада екі жыл өтіп, түрменің уақытын бітіріп, еліне қайтқан Есжан жолшыбай Ақбикештің ауылына соғады. Онда үлкен той болып жатады. Бұл Ақбикештің ұзатылар тойы екенін Есжан білмейді. Есжан бір үйде жиналып отырған ауыл жастары мен қарттарының үстіне барады. Бұлар – «Ақбикеш аулымыздағы он саусағынан өнері төгілген домбырашымыз еді, енді ол бізден кетіп, сіздерге барғалы отыр, ең болмаса, соңғы рет Ақбикештің тартқан күйін тыңдап қалалық, қызымызға рұқсат етіңіз», – деп, құдалардан рұқсат алып, оңаша үйде Ақбикешке күй тарттыру үшін жиналып отырғандар екен. Ақбикеш біраз күй тартып, домбырасын тізесіне сүйеп, қол орамалымен маңдай терін сүртеді. Осы кезде Есжан да үйге кіріп, босағадан отыра кетеді. Ақбикеш тағы да күй тартуға ыңғайланып, үйдегілерді көзбен бір шолып өткенде есік алдында отырған Есжанға көзі түседі. Есжанның жүдеу сиқына қапаланып, мұңайған Ақбикеш: – Келесі күй «Айнам қалды» аталады, – деп домбырасын тарта беріпті. Күйді беріле тыңдап отырғандардың бірі: – Мына домбыраның үні шынында да «айнам қалды, айнам қалды» деп қақсап тұрған сияқты. Осыншама көп жасау дайындағанда қол ұшындай айнаны сандықтың бұрышына тастай салуға болмады ма екен? – дейді жанында отырған екінші бір кісінің құлағына сыбырлап. Сонда Ақбикештің әлгіндегі қимылын сезіп қалған екінші қарт: – Жоқ, олай болмас. Менімше, осы отырғандардың ішінде Ақбикештің ұнатқан жігіті, айнасы қалып бара жатқан болар. Қыздың соған арнап, домбырамен айтып отырған назы шығар, – дейді. Шынында да, бұл күй Ақбикештің Есжанды көріп мұңайып тартқан, ескерткіш есебіндегі «Айнам қалды» атты күйі екен дейді халық арасында.
Ағылшын
I became dizzy.
The musician Blind Yezhan falls in love with a girl named Akbikesh, the daughter of a wealthy man from a neighboring village, when he is young. Although Akbikesh also likes Yezhan, their union is hindered by social circumstances. Akbikesh is an artist, one of the well-known dombra players in her village. When she meets Yezhan at celebrations, they only share their feelings through the dombra. Two years pass, and after finishing his time in prison, Yezhan stops by Akbikesh's village on his way home. There is a big celebration happening there. Yezhan does not know that this is Akbikesh's wedding ceremony. Yezhan goes to a house where the village youth and elders are gathered. They say, "Akbikesh was our dombra player, whose talent flowed from her ten fingers; now she is leaving us to go to you, let us at least listen to her play one last time, please allow us," and they are gathered in a private house to request Akbikesh to play the dombra. Akbikesh plays several pieces, resting her dombra on her knee and wiping the sweat from her forehead with her handkerchief. At that moment, Yezhan enters the house and sits down at the threshold. As Akbikesh prepares to play again and glances around the room, her eyes fall on Yezhan sitting at the door. Seeing Yezhan's pale appearance, Akbikesh, saddened and melancholic, says, "The next piece is called 'Aynam kaldy,'" and continues to play her dombra. One of those listening intently remarks, "The sound of this dombra really seems to be saying 'Aynam kaldy, aynam kaldy.' With so many preparations made, couldn't they have just tossed a mirror into the corner of the chest?" whispering to another person sitting nearby. Then, another elder who sensed Akbikesh's earlier gesture says, "No, it can't be that. In my opinion, among those sitting here, there is Akbikesh's beloved, and the mirror is being left behind. The girl must be singing her lament for him with the dombra." Indeed, this piece is said to be Akbikesh's melancholic performance for Yezhan, titled "Aynam kaldy," which serves as a reminder of her feelings.