Ой, дүние-ай! (ІІ нұсқа)

Қыраулы күз. Ән салып, қош айтып жыл құстары да қайтып жатты. ...Қазалы болғандарды жаназаласып, жерлескен Мүкей Шұңқыршидегі киіз үйімен отырған семиясына келіп салғырттау аттан түсті. Оның денесі жер тартып, желке жүйесі шаққылап, көңілі айнып ауырғанына бірнеше күн болған. Ол бір сәт төр алдында шынтақтай жатып, қоң...

Қазақша
Ой, дүние-ай! (ІІ нұсқа)
Қыраулы күз. Ән салып, қош айтып жыл құстары да қайтып жатты. ...Қазалы болғандарды жаназаласып, жерлескен Мүкей Шұңқыршидегі киіз үйімен отырған семиясына келіп салғырттау аттан түсті. Оның денесі жер тартып, желке жүйесі шаққылап, көңілі айнып ауырғанына бірнеше күн болған. Ол бір сәт төр алдында шынтақтай жатып, қоңырқай киіз үйдің жартылай ашылған шаңырағынан алыс биікке көз тігіп, аспан әлеміне үңіліп еді, бір топ тізбекті тырналар тыраулап төбесінен бір айналып ұшқандай болды да, аздан соң көзден қарасы үзіліп, құлақтан даусы тынды. Көктен естілген осы бір тырналар әні оның құлағынан көпке шейін кетпеді... Күйші ауыр күрсінді де басын көтерді. Кешкі шай қамымен жүрген соңғы – жас жұбайы Көкежанға қарап: – Ажалдың жер қармағы маған да ілінгелі тұрған сияқты. Халыққа келген зобалаңнан кім қашып құтылар дейсің! Кімнен артықпын! Бірақ амал не, ұрпақсыз кеткеніме өкінем! Көкежан, домбырамды әперші? – деді. Көптен бері қазалы болғандардың батақор қайғысымен қам көңілді жүрген Көкежанның әжімсіз сары қызыл жүзіне алауы өшкен әлдебір күңгірт көлеңке қонақтаған сияқты. Жарының әлгі айтқан сөзінен оның жүрегі зу етіп төбесіне шыққандай болды. Көкежан көзіне жас іркіп, үлкен абдыраның қақпағын ашып, домбырасын алып берді де: – Қайдағыны айтпаңызшы, қорқам, «жақсы лепес – жарым ырыс» қой! Кеңшілігі бар Құдайым сақтар өзі, – деді кейісті үнмен тіл қатып. Мүкей домбырасының құлақ күйін теңшеп алды да, бір сазды ырғақты қоңыраулата қағып келіп, сәл тыныстағандай күбірлеп: – Ой, дүние-ай десеңші! Қайран өмір зымырап өттің ғой!... Сайранды шағым – ұстаспас сағым, – деп ауыр күрсінді. Оның жын буған бақсыдай дірілдеп, қалтырап тұрған тұла бойын өз еркінен тыс бір қысым күш кернеп тұрған тәрізді. Соңғы сазды ырғақты қайталап шерте береді. Бұл осы бір тұңғиық түннің соңғы толғанысынан туған күй – «Ой, дүние-ай» еді. Жарық дүниені – тіршілік күресін қимастықтан туған асқақ армандарға толы күйші жүрегі осылайша ақырғы рет өмірімен қош айтысты. Күйші өмірден кетті. Онан ұрпақ қалмады. Бірақ оның артында өлмейтін күй мұрасы қалды.
Ағылшын
Oh, the world! (Version II)
Frosty autumn. Singing and bidding farewell, the migratory birds were also returning. ...Mükay, who had been mourning the deceased, dismounted his horse carelessly upon arriving at the yurt of his family in Shunkyrshi. His body had been aching for several days, feeling heavy and his neck throbbing, as if the earth was pulling him down. For a moment, he lay on his elbow in front of the yurt, gazing high into the sky through the partially opened roof of the brown yurt, when a flock of cranes seemed to circle above him and then, shortly after, disappeared from sight and sound. The song of those cranes heard from the sky lingered in his ears for a long time... The musician sighed heavily and raised his head. Looking at his young wife Kökéjan, who was busy preparing the evening meal, he said: – It seems that the grip of death is about to catch me too. Who can escape the calamity that has come upon the people! Who am I better than! But what can I do, I regret leaving this world without descendants! Kökéjan, could you bring me my dombra? – he said. For a long time, Kökéjan had been carrying the sorrow of the mourners, and a shadow of some dim gloom seemed to have settled on her unwrinkled yellow-red face. Her husband’s words made her heart race as if it had jumped to her head. Kökéjan held back tears, opened the lid of a large chest, and handed him his dombra, saying in a sorrowful tone: – Please don’t say such things, I’m afraid, “a good word is half a fortune”! May God, who has abundance, protect you, – she spoke with a sad voice. Mükay tuned his dombra and began to play a melodious rhythm, then, as if taking a breath, murmured: – Oh, what a world it is! How fleeting life has passed!... My joyful days are like an elusive mirage, – he sighed heavily. It seemed as if an overwhelming force was pressing down on his trembling body, like a possessed shaman. He continued to play the last melodious rhythm repeatedly. This was the tune born from the final reflections of that deep night – “Oh, what a world.” The musician's heart, filled with lofty dreams born from the reluctance to part with the bright world and the struggle of life, bid farewell to life one last time. The musician passed away. He left no descendants. But he left behind an immortal legacy of music.