Желмаяның желісі

Ерте заманда бір батыр болыпты, ол елі десе жанын үзеді екен. Бір күні елін ұры шауып кетіпті. Ол қасына қалың қол ертіп жауын қуалап, шауып кеткен малын қайтарып әкелуге жол тартыпты. Батыр желмаяны баптап мінеді екен. Жау ұзап кеткендіктен тізгін үшімен жүруге тура келіпті. Осы кезде қасындағылар желмаяның желісіне ж...

Қазақша
Желмаяның желісі
Ерте заманда бір батыр болыпты, ол елі десе жанын үзеді екен. Бір күні елін ұры шауып кетіпті. Ол қасына қалың қол ертіп жауын қуалап, шауып кеткен малын қайтарып әкелуге жол тартыпты. Батыр желмаяны баптап мінеді екен. Жау ұзап кеткендіктен тізгін үшімен жүруге тура келіпті. Осы кезде қасындағылар желмаяның желісіне жете алмай кейіндеп қала беріпті. Оларға қарайын десе, жау ұзап кететін болыпты. Сонымен батыр жалғыз өзі желмаяның бар желісімен ағытылып келе жатса, Іле өзені сияқты өзеннің Жаманты сияқты бір білек жеріне кез болыпты. Батыр желмаяның екпінімен келіп іркілмей өзеннен аттағанда, желмаяның артқы аяғының өкшесі суды шалып еткізіп қалыпты. Сонда әлгі батыр «бізден кейінгі балалар ойлай-ойлай өтетін бұлақ екен», – деп артына бұрылып бір қарап қойып, желмаяға қамшы басып жүріп кеткен екен. Ертеден қалған осы әңгімеде жүйрікті таңғаларлық етіп суреттеумен бірге, үлкен өзеннен өткеннен кейінгі батырдың сөзі, кейінгілер үшін бірер іске кезіккенде алдымен ойлану жөн екенін ескертеді. Желмая сияқты жүйріктің желісінен шабыт ала отырып, Әшім «Желмаяның желісі», «Сұр толғау», «Өрелі шабдар» т.б. күйлерді шерткен екен.
Ағылшын
The Wind Horse's Wind
Once upon a time, there was a hero who would give his life for his people. One day, an enemy raided his land. He set out with a large army to chase the enemy and retrieve the stolen livestock. The hero rode a swift horse. Since the enemy had gotten far away, he had to ride at a gallop. At that moment, those with him fell behind, unable to keep up with the speed of the swift horse. When he looked back at them, he realized that the enemy was getting further away. So, as the hero galloped alone with the full speed of the swift horse, he came across a river, similar to the Ili River, at a place called Jamanty. When the hero, with the momentum of the swift horse, crossed the river without hesitation, the horse's hind hoof grazed the water. At that moment, the hero said, "This is a spring that the children after us will ponder over," and he turned back for a moment to glance at them before urging the swift horse onward. In this ancient tale, while depicting the swiftness of the horse in a remarkable way, the hero's words after crossing the great river remind future generations that it is wise to think first when faced with challenges. Inspired by the speed of the swift horse, Ashim played tunes such as "The Speed of the Swift Horse," "The Gray Melody," "The Noble Steed," and others.