Салкүрең

Ертеде өнері елге таңсық, өлеңіне қауым ғашық, күйімен ессізге ес бітіріп, естінің делебесін қоздыратын атақты Жанжігіт дейтін сал болған екен. Жанжігіттің бір күрең, бір қоңыр аты болған екен. Осы күреңнің жүрісі, жорғасы, шабысы, сұлу тұлғасы Жанжігіт салға жарасымды болғандықтан «Салкүрең» десе, қоңыр аттың сүйек бі...

Қазақша
Салкүрең
Ертеде өнері елге таңсық, өлеңіне қауым ғашық, күйімен ессізге ес бітіріп, естінің делебесін қоздыратын атақты Жанжігіт дейтін сал болған екен. Жанжігіттің бір күрең, бір қоңыр аты болған екен. Осы күреңнің жүрісі, жорғасы, шабысы, сұлу тұлғасы Жанжігіт салға жарасымды болғандықтан «Салкүрең» десе, қоңыр аттың сүйек бітімінің ірілігіне қарап «Молқоңыр» дейді екен. Осы екі атының жүрісін Жанжігіт домбыраға салып күй ғып шертеді екен. Бара-бара ол «Салкүрең», «Молқоңыр» деген халық күйіне айналыпты.
Ағылшын
Salqureng
Once upon a time, there was a famous bard named Janjigit, whose art was unfamiliar to the people, whose poetry captivated the community, and whose music brought life to the senseless and stirred the hearts of the wise. Janjigit had one chestnut horse and one bay horse. The chestnut's gait, amble, gallop, and beautiful figure suited the bard so well that it was called "Salküren," while the bay horse was referred to as "Molqonyr" due to its large bone structure. Janjigit would play the movements of these two horses on his dombra, turning them into melodies. Gradually, they became popular folk tunes known as "Salküren" and "Molqonyr."