Ақымжанның қоңыр күйі

Ақымжан – Алтай өңірінде жасаған атақты күйші, сыбызғышы өнерімен елге танылған адам екен. Сол тұста оның өнеріне таңдай қаққан үкірдай, билер қайда барса да, Ақымжанды қастарынан тастамай ертіп жүріп, сыбызғы тарттырып қызықтайтын болған. Ақымжанның «Қоңыр күйі» сол кезде Еренқабырғаға дейін кең таралған күй басы еді....

Қазақша
Ақымжанның қоңыр күйі
Ақымжан – Алтай өңірінде жасаған атақты күйші, сыбызғышы өнерімен елге танылған адам екен. Сол тұста оның өнеріне таңдай қаққан үкірдай, билер қайда барса да, Ақымжанды қастарынан тастамай ертіп жүріп, сыбызғы тарттырып қызықтайтын болған. Ақымжанның «Қоңыр күйі» сол кезде Еренқабырғаға дейін кең таралған күй басы еді. Ақымжан сыбызғы тартқанда басындағы кепеші бірде желкесіне кетсе, бірде маңайына келіп жүріп тұрады екен. Күйші өзі жылқы бағуды ұнатыпты, Естіген құлаққа қарағанда, Ақымжан жылқыны сыбызғымен жусатады екен. Ол сыбызғы тартқанда, жылқы құлағын қайшылап, еріні жыбырлап, мүлігіп тыңдап қалады екен. Бірде бір байдың жылқысын жортуылшылар қуа қашып бара жатқанда, Ақымжан сыбызғы тартқан екен. Сонда айдаудағы жылқы тоқтап, қайта желісіне оралыпты. Қазақтың көптеген сыбызғы күйін Ақымжан ақсақал кейінгі ұрпаққа жалғастырып, танытып, мұра етіп қалдырып кеткен. Қай жерде ойын-сауық, топ болса, той басын «Ақымжанның қоңыр күйімен» бастау әдетке айналған.
Ағылшын
The brown tune of Akymzhan
Akymzhan was a famous musician and flute player from the Altai region, known for his art. At that time, the local leaders and elders, captivated by his talent, would not leave Akymzhan's side, taking him along wherever they went to enjoy his flute playing. Akymzhan's "Konyr Kui" was a widely known melody that reached as far as Erenqabyrga. When Akymzhan played the flute, his hat would sometimes slip back on his neck and sometimes come back to his forehead. The musician loved to herd horses, and it was said that Akymzhan could calm horses with his flute. When he played, the horses would perk up their ears and move their lips, listening intently. Once, when raiders were chasing a wealthy man's horses, Akymzhan played his flute, and the runaway horses stopped and returned to their herd. Many of the Kazakh flute melodies were preserved and passed down by Akymzhan to future generations. Whenever there was a gathering or celebration, it became customary to start the festivities with "Akymzhan's Konyr Kui."