Қорқыт туралы аңыз

Қорқыттың ауылы Сырдарияның жағасында болыпты. Асқан күйші, қобызшы Қорқыт бір күн де үйінде отырмай, ылғи ел кезіп, қобызымен күй тартады екен. Күйді құмарланып тартқан сайын Қорқыттың өлім жайлы қайғысы жеңілденіп жоғала беріпті. Бір күні түсінде Тәңірі аян беріп, Қорқытқа айтыпты: «Сен өлімді аузыңа алмасаң, саған е...

Қазақша
Қорқыт туралы аңыз
Қорқыттың ауылы Сырдарияның жағасында болыпты. Асқан күйші, қобызшы Қорқыт бір күн де үйінде отырмай, ылғи ел кезіп, қобызымен күй тартады екен. Күйді құмарланып тартқан сайын Қорқыттың өлім жайлы қайғысы жеңілденіп жоғала беріпті. Бір күні түсінде Тәңірі аян беріп, Қорқытқа айтыпты: «Сен өлімді аузыңа алмасаң, саған ешуақытта өлім жоқ». Бұдан кейін бірталай заман өтеді. Қорқыт өлімді аузына алмай қобызын тартып, ел аралап жүре беріпті. Күндердің бір күнінде ел аралап жүріп, бір ауылда отырса, байлаулы тұрған өгізі далаға қашып барады екен. Өгізін қуып жүріп: «мұны өлсем де ұстамай қоймаспын» депті. Осы сөзді ашу үстінде айтарын айтса да, қатты өкінеді, шошиды. Түс көргеннен бері, міне, өлімді бірінші рет аузына алып отыр, енді өлім тырнағына ілінгені ме?! Жоқ, бұл жерден кету керек. Астына желмая мініп, желдіртіп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Күнбатысқа да, күншығысқа да, Сарыарқаға да, құблаға да барады. Барған жерінің бәрінде де өзіне қазылып жатқан көрді көреді. Қорқыт та олардан: «Мұны кімге қазып жатырсыңдар?» деп сұраса, «Қорқыт әулиеге» деп жауап береді. Қайда барса да, алдынан Қорқыттың қазулы көрі шығады. Қазулы көрден өзіне құрылған өлім торынан қайтсе құтылмақ? Дүние кезіп жүріп өлім құрығынан құтылмасын білген соң, Қорқыт өзінің туған жері, сүйікті мекені – Сырдарияға қайтып келеді. Еліне келгесін Қорқыт желмаясын сойып, оның терісімен қобызының сыртын қаптайды. Құрғақ жерде тұрса, бір күні ажал жетіп келер деген қауіппен бір қырмызы масаты кілемді алып, Сырдарияның суына төсеп, сонда қобызын тартып тұра беріпті. Қорқыт дүние кезгендегі арманын да, өлімнен қашқан қайғысын да, өзі көрген жақсылық-жамандық жайларын да қобызында ойнаған ғажап сұлу күйлерімен жеткізіп баяндайды. Қорқыт күйлерін бүкіл дүние, жан иесі түгел ұйып тыңдайды. Аспандағы құс ұшуын, жел есуін тоқтатып, Қорқыт күйін тыңдапты. Сарыарқаның аңдары да Сырдарияның жағасына шұбырып келіп Қорқыт күйін тыңдайды. Сырдария ағысын тоқтатыпты, үстіне төселген Қорқыттың кілемі суға не ағып, не батып кетпей, көп заман су ортасындағы кемедей қалқып тұрып алып, Қорқытқа өлім келтірмейтін арал болыпты. Қорқыт Сырдарияның көз жасындай суына қарап отырып, қобызын күйлеп, «өлім мені қанша қуса да, мен оны бұл жерге келтірмеспін» деп қобызын үздіксіз тарта беріпті. Қорқыттың күңіренген күйлерін балқып тыңдаған ажал да бұған жақын келе алмапты. Қорқыт осылайша күндіз-түні ұйқы көрмей, қобыз тартып өліммен алысыпты. Көп замандар бойы үздіксіз қобыз тартқан Қорқыт қалжырап, қалғып кетеді. Қорқытты ізіне түсіп аңдыған ажал сол кезде қайрақ жылан күйінде жорғалап кілемге келіп шаққанда, Қорқыт осыдан ауырып өледі. Бірақ Қорқыт өлсе де, оның ұзақ заман тартқан қобызының күйлері тоқталмаған. Қорқыттың моласы Сырдарияның жағасында Қармақшыдан он сегіз шақырым жерде бір белестің үстінде тұр. Қорқыттың қобызын сол молаға бірге қойған екен, ол өзінен-өзі мұңды күй тартып, Қорқыттың өзін тыңдағандай сарнап тұратын болыпты. Қасынан өткен жанға әрдайым «Қорқыт, Қорқыт» деген мұңды үн үзілмейді екен. Қорқытты тыңдаған барлық ел, барлық әнші, күйші, ән мен күйді, қобызды ойнауды Қорқыттан үйреніп, алғашқы қобызды Қорқыт жасапты.
Ағылшын
Legend about Korkyt
Korkyt's village was located on the banks of the Syr Darya. An extraordinary musician and kobyz player, Korkyt never stayed at home for a day, always wandering the land and playing melodies on his kobyz. As he passionately played the music, Korkyt's sorrow about death gradually lightened and faded away. One day, in a dream, God revealed to Korkyt, saying: "If you do not speak of death, you will never encounter it." After this, quite some time passed. Korkyt continued to travel the land, playing his kobyz without mentioning death. One day, while wandering, he found himself in a village where a tied ox was escaping into the fields. While chasing the ox, he said, "Even if I have to kill it, I will not let it go." Although he expressed this in anger, he deeply regretted it and was frightened. Since the dream, this was the first time he had mentioned death, and now had he fallen into the clutches of death?! No, he needed to leave this place. Riding his swift horse, he galloped through the four corners of the world. He traveled to the west, to the east, to the Saryarka, and to the Qubla. In every place he visited, he saw graves being dug for him. When Korkyt asked them, "Who are you digging this for?" they replied, "For the holy Korkyt." No matter where he went, Korkyt's grave appeared before him. How could he escape from the death trap set for him? Realizing that he could not escape death while wandering the world, Korkyt returned to his homeland, his beloved place – the Syr Darya. Upon returning to his people, Korkyt slaughtered his horse and covered his kobyz with its skin. Fearing that death would come one day while standing on dry land, he took a crimson silk carpet, laid it on the waters of the Syr Darya, and began to play his kobyz there. Korkyt expressed his dreams from wandering the world, his sorrows from fleeing death, and the good and bad experiences he had through the beautiful melodies he played on his kobyz. The entire world, every living being, listened intently to Korkyt's tunes. The birds in the sky stopped flying, and the winds ceased to blow, captivated by Korkyt's music. The animals of Saryarka also flocked to the banks of the Syr Darya to listen to Korkyt's melodies. The Syr Darya halted its flow, and Korkyt's carpet, laid upon it, neither floated away nor sank, remaining afloat like a ship in the water for a long time, becoming an island that would not bring death to Korkyt. Looking at the water of the Syr Darya, like tears, Korkyt played his kobyz, saying, "No matter how much death pursues me, I will not let it come here," and he continued to play without pause. Even death, listening to Korkyt's mournful melodies, could not approach him. Thus, Korkyt spent day and night without sleep, playing his kobyz and wrestling with death. After many long years of continuous playing, Korkyt grew weary and dozed off. At that moment, death, which had been stalking him, crept in like a venomous snake and bit him, causing Korkyt to fall ill and die. However, even though Korkyt died, the melodies of his kobyz, which he had played for a long time, did not cease. Korkyt's grave stands on a hill eighteen kilometers from Karmakshy, on the banks of the Syr Darya. His kobyz was placed alongside that grave, and it began to play a mournful tune on its own, as if listening to Korkyt himself. The sorrowful voice of "Korkyt, Korkyt" never ceased for those who passed by. All the people who listened to Korkyt, all the singers and musicians, learned to play songs and melodies from Korkyt, and he crafted the first kobyz.