Қожа Ахмет пен Арыстан бап (ІІ нұсқа)

Қазіреті Расул Алла қазіреті Арслан бапқа бір құрма беріп айтқан: – Миғраж кезінде мәлім болды. Меккеден Мәдинаға хижрат жасалғаннан соң, Фатима перзенті имам Хасан нәсілінен соң және екінші халифа Омар ұрпағынан соң және менің үшінші халифам қазіреті Осман зүрриятынан және менің өзім некелеген перзентім ішінен менің т...

Қазақша
Қожа Ахмет пен Арыстан бап (ІІ нұсқа)
Қазіреті Расул Алла қазіреті Арслан бапқа бір құрма беріп айтқан: – Миғраж кезінде мәлім болды. Меккеден Мәдинаға хижрат жасалғаннан соң, Фатима перзенті имам Хасан нәсілінен соң және екінші халифа Омар ұрпағынан соң және менің үшінші халифам қазіреті Осман зүрриятынан және менің өзім некелеген перзентім ішінен менің төртінші халифам қазіреті Әли перзенті имам Мұхаммед Ханафия ұрпақтарынан Сайрам қаласынан болған Қожа Ахмет атты балаға – атасы Шайық Ибраһим, анасы Тағай бибіше бибі, лақабы Қарашаш ана, қазіреті Арслан бап аталған аманатты сақтауы керек. Пайғамбар қайтыс болған кезде хабар келді: «Ей, Арслан бап, сен мұндай атақты ғалымды қалай көресің, қайтіп табасың?». Одан кейін Арслан бап Уахар Тарке деген уәлаятында тақуалықпен қырық жыл өмір кешті. Қырық жылдық қылуеттен кейін Сайрамға келді. Қазіреті Ибраһим шайықты тапты. Оның әйелін де сұрады. Одан кейін олардан: «Сендердің ұл перзенттерің бар ма?» – деп сұрады. Одан кейін шайық Ибраһим Ясауиді киіндіріп, Арслан бап алдына әкелді. Садыр шайыққа Арслан бап дуа қылды: – Сенің бұл балаң дін дүниесіне атақты болады. Сендердің назарларыңа бұл бала лайықты емес. Әкесі айтты: – Бұның жүріс-тұрысы басқа балаларға ұқсамайды. Кейде өзін топыраққа тастайды, кейде таза жүреді, кейде мектепке бармайды, кейде өзінің есін білмей жатады. Мұнда әртүрлі адам қасиеті бар. Мұның балалығының ықпалы ғажайып. Мұны есітіп Арслан бап қуанып кетті. Балалардың ойнап жатқанын көрді. Бір баланың ойнап жатқан балалардың киімінің үстінде ойнамай отырғанын көрді. Барып оған сәлем берді. Ол бала бақырды: – Ей, Баба! Қашанға дейін менің көйлегімді қарайсыз, сақтайсыз және қашанға дейін балалардың көйлектерін сақтаймын. Арслан бап айтты: – Ай, жан ботам, бұл киім Қазіретіңізге мүбәрак. Қазірет Сұлтан ал-арифин айтты: – Менің аманатымды бермедіңіз. Мен сондықтан кейде – топырақта, кейде – суда, кейде – өлең айтудамын, кейде – ғылым ізденудемін. Қазіреті Арслан бап мың ықыласпен құрманы Қазірет Сұлтан ал-арифинге берді. Қазірет Арслан бап маған да берер ме екен деп қарап тұрды. Қазірет Сұлтан ал-арифин айтты: – Құрманың тәттісін сіз жедіңіз. Маған қабығын бердіңіз. Қазірет Арслан бап жүз мың шүкірлікпен шүкір намазын оқыды. Арслан бап бұл дүниеден ол дүниеге сапар қылды.
Ағылшын
Khoja Akhmet and Arystan Bab (Version II)
The Prophet Muhammad gave a date to Hazrat Arslan Bap and said: – It was revealed during the Mi'raj. After the migration from Mecca to Medina, after the offspring of Fatima, the son of Imam Hasan, and after the descendants of the second caliph Umar, and from my third caliph Hazrat Osman’s lineage, and from my own married offspring, among my fourth caliph Hazrat Ali’s descendants, the child named Khoja Akhmet from the city of Sayram – his grandfather is Sheikh Ibrahim, his mother is Taghai Bibisha, nicknamed Karashash Ana, must keep the trust that Hazrat Arslan Bap has given. When the Prophet passed away, the news came: “O Arslan Bap, how will you find such a renowned scholar?” After that, Arslan Bap lived in the province of Wahar Tarke with piety for forty years. After forty years of seclusion, he came to Sayram. He found Hazrat Ibrahim the Sheikh. He also inquired about his wife. Then he asked them: “Do you have any male offspring?” After that, Sheikh Ibrahim dressed Yasawi and brought him before Arslan Bap. Arslan Bap prayed for Sadyr Sheikh: – This child of yours will become famous in the world of religion. This child is not worthy of your attention. His father said: – His behavior is unlike other children. Sometimes he throws himself on the ground, sometimes he stays clean, sometimes he doesn’t go to school, sometimes he lies down without knowing himself. There are various human qualities here. The influence of his childhood is miraculous. Hearing this, Arslan Bap became joyful. He saw the children playing. He noticed one child who was not playing on the clothes of the other children. He went and greeted him. That child shouted: – O Baba! Until when will you look after my dress, keep it, and until when will I keep the children’s clothes? Arslan Bap said: – Oh, my dear child, this garment is blessed for Your Holiness. Hazrat Sultan al-Arifin said: – You did not give me my trust. That is why sometimes I am – in the soil, sometimes – in the water, sometimes – singing poetry, sometimes – seeking knowledge. Hazrat Arslan Bap gave the date to Hazrat Sultan al-Arifin with a thousand intentions. Hazrat Arslan Bap looked to see if he would give me as well. Hazrat Sultan al-Arifin said: – You ate the sweet part of the date. You gave me the skin. Hazrat Arslan Bap performed the prayer of gratitude with a hundred thousand thanks. Arslan Bap made the journey from this world to the next.