Зеңгі баба

Зеңгі баба сиыр ішіндегі бұзаудың түр-түсін нақтап айтатын, жаңылмай табатын көріпкел, әулие болыпты. Оның өмірлік қосағы Әнуар ананың да іштегі бұзаудың қаңдай екенін ажырата алатын сыншылық қасиеті бар екен. Бірде зайыбы ерінен: – Мен сіздің әулиелік ісіңізге ортақпын ба? Сауапқа серікпін бе? – деп сұрапты. Зеңгі оға...

Қазақша
Зеңгі баба
Зеңгі баба сиыр ішіндегі бұзаудың түр-түсін нақтап айтатын, жаңылмай табатын көріпкел, әулие болыпты. Оның өмірлік қосағы Әнуар ананың да іштегі бұзаудың қаңдай екенін ажырата алатын сыншылық қасиеті бар екен. Бірде зайыбы ерінен: – Мен сіздің әулиелік ісіңізге ортақпын ба? Сауапқа серікпін бе? – деп сұрапты. Зеңгі оған қарап; – Сен сауапқа серік бола алмайсың. Өзім тақуамын, сондай таза ісіммен әулиелікке иемін. Бұл қасиет өзімнен, оған сен ортақ емессің, – депті. Әнуар ана ері Зеңгіні ерекше ықыласымен күтіп, ас-ауқатын таза дайындап, қызмет етеді екен. Ол ас дайындағанда, ыдыстарды тоғыз мәрте жуып, шайқап, шаятын көрінеді. Бірде Әнуар түс мезгілінде ас дайындап жатып, ауқаттың ішінде әлдене қараң ете қалғанын көзі шалып, байқап қалады. «Бір ноқатта қара дақ бар екен ғой-ау» деп, қанша ауыстырып, іздесе де таба алмапты. «Осы арада жүр ме екен» деп шамалап, астың бір-екі шөмішін алып, төгіп тастайды. Пада бағып, ашығып, ыстық күннің астында қап-қара боп өзін күткен ерінің жай-күйін ойлап, ауқатты асыға Зеңгіге алып барады. Баба оны лезде ішіп қояды. Арада біраз уақыт өтеді. «Әлгі қараң еткен нәрсе ас ішінен алынды ма, жоқ па?» – деген күмән Әнуар ананың көңілінен кетпейді. Ол соны байқау ниетімен иіріле жатқан сиырдың шеткі біреуін қолымен нұсқай көрсетіп: – Анау сиыр қандай бұзау туады? – деп сұрайды. Сол кезде баба: – Түсі қызыл, мандайы қасқа бұзау, – деп жауап береді. Сонда жұбайы сәл езу тартып, жымиып: – Құйрығының ұшы ақ, қызыл бұзау, – депті. Уақыты жетіп, сиыр бошалап, құйрығының ұшы ақ, түсі қызыл бұзау туады. Әнуардың айтқаны тура шыққан соң Зеңгі одан: – Мен қалай жаңылдым? – деп сұрапты. – Сіздің жаңылғаныңыз, сол күні ауқаттың ішінде бір ноқатта кішкентай қара дақ кетіп, қанша іздесем де, таба алмаған едім. Сол көзіңізге перде боп тұтылып, іштегі бұзаудың құйрығы қайрылып, аяғының арасынан өтіп, мандайына тиіп жатқанын байқай алмадыңыз, – дейді жұбайы. Сол уақытта Зеңгі; – Менің әулиелік қасиетім сенің жасаған қылаусыз таза қызметіңмен байланысты болды. Егер сен тазалығыңнан сәл ғана мүлт кетсең, мен ол қасиетімнен айрылып, жарым-жартылап, толық күйде бола алмайды екенмін, – деп мойындаған екен.
Ағылшын
Zhengy Baba
Zhengy Baba was a seer and saint who could accurately describe the color and appearance of the calf inside the cow without error. His life partner, Anuar Ana, also possessed the ability to discern what kind of calf was inside. One day, his wife asked him: – Am I a part of your saintly deeds? Am I a partner in the reward? – Zhengy looked at her and replied: – You cannot be a partner in the reward. I am pious myself, and with my pure deeds, I possess saintliness. This quality comes from me; you are not a part of it. – Anuar Ana awaited her husband Zhengy with special care, preparing food cleanly and serving him. When she cooked, she would wash the dishes nine times, rinsing and cleaning them thoroughly. One day, while Anuar was preparing food during the day, she noticed something dark in the food. "There seems to be a dark spot in one of the chickpeas," she thought, but no matter how much she searched, she couldn't find it. "Is it here?" she wondered, and took one or two ladles of the food and poured it out. Thinking about her husband, who was waiting for her in the hot sun, blackened from hunger, she hurriedly took the food to Zhengy. Baba consumed it immediately. After some time, the doubt lingered in Anuar's mind: "Was that dark thing taken from the food or not?" To check, she pointed to one of the cows that was grazing: – What kind of calf will that cow give birth to? – she asked. At that moment, Baba replied: – A red calf with a white tip on its tail. – Then his wife smiled slightly and said: – A red calf with a white tip on its tail. – When the time came, the cow calved, giving birth to a red calf with a white tip on its tail. After what Anuar said came true, Zhengy asked her: – How did I go wrong? – – Your mistake was that on that day, there was a small dark spot in the food, and no matter how much I searched, I couldn't find it. That spot obscured your vision, and you couldn't see that the calf's tail was curled and touching its forehead as it passed between its legs, – his wife explained. At that moment, Zhengy acknowledged: – My saintly quality was connected to your pure and unblemished service. If you had faltered even slightly in your purity, I would have lost that quality and would not have been whole. –