Есабыз

Есабыздың жасы Оқшыдан кіші екен. Оның әулиелер, әруақтармен тілдесетін қасиеті болған көрінеді. Бір күні Оқшы ата Есабызға аян береді: «Пәниліктен бақилыққа өткенде менің қасыма кел, қатар жатамыз», – дейді. Есабыз айтады: «Сіз сұсты адамсыз, менің иім жұмсақ, тілек тілеп келгендердің көңілін жықпаймын, осы ретте қата...

Қазақша
Есабыз
Есабыздың жасы Оқшыдан кіші екен. Оның әулиелер, әруақтармен тілдесетін қасиеті болған көрінеді. Бір күні Оқшы ата Есабызға аян береді: «Пәниліктен бақилыққа өткенде менің қасыма кел, қатар жатамыз», – дейді. Есабыз айтады: «Сіз сұсты адамсыз, менің иім жұмсақ, тілек тілеп келгендердің көңілін жықпаймын, осы ретте қатар жатып, жараспай қаламыз ба деп қиналамын, әрі нағашысыз», – депті. «Қам жеме, екеуіміз тіл табысамыз, біздің атымызды атап келгендердің тілеуін Алладан бірге сұраймыз», – деп жауап қайтарыпты Оқшы ата. Содан көп ұзамай Есабыз сырқаттанады, жаз мезгілі екен. Көңілін сұрай келгендерге: – Көп ұзамай, дүниеден өтемін. Мені Оқшының жанына апарып жерлеңдер, – деген өсиет айтады. Жиналған ел-жұрт: – Оқшы ата күншілік жерде, күн болса ыстық. Сізді қалай жеткіземіз? – дейді дағдарып. Сонда Есабыз: – Мен көз жұмған күні көлік өзі келеді, қам жемеңдер, қиналмайсыңдар, – деген жауап береді. Көп ұзамай шілденің ыстығында Есабыз да дүниеден өтеді. Айтқанындай-ақ ақ сәлделі, ақ киімді, ақ түйе жетектеген бір кісі келеді. Ел-жұрт киіз үйдің керегесін табыт қылып, соның үстіне мәйітті жайғастырады. Кереге табытты түйе үстіне қойғанда байламай-ақ тұрып қалған екен. Қазашылар мәйітті алып жолға шыққанда, бір үйдің аумағындай бұлт үйіріліп, Есабыздың үстіне көлеңке болып бүкіл жол бойы ереді де жүреді. Жолға шыққандар Оқшы ата қорымына қиналмай жетіпті. Түйені шөгеріп, табытты жерге қойғаннан кейін әлгі түйелі кісі жоқ болып кетіпті. Бұл Есабыздың өзінің қасына алып келген Оқшының рухы болса керек деседі.
Ағылшын
Esabız
Esabız is younger than Oqshy. It is said that he had the ability to communicate with saints and spirits. One day, Oqshy Ata gives Esabız a revelation: "When I pass from this world to the eternal one, come to me, we will lie side by side," he says. Esabız replies: "You are a formidable person, my shoulders are soft, I do not want to disappoint those who come to make wishes, I worry that we might not get along lying side by side, and besides, you are my maternal uncle," he said. "Do not worry, we will find common ground, we will ask Allah together for the wishes of those who call our names," Oqshy Ata responds. Soon after, Esabız falls ill; it is summer. To those who come to inquire about his health, he says: "I will soon pass away. Take me and bury me next to Oqshy," he gives this instruction. The gathered people say: "Oqshy Ata is a day's journey away, and it is hot. How will we get you there?" they ask in confusion. Then Esabız replies: "On the day I close my eyes, the vehicle will come by itself, do not worry, you will not struggle," he answers. Not long after, in the heat of July, Esabız passes away. Just as he said, a man dressed in white with a white turban, wearing white clothes and leading a white camel arrives. The people place the body on the frame of the yurt, using it as a coffin. When they put the frame coffin on the camel, it stood still without being tied. As the Kazakhs set out with the body, a cloud as large as a house gathers and follows Esabız, providing shade for him all along the way. Those who set out reached Oqshy Ata's grave without difficulty. After lowering the coffin to the ground, the man with the camel disappeared. It is believed that this was the spirit of Oqshy who had come to take Esabız with him.