Аяз би

Хан тағына отырған Аяз би бұрынғы қой бағып, жалшы болып жүргендегі қырық жамау шекпені мен дода-дода түлкі тымағын хан сарайының босағасына іліп қойған екен. Кемеліне келіп, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, қақырығы қарға түспей тұрған шағында тақта отырған Аяз би, басындағы алтын тәж, астындағы алтын тақ, үстінде...

Қазақша
Аяз би
Хан тағына отырған Аяз би бұрынғы қой бағып, жалшы болып жүргендегі қырық жамау шекпені мен дода-дода түлкі тымағын хан сарайының босағасына іліп қойған екен. Кемеліне келіп, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, қақырығы қарға түспей тұрған шағында тақта отырған Аяз би, басындағы алтын тәж, астындағы алтын тақ, үстіндегі сәнді сарайға да көңілі толмай: – Дүниені түгел өзіме бағындырам, – деп аузын аша бергенде, босағадағы шекпені мен тымағына көзі түсіп кетеді. Сонда ол өзіне-өзі былайша тоқтау береді: Аяз әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл. Ханмын деп таспа, баймын деп аспа. Сөйтіп, Аяз би тәубеге келіп, райынан қайтқан екен.
Ағылшын
Ayaz Bi
When Aiyaz Bi ascended to the throne, he had hung his patched coat and the fox fur hat he used to wear while tending sheep and working as a laborer at the threshold of the palace. At the peak of his power, with praises for his good deeds and curses for his wrongdoings, Aiyaz Bi, sitting on the throne with a golden crown on his head and a golden throne beneath him, was not satisfied even with the luxurious palace above him. "I will conquer the whole world," he began to say, but his eyes fell on the coat and hat at the threshold. Then he gave himself this admonition: Aiyaz, know your strength, Ant, know your path. Do not boast of being a king, do not brag of being rich. Thus, Aiyaz Bi repented and changed his mind.