Ақсақ Темірдің балалық шағы және хан болуы (Құмырсқадан алған тағлымы) (І нұсқа)

Ақсақ Темір тохан әрі жас, әрі жетім, әрі ақсақ бала екен дейді. Бірақ жас болса да ол өте зерек, байқағыш, қырағы, мықты болған екен дейді. Бір күні бұзау бағатын қырық бала сапарға кетіп қалады. Өйткені олардың аяғы сау, дені сау. Ал Ақсақ Темір тохан өзі ақсақ, оларға ілесе алмай ақсалаңдап, ақырын жүріп отырып бір...

Қазақша
Ақсақ Темірдің балалық шағы және хан болуы (Құмырсқадан алған тағлымы) (І нұсқа)
Ақсақ Темір тохан әрі жас, әрі жетім, әрі ақсақ бала екен дейді. Бірақ жас болса да ол өте зерек, байқағыш, қырағы, мықты болған екен дейді. Бір күні бұзау бағатын қырық бала сапарға кетіп қалады. Өйткені олардың аяғы сау, дені сау. Ал Ақсақ Темір тохан өзі ақсақ, оларға ілесе алмай ақсалаңдап, ақырын жүріп отырып бір биік шың тастың қасына келіп отырып, бір құмырсқаның тасқа шығып бара жатқанын көреді. Байқап отырады. Бірақ құмырсқа біраз барған соң сырғып жерге түсіп қалды дейді. Құмырсқа тағы шықты, бұл жолы жаңағы барып құлаған жерінен асып, тағы да сырғып түсіп қалды дейді. Сөйтіп құмырсқа шыққан сайын өрлей, өрлей бір уақытта тастың басына шыққан екен дейді. Мұны көріп отырған Ақсақ Темір тоханға мынадай ой келеді: «Қарашы, не нәрсе болса, талаптан екен. Талап қылсаң, неге болса да жетеді екенсің. Мына құмырсқа бағана шыға алмады. Ал бұл енді «шыға алмайым» деп безген жоқ. Талаптанып бірден бірге өрлей, өрлей ақырында шың тастың басына шықты. Мен де талаптанып көрейін. Талаптансам, мен де дегеніме жетерім», – деп қорытынды жасаған екен дейді. Баяғы бұзау бағатын қырық балалар және Ақсақ Темір тохан өзі де бұзау бағады екен. Олар ылғи хан болып ойнайды екен дейді. Құмырсқадан тағлым алған Ақсақ Темір тохан оларға былай дейді: – Біз бұлай ойнамайық. Хан болу үшін былай істейік. Осы тұрған бәріміз де киімімізді шешіп тұрып, осы жерге үйіп орда жасайық. Сонсын бәлен жерден осыған бәріміз жүгірейік, жарысайық. Сонсын кім озып келсе, сол бала бізге хан болсын жәна жүгіретін жеріміз алыс болсын, – дейді. Балалар да: – Жарайды, мақұл-ақ, болсын, – деп қостай кетеді. Сонымен киімнен орда жасап, енді жарысуға келе жатыр. Жарысатын жер мен орданың арасы үш-төрт шақырым екен дейді. Бағанағы қырық бала жарысысымен-ақ алға қарай жүгіріп Ақсақ Темірден озып кеткен. Ал Ақсақ Темір тохан сол ақсалаңдап жүріп келе жатыр дейді. Бірақ жарысып кеткен балалар біраз жер жүгіргесін өкпелері өшіп, жүгіре алмай қалған екен дейді. Ақсақ Темір ақсалаңдап отырып жолдағы жүгіре алмай жатқан балалардың бірінен соң бірін тастап, енді алдында бір бала бар екен дейді. Әлгі бала мұны көре салып ордаға бар пәрменінше жүгіреді. Ақсақ Темір тохан ордаға құлаш жетер жерге келген кезде басындағы бөрігін алып лақтырып жібереді. Бөрік әлгі баладан бұрын барып ордаға түседі. Бала да жетеді. Енді Ақсақ Темір мен баланың арасында хандыққа талас туады. Ақсақ Темір: – Мен хан болам, менің басым бұрын келді, – дейді. Ал бала: – Мен хан болам, сенің бөрігің керегі жоқ. Мен аяғыммен озып келдім, – дейді. Сонымен Ақсақ Темір тохан көп баламен таласа-таласа әбден шаршап отырса, алыстан бір ақсақалды кәрия адам келе жатыр дейді. – Жүріңдер, – деді Ақсақ Темір балаларға, – ана кісі не десе, сол болсын, жарай ма? – дейді. – Жарайды, – дейді балалар, – болсын, – дейді. Балалар адамға барып сәлем етіп, соған өздерінің дауын айтып, төрелік беруін сұрайды. Бұлардың сөзін тыңдап болып ақсақал адам балаларға былай деп сұрақ қояды: – Адамның басы үлкен бе, жоқ аяғы үлкен бе? – дейді. Қырық бала шу етіп: – Басы үлкен, – дейді. – Ендеше, – дейді ақсақал, – басы үлкен болса, басы бұрын келсе, хан мынау болу керек, – дейді Ақсақ Темірді көрсетіп. Сонымен балалар ақсақалдың берген төрелігіне тоқтап, Ақсақ Темір тохан қырық балаға хан болады. Манағы өзімен таласатын баланы өзіне бас уәзір етеді. – Мен той істеймін, – деді Ақсақ Темір. – Хан болдым. Хан той істейтін. Олай болса, аман бағып жүрген бұзаудың біреуін әкеліңдер, сойыңдар! Етін асыңдар! Сөйтіп той істейік, – деп уәзірінің біріне бұйрық береді. Айтқаны орындалады. Ет жеп, өздері ойнап той жасап, бір жасайды. Сонымен қырық бала жәна ханымен шаһарға бармай, бұзауларды да апармай, бір мықты жерге тығылып жатады. Жатқан жерлерінен жол өтеді екен. Сол жолдан өткендердің қолында не болса, соны тартып ала беретін болған. Мейлі тамақ болсын, ат арба да қолдарына түседі. Не керегін тауып алады. Балалар да өсіп үлкен жігіт болады. Өздері қарулы. Сонымен Ақсақ Темір хан әлгі қырық уәзірімен әуелі өзінің шаһарын шауып, ханын өлтіріп, шаһарға өзі хан болған екен дейді. Содан былай қарай Ақсақ Темір шын мағынасындағы ел билейтін хан болған екен дейді. Ал бұрынғы қырық бала сенімді қырық уәзірі болыпты дейді.
Ағылшын
The Childhood of Timur the Lame and His Rise to Kingship (The Lesson from the Ant) (Version I)
Ak Sak Temir is said to be a lame, young, orphaned boy. However, despite his youth, he was very clever, observant, vigilant, and strong. One day, forty boys who were herding calves went on a journey. Because they were healthy and fit. But Ak Sak Temir, being lame, could not keep up with them and limped slowly until he reached a high rock. There, he saw an ant climbing up the stone. He watched closely. But after a while, the ant slipped and fell to the ground. The ant climbed again, and this time it went beyond the place where it had fallen before, but again slipped and fell. Thus, the ant kept climbing higher and higher until it finally reached the top of the stone. Seeing this, Ak Sak Temir had the following thought: "Look, whatever it is, it requires effort. If you strive, you can achieve anything. This ant couldn't climb before. But it didn't give up saying 'I can't climb.' It kept striving and eventually reached the top of the stone. I will also try to strive. If I strive, I will achieve what I want," he concluded. The forty boys who were herding calves, along with Ak Sak Temir, also herded calves. They always played as kings. Having learned from the ant, Ak Sak Temir said to them: – Let's not play like this. To be a king, let's do this. Let's all take off our clothes and pile them up here to make a yurt. Then, let's all run from a certain place to this yurt and race. Whoever arrives first will be our king, and let our running distance be far, – he said. The boys agreed: – Alright, fine, let it be, – they responded. So, they made a yurt from their clothes and were now preparing to race. The distance between the racing place and the yurt was three to four kilometers. The forty boys quickly ran ahead of Ak Sak Temir. Meanwhile, Ak Sak Temir was limping along. However, after running a bit, the boys who had raced ahead became exhausted and could no longer run. As Ak Sak Temir limped along, he passed one by one the boys who were unable to run on the road, and soon there was one boy ahead of him. As soon as that boy saw him, he ran with all his might towards the yurt. When Ak Sak Temir reached a distance where he could throw his cap, he took off his cap and threw it. The cap reached the yurt before the boy. The boy also arrived. Now a dispute arose between Ak Sak Temir and the boy over who would be king. Ak Sak Temir said: – I will be the king; my head arrived first. – The boy replied: – I will be the king; I don't need your cap. I arrived with my feet. – So, while Ak Sak Temir was arguing with the many boys, an old man with a white beard was coming from afar. – Let's go, – said Ak Sak Temir to the boys, – whatever that man says, let it be, alright? – he asked. – Alright, – the boys replied, – let it be. – The boys went to the man, greeted him, and asked him to resolve their dispute. After listening to their words, the old man asked the boys: – Is a person's head bigger or their feet? – The forty boys shouted: – The head is bigger. – Then, – said the old man, – if the head is bigger and it arrived first, this one must be the king, – pointing to Ak Sak Temir. Thus, the boys accepted the old man's judgment, and Ak Sak Temir became the king of the forty boys. He made the boy who had argued with him his chief minister. – I will hold a feast, – said Ak Sak Temir. – I have become a king. A king holds a feast. Therefore, bring one of the calves we have been raising and slaughter it! Cook the meat! Let's hold a feast, – he commanded one of his ministers. His words were carried out. They ate the meat, played, and celebrated. Thus, the forty boys and their king did not go to the city, nor did they take the calves, but instead hid in a strong place. From where they lay, a road passed by. They would snatch whatever anyone passing by had in their hands, whether it was food or a cart. They would find whatever they needed. The boys grew up to be strong young men. Eventually, Ak Sak Temir, along with his forty ministers, first raided his own city, killed its king, and became the king of the city himself. From then on, Ak Sak Temir became a true ruler of the people. The former forty boys became his trusted forty ministers.