Ақсақ Темір

Тұранның даңқы әлемге тараған әмірі Ақсақ Темір қалың қолмен жырақтағы жауға аттанып бара жатып Түркістан шаһарына соғыпты. Алыс жолдан арып-ашқан әскері демалуға үй-үйге бөліне бастапты. Ақсақ Темірдің өзі бір оқшау үйде оңаша қонып отырғанда, үй иесі кемпір оның алдына табақпен бидай көже әкеледі. Қарны ашып келген Т...

Қазақша
Ақсақ Темір
Тұранның даңқы әлемге тараған әмірі Ақсақ Темір қалың қолмен жырақтағы жауға аттанып бара жатып Түркістан шаһарына соғыпты. Алыс жолдан арып-ашқан әскері демалуға үй-үйге бөліне бастапты. Ақсақ Темірдің өзі бір оқшау үйде оңаша қонып отырғанда, үй иесі кемпір оның алдына табақпен бидай көже әкеледі. Қарны ашып келген Темір қасық толы көжені ұрттаймын деп аузын күйдіріп алып: – Шеше-ай, көжеңіз ыстық екен ғой, – депті. Сонда мейманның жер-жаһанды тітіреткен қаһарлы қолбасшы екенін білмейтін кемпір: – Әй, шырағым-ай, «көжені бетінен алады, жауды шетінен алады» дегенді естімеп пе едің, жаңа піскен бидай көжені қалқып ішпесең, аузыңды күйдірмей қайтеді, – депті. Талай ұрысты көрген тәжірибелі Темір қарапайым кемпірдің: «жауды шетінен алады» деген сөзінде соғыс өнеріне сабақ боларлық даналық жатқанын ішке түйіп қалған екен дейді.
Ағылшын
Timur the Lame
The glory of Turan, the ruler Timur, who spread his fame across the world, set off with a large army to confront a distant enemy, stopping by the city of Turkestan. His weary troops, exhausted from the long journey, began to rest in different houses. While Timur himself was staying alone in a secluded house, the hostess brought him a bowl of wheat porridge. Having arrived hungry, Timur burned his mouth trying to sip the hot porridge and said: – Oh, mother, your porridge is hot! – he exclaimed. Then the old woman, not knowing that her guest was the fierce commander who struck fear across the world, replied: – Oh, my dear, haven’t you heard the saying, “you take the porridge from the surface, and you take the enemy from the edge”? If you don’t sip the freshly made wheat porridge carefully, how can you avoid burning your mouth? – she said. It is said that the experienced Timur, who had seen many battles, took to heart the wisdom in the simple old woman’s words about “taking the enemy from the edge,” recognizing it as a lesson in the art of war.