Әмір Темірдің ел билеп тұрған кезі (І нұсқа)

Орталық қаласы Самарқан болған. Әмір Темір өте жауынгер болыпты. Бір жылда алты мемлекетті шауып алыпты, ақырында қаласын алмақшы болыпты. Сұлтан Баязит деген кісіні тізе бүктіріпті. Соғыспай көп олжамен қайтыпты. Қайтып келе жатқанда теңіздің жағасында балық аулап жүрген кедейдің он алты жасар баласын алып кетіпті. Са...

Қазақша
Әмір Темірдің ел билеп тұрған кезі (І нұсқа)
Орталық қаласы Самарқан болған. Әмір Темір өте жауынгер болыпты. Бір жылда алты мемлекетті шауып алыпты, ақырында қаласын алмақшы болыпты. Сұлтан Баязит деген кісіні тізе бүктіріпті. Соғыспай көп олжамен қайтыпты. Қайтып келе жатқанда теңіздің жағасында балық аулап жүрген кедейдің он алты жасар баласын алып кетіпті. Самарқанға келгеннен кейін үлкен той жасаған. Сол той жасап жатқан жерге жалаң аяқ, жалаң бас бір әйел келіп, Әмір Темірдің аулында тұрған уәзірлерге: – Мені босат, – депті, – Әмір Темірге жолығатын шаруам бар, алыс жолдан келем, – депті. Әмір Темір бажылдап жүрген әйелдің даусын естіп, «босат!» деп уәзірлеріне әмір етіпті. – Әмір-Темір сіз боласыз ба? – депті. – Мен болам, – депті. – Сен Әмір болсаң, маған тәжім ет, басыңды и! Әмір-Темір: – Не үшін тәжім етем? – депті. Әйел былай депті: – Жер жүзіне ғылым таратқан гректен шыққан Аристотельді тапқан кім? Ана! Құдайдан шыққан Мұхаммед пайғамбарды тапқан кім? Ана! Бір жылда алты мемлекетті өзіне бағындырып, жетінші сұлтан Баязитты тізе бүктірген кім? Мен. Сені тапқан кім? Ана! Олай болса, сол ананы құрметтеп тәжім ет! Әмір Темір басын иеді. Сонан кейін жөн сұрайды. – Сен кімсің? – Мен сіз алып кеткен баланың анасымын. Әмір Темір: – Жолшыбай қиын қыстау жерлер бар, жыртқыш аңдар бар, одан қалай өттіңіз? – Екі емшегім иіп, зар еңіреп жылап келе жатқанымда жыртқыш аңдар да, Алла да рақым етті. Алты мемлекетті жеңіп алып отырған сіз де маған рақым етерсіз. Әмір Темір данышпан әйелдің баласын беріп, көп олжамен еліне апарып салады.
Ағылшын
The time when Amir Timur ruled the country (Version I)
The central city was Samarkand. Amir Timur was very warlike. In one year, he conquered six states and finally aimed to take the city. He subdued a man named Sultan Bayazid. He returned with a lot of spoils without fighting. On his way back, he took the sixteen-year-old son of a poor man who was fishing by the sea. After arriving in Samarkand, he held a grand feast. While the feast was taking place, a woman came barefoot and bareheaded to the ministers standing in Amir Timur's courtyard and said, "Release me, I have business with Amir Timur, I have come from afar." Hearing the woman's voice, Amir Timur commanded his ministers, "Release her!" "Are you Amir Timur?" she asked. "I am," he replied. "If you are Amir, bow to me, lower your head!" Amir Timur asked, "Why should I bow?" The woman replied: "Who found Aristotle, who spread knowledge across the earth, coming from the Greeks? Me! Who found the Prophet Muhammad, sent by God? Me! Who subdued six states in one year and made the seventh Sultan Bayazid kneel? Me. Who found you? Me! Therefore, bow to that mother!" Amir Timur lowered his head. Then he asked for clarification. "Who are you?" "I am the mother of the boy you took." Amir Timur asked, "There are difficult and perilous places on the way, there are wild animals, how did you pass through?" "I came weeping and lamenting with my two breasts full, and both the wild animals and God had mercy on me. You, who have conquered six states, will also have mercy on me." Amir Timur gave the wise woman's son back and sent her home with many spoils.