Хулаку қырушы

Хулаку қырушы деген бір заман болған. Сонда бұл Хулаку қосын тартып, Ферғана заманын харап қылған. Сол жүрісінде бір шаһарды барып қамап тосады екен: – Елші жіберсін маған! – дейді екен. Елші келсе: – Мені бұл жерге кім ап келді? – дейді екен. Елші: – Сізді бұл жерге Құдай әмірі ап келді, – дейді екен. – Ендеше, сол Құ...

Қазақша
Хулаку қырушы
Хулаку қырушы деген бір заман болған. Сонда бұл Хулаку қосын тартып, Ферғана заманын харап қылған. Сол жүрісінде бір шаһарды барып қамап тосады екен: – Елші жіберсін маған! – дейді екен. Елші келсе: – Мені бұл жерге кім ап келді? – дейді екен. Елші: – Сізді бұл жерге Құдай әмірі ап келді, – дейді екен. – Ендеше, сол Құдай: «Сені өлтір де, елін қыр!» деп ап келді, – деп, елшіні өлтіріп, елін қыра бастайды екен. Бұхарай Шәріфке барып түсіпті, елшілікке баруға жан шықпапты, жан тәтті ғой. Сол уақытта Имам Қазы хан он екі жасар бала күні екен: – Елшілікке мен барайын. Маған бір нар беріңдер мінуіме, екі зор кебеже теңдеп беріңдер, бір зор теке өңгертіңдер! – депті. Нарға мініпті, екі кебежені теңдепті, текені алдына өңгеріпті. Қозы қарап жүрген балалардай қаңғып, Хулакуге барып, қарсы алдында нардан түспей тұрыпты. – Не ғып жүрген баласың? – дегенде, – Елшілікке келдім, – депті. – Еліңнің кәтталары қайда? – дегенде, – Елімізде нардан кәтта ешкім табылмады, – депті. – Қарны жуан, құрсағы құшақ билері қайда? – дегенде, – Кебежеден қарынды табылмады, – депті. – Ақсақалы қайда? – дегенде, – Мынадан сақалы артық кім бар дейсіз? – депті. – Тіл білетұғын, жауап берерлік жаны қайда? – дегенде, – Мен тіл білсем керек, жауап берсем керек! – депті. – Жарайды, олай болса, мені бұл жерге кім ап келді? – дегенде, – Сізді бұл жерге біздің бұзылған пейіліміз ап келді. Құдайымыздың қыл дегенін қылмадық, Пайғамбарымыздың әмірін алмадық! Ұрлық, зорлық, өтірік – үшеуі бізді биледі. Сонан соң: «Оларға билеткенше, өзім барып билейін!» деп сіз келдіңіз. Біздің қылығымыз орынсыз, сіздің келуіңіз орынды жұмыс, – депті. Хулаку жауабына риза болып: – Балам, қалағаныңды ал! – дегенде, – Бір өгіздің терісінің аумағындай жер берсеңіз болады, – дегенде, – Бердім, балам, бар жеріңді өлшеп ала ғой, қалғаны да маған жарар! – депті. Бала аман келген соң, халық-жұрт қуаныпты. Алған қолқасын айтқан соң: – Ай, бәрекелді! – деп, күйініште болыпты. – Тым болмаса, сондай хан: «Қалағаныңды ал!» деп, өзі айтып тұрғанда, бүтіл Бұхараның үштен бірін сұрасаң еді! – деп. – Жоқ, олай демеңдер, «Бір балаға мұнша жер немене керек?» десе, онда мен не демекпін? Бір дәу өгізді сойыңдар! Құдай тәбәрік отғылы. Хазірет Мұса кәлималла заманында сасқан, дағдарған жұртқа: «Ан тазе ахжұф абқырат» демеді ме? Соның терісінен таспа қылып, үзбестен шар айналдыра тіліңдер! Сол таспаның жеткен жерін маған байлар. Хан ғой, екі сөйлемес, уағдасынан аса алмас, – деген соң, жалма-жан жиылған көп бір дәумет өгізді сойып, терісін үзбестен таспа қылып, тартқан екен: күллі Бұхараны орауға жетті дейді. Сөйтіп, Бұхарай Шәріп Хулакуден аман қалған екен. Мұның артынан Әмір Темір Көреген сол таспаның планымен (шүленімен) қорған соқтырыпты. Сол қорған төрт бұрышты да емес, дөп-дөңгелек те емес, таспа планымен жүргізілген: қиқы-жиқы. Имам Қазы ханның өзін даруаза Мазар Шәріпке жақын жол бойына қойып, басына мешіт, медресе салдырып, басына шынар ағашын ектіріпті. Екі соқыр түбінде отырады. Бұл күнде ол зат Шәріпті «Сахып Бұхара» дейді. Бұхарай Шәріптің әмірі ол кісінің тұсынан өткенде, аттан түсіп жаяулап өтеді.
Ағылшын
Hulagu the Butcher
There was a time called Hulagu the Butcher. At that time, Hulagu marched and devastated the Fergana region. During his campaign, he would besiege a city and say: – Send me an envoy! – he would say. When the envoy arrived, he would ask: – Who brought me here? – The envoy would reply: – You were brought here by the command of God, – he would say. – Then, that God brought me here to say: "Kill you and slaughter your people!" – and he would kill the envoy and begin to slaughter the people. He went to Bukhara Sharif, and there was no spirit left to go on a mission; life is sweet. At that time, Imam Qazi Khan was a twelve-year-old boy: – Let me go on the mission. Give me a bull to ride, two large chests to carry, and a large goat to load! – he said. He mounted the bull, loaded the two chests, and carried the goat in front of him. Like children watching sheep, he wandered to Hulagu and stood before him without dismounting from the bull. – What are you doing, boy? – he asked. – I came for the mission, – he replied. – Where are the elders of your people? – he asked. – In our land, no one is larger than a bull, – he replied. – Where are the fat bellies and the big stomachs? – he asked. – No one was found with a belly larger than a chest, – he replied. – Where is the elder? – he asked. – Who has a beard longer than this? – he replied. – Where is the one who knows the language and can answer? – he asked. – If I know the language, I should answer! – he replied. – Alright, then who brought me here? – he asked. – You were brought here by our corrupted disposition. We did not do what our God commanded, nor did we heed the Prophet's orders! Theft, violence, and lies ruled us. Then you came, saying: "Rather than letting them rule, I will rule myself!" Our actions were inappropriate, and your coming is a rightful act, – he replied. Hulagu was pleased with the answer: – My child, take what you want! – he said. – If you could give me land the size of a bull's hide, that would be enough, – he replied. – I have given it, my child, measure your land, the rest will also suit me! – he said. When the boy returned safely, the people rejoiced. After he announced his request: – Oh, well done! – they said, feeling regret. – At least such a khan, while saying "Take what you want!" should have asked for a third of all Bukhara! – they lamented. – No, do not say that. If they say, "What does a boy need with so much land?" then what should I say? Slaughter a large bull! May God bless it. In the time of Hazrat Musa, when the people were confused and in distress, did he not say: "Take the pure hide and make a strap"? Make a strap from that hide and spin it without stopping! The place where that strap reaches, let the wealthy give it to me. He is a khan, he will not speak twice, he cannot go beyond his promise, – and immediately the gathered crowd slaughtered a large bull, made a strap from its hide, and it was said to be enough to encircle all of Bukhara. Thus, Bukhara Sharif was saved from Hulagu. After this, Amir Timur the Wise built a fortress using the plan (and the strap) of that hide. That fortress was neither square nor round, it was built according to the strap plan: crooked and uneven. Imam Qazi Khan himself was placed near the road to Mazar Sharif, and a mosque and madrasah were built over him, and a cedar tree was planted on top. Two blind men sit at the bottom. Today, that place is called "Sahib Bukhara." When the ruler of Bukhara Sharif passed by, he would dismount and walk.