Асан қайғының ұлы Абат

Ноғайлы Асан қайғының заманында Асан қайғыдан бір қыз келіп суал сұрапты: – Ер адам төртке шейін әйел алады. Бұл дұрыс па? – депті. Асан қайғы атамыз: – Ердің төртке шейін әйел алуы дұрыс, – дейді. Сонда қыз айтады: – Бір әйелдің төрт еркекті алуы дұрыс па? – дейді. Асан қайғы: – Дұрыс емес, – дейді. Қыз айтады: – Ерке...

Қазақша
Асан қайғының ұлы Абат
Ноғайлы Асан қайғының заманында Асан қайғыдан бір қыз келіп суал сұрапты: – Ер адам төртке шейін әйел алады. Бұл дұрыс па? – депті. Асан қайғы атамыз: – Ердің төртке шейін әйел алуы дұрыс, – дейді. Сонда қыз айтады: – Бір әйелдің төрт еркекті алуы дұрыс па? – дейді. Асан қайғы: – Дұрыс емес, – дейді. Қыз айтады: – Еркектің төрт әйел алуы дұрыс болғанда, бір әйелдің төрт еркек алуы неге дұрыс болмайды? – депті. Сонда Асан қайғы жауаптан тоқталып: – Ертең осы уақытта қайта келші, бұған жауап берсе Абат берер, – дейді. Абат – Асан қайғының жалғыз баласы екен. Абат келген соң Асан қайғы: – Бір қыз осылай деп суал сұрады, соған жауап бере алмадым, – дейді. Абат айтады: – Оған жауап беру қиын емес қой. Мен жауабын берейін, – дейді. Ертең қыздан бұрын төрт түрлі сиырды әзірлетіп қойып, қыз келген соң төрт сиырды бір шелекке саудырып болып, Абат қызға айтады: – Осы араласып, қосылып кеткен сүттің мына сүт мына сиырдікі, мына сүт мына сиырдікі деп төрт айырып берші, – депті. Қыз тұрып: – Араласып кеткен сүттің қай сиырдікі екенін қайдан білейін, – депті. Абат: – Олай болса бір әйел төрт еркек алса, онан бір бала туса, ол баланы төрт еркектің қайсысының баласы деп айтуға болады. Әлбатта, болмайды. Бұ себепті біреуінің баласы болмайды. Баланың насабы біреуінен де бірікмейді. Мұның үшін әйелдің бір еркектен артық алуға дұрыс емес, – депті. Абат әрі мерген, әрі батыр, әрі ақылды, білімді болған дейді.
Ағылшын
Aсан Қайғы's son Abat
In the time of Nogai Aasan Qaygy, a girl came to Aasan Qaygy and asked: – A man can take up to four wives. Is this correct? – she said. Aasan Qaygy replied: – It is correct for a man to take up to four wives. – Then the girl said: – Is it correct for one woman to have four men? – Aasan Qaygy responded: – It is not correct. – The girl said: – If it is correct for a man to have four wives, then why is it not correct for one woman to have four men? – Aasan Qaygy then paused in his response and said: – Come back at this time tomorrow, and Abat will provide the answer. – Abat was Aasan Qaygy's only son. When Abat arrived, Aasan Qaygy said: – A girl asked me this question, and I couldn't answer her. – Abat said: – Answering that is not difficult. Let me provide the answer. – The next day, he prepared four different cows before the girl arrived, and when she came, he milked the four cows into one bucket and said to the girl: – Please separate this mixed milk and tell me which milk belongs to which cow. – The girl replied: – How can I know which milk belongs to which cow? – Abat said: – In that case, if one woman has four men and a child is born from them, which of the four men can we say the child belongs to? Certainly, it cannot be said. For this reason, the child cannot belong to any one of them. The lineage of the child cannot be attributed to any of them. Therefore, it is not correct for a woman to have more than one man. – It is said that Abat was skilled, brave, wise, and knowledgeable.