Асан қайғының інісі Адақ батыр (ІV нұсқа)

Адақ батырдың өмірінде жұрт таңырқарлық ерекше үш әдет болыпты. Бірінші әдеті – өзіне тән атын кім мінсе де қоймайды. Қиналғанына ренжімейді. Екінші әдеті – сыйлы қонақта, тойда, аста алдына қандай тағам қойылса да талғамай, жей береді. Үшінші әдеті – жауға қарсы жорықтарда, басқа да шабуылдарда күші басым құрулы топта...

Қазақша
Асан қайғының інісі Адақ батыр (ІV нұсқа)
Адақ батырдың өмірінде жұрт таңырқарлық ерекше үш әдет болыпты. Бірінші әдеті – өзіне тән атын кім мінсе де қоймайды. Қиналғанына ренжімейді. Екінші әдеті – сыйлы қонақта, тойда, аста алдына қандай тағам қойылса да талғамай, жей береді. Үшінші әдеті – жауға қарсы жорықтарда, басқа да шабуылдарда күші басым құрулы топтан қаймықпайды. Ел адамдары батырдың бұл әдеттерін әлденеше рет сынап байқады, бос сөз емес, шын екендігін іс жүзінде анықтады. Ақырында сондай іске әдеттенуіне не себеп болғанын батырдың өзінен сұрады. Бұл сұраққа ол тұжырымды жауап қайырды. – Бірде жалғыз өзім жазық далада келе жаттым, – деп бастады ол сөзін, – күн кешейді. Атымнан түстім де, екінді оқыдым. Намазымның екі басын оқығанда, атым жүріп кетті. Ол үшін намазымды бұзғаным жоқ, қалған екі басын оқып, артыма қарасам, атым көрінбейді. Мүлде ұзап кетіпті. Күн батып, қас қарайды. Киімшең, жаяу жүгіріп қажыдым. Маңайда тірі жан жоқ. Жапан далада жатып, тынығуға тура келді. Таңертең тағы іздедім, таба алмадым. Құлын күнінен өзім күтіп өсірген, қандай жағдайда болса да өзіме серік бола алады деп сенген атым төрт бас намазымды аяқтауыма қарамай, айдалаға қаңғытып тастап кетті. Сол опасыздыққа налыған кезімде: «атымды ешкімнен қорымаспын, кім мініп қинаса да ләм демеспін» деп серт еткенмін. Бір күн, бір түн ел таппай, жаяу сенделіп жүргенде мейлінше ашықтым да шөлдедім. Сол ауыртпалық жағдай үстінде: «бұдан былай қандай тағам кездессе де, талғамай жей беремін» деп өзіме өзім ант еткендей болғамын. Қай жерде, қандай жиында болса да алдыма қойылған асты талғамай жей беруіме – себеп осы. – Самсаған қарулы топтан қаймықпауыма да себеп болды, – деп батыр сөзін одан әрі жалғастырды. – Бір топ адам аң аулауға шықтық. Бәріміз де атқан оғымыз жерге түспейтін, шапқан қылыш, найзамыз мүлт кетпейтін мергендерміз. Кенет алдымыздан бір қоян тұра қашты. Оған оқ жұмсауды лайық көрмедік. Қоянды айнала қоршап алып, найзагерлік, қылышкерлік қабілетімізді байқалық дестік. Қоян қамауда қалды. Көзі бақырайып, әрқайсымызға жаутаң-жаутаң қарайды. Әр жақтан берілген түрткі дыбыстардан қорыққан қоян қамаудан шығып кетуге әрекет етті. Кенет маған қарай жүгіріп келді де, жанымнан секіріп кетті. Сілтегенім қате кетпейтін қылышым да, найзам да тимеді, қоян зымырап кете барды. Жолдастарым бұл мүлт кетуімді табалаған жоқ, бірақ ол өзіме ауыр соқты. Дегенмен одан мәңгі есте қаларлық қорытынды жасадым. «Қырық күн қырғын болса да, ажалды өледі» деген нақыл осындай тәжірибеден туған ғой. «Қандай ауыртпалық, қандай қатерлі жағдай кездессе де, одан қаймығып шегінбеспін» деп жолдастарым алдында серт еттім. Бұл сөздер, батырдың ерлігі, төзімділігі жұртқа ұнады.
Ағылшын
The brother of Asan Qaygy, Batyr Adaq (Version IV)
In the life of the hero Adaq, there were three remarkable habits that amazed people. The first habit was that he would not allow anyone else to ride his unique horse. He did not resent it when he faced difficulties. The second habit was that at a respected guest's gathering, celebration, or feast, he would eat whatever food was placed before him without discrimination. The third habit was that he was not afraid of a stronger armed group during raids against enemies or other attacks. The people of the land tested these habits of the hero several times and confirmed their authenticity through practical experience, not just empty words. Finally, they asked the hero himself what had caused him to develop such habits. He gave a concise answer to this question. "Once, I was walking alone in the open field," he began his story, "the sun was setting. I dismounted from my horse and performed my afternoon prayer. When I finished the first two units of my prayer, my horse wandered off. I did not break my prayer for that; I completed the remaining two units and looked back, but my horse was nowhere to be seen. It had completely run away. The sun was setting, and darkness was approaching. I was left in my clothes, running on foot, and I became exhausted. There was no one around. I had to lie down in the desolate field to rest. In the morning, I searched again but could not find it. The foal I had raised myself, which I believed would always be my companion in any situation, abandoned me in the wilderness despite my completing my four-unit prayer. At that moment of betrayal, I vowed: 'I will not be afraid of anyone taking my horse; no matter how much they torment it, I will not say a word.' While wandering for a day and a night without finding my people, I became extremely hungry and thirsty. In that difficult situation, I seemed to have sworn to myself, 'From now on, I will eat whatever food I encounter without discrimination.' This is the reason I eat without discrimination at any place or gathering. "It also became the reason I am not afraid of an armed group," the hero continued. "We set out to hunt as a group. All of us were marksmen whose arrows never missed the ground, and our swords and spears never failed. Suddenly, a rabbit dashed in front of us. We deemed it unworthy to shoot at it. We decided to surround the rabbit and showcase our skills in spear throwing and sword fighting. The rabbit was trapped. Its eyes bulged as it looked around at each of us. Frightened by the sounds of encouragement from all sides, the rabbit attempted to escape. Suddenly, it ran towards me and jumped past me. My sword, which never misses, and my spear did not hit it; the rabbit darted away. My companions did not mock my miss, but it weighed heavily on me. Nevertheless, I drew a lasting conclusion from it. The saying 'Even if there are forty days of slaughter, death will come' was born from such experiences. I vowed in front of my companions, 'No matter what hardship or dangerous situation I encounter, I will not retreat in fear.' These words, the hero's bravery and endurance, were appreciated by the people."